«Аурухана ішілік жұқпалы ауру» түсінігінің анықтамасы, пайда болу және таралу себептері.
Медициналық ұйымда болған кезеңде немесе одан шығарылғаннан кейін инкубация
лық кезең уақытында анықталған инфекциялық аурулар аурухана ішілік инфекция-
деп аталады.
АІИ жатады:
-медициналық қызметкерлер ауруханада жұмыс кезінде жұқтырып алса;
-пациент ауруханаға түсіп жұқтырса;
-ауруханадан шыққан соң бір ай ішінде инфекциялық аурумен ауырса.
АІИ-ның пайда болу және таралу себептері: Антибиотиктерді және химиопрепараттарды бақылауысыз қабылдау, бұл кезде дәрілерге төзімді микроорганизмдер қалыптасады.
Пациенттер арасында жұқпа дамуының «қауіп топтарының» көбеюі:
Медициналық көмек көрсетумен байланысты болған факторлар:
диагностика және емдеу үшін күрделі техниканы қолдану;
стационарда санитарлық –гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіп бұзылулары.
Әлеуметтік- субъективты себептер: бөлімшеде медицина қызметкерлерінің эпидемиялық жағдайды білмеуі; медицина қызметкерлерінің санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды дұрыс орындамау т.б.
Таралу механизмі: 1.Қарым-қатынастық - қоздырғыш шырыш-ты қабатқа немесе микрожарақаты бар теріге түскенде жұғады
2.Артифициалды (жасанды) механизм - қарым-қатынасты механизмінің нұсқасы болып табылады, бірақ жұғу табиғи ортада жүрмейді
3.Аэрозолды- қоздырғышты тарату қоздырғышпен дем алу арқылы жүзеге асуы мүмкін
4.Нәжіспен-ауыз арқылы - пациенттің іщегінен шыққан жұқ-паның басқа адамға ауыз арқылы (ластан-ған қол, су, топырақ, тағамдық заттар арқылы) жұғуы