Стерилизация режимдері: 1-режим - температура 180˚С, уақыты 60 мин;
1-режим (негізгі) шыны, металл: хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық құрал-саймандар және коррозияға төзімді болмаған металл саймандар үшін қолданылады.
2-режим - температура 160˚С, уақыты 150 минут. 2-режим (сақтаушы) силикон резеңке және кейбір аспаптардың бөліктері үшін арналған.
Гласперленді стерилизаторлар стоматологиялық ұйымдарда (кабинеттерде) бордың әр түрін және басқа да ұсақ құралдарды қыздырылған әйнек шарлардың ішіне толық батырып стерильдеуте қолданады. Гласперленді стерилизаторлар қыздырылған әйнек шарлардың ішіне толық батыру мүмкін емес үлкен стоматологиялық құрал-саймандарды стерильдеу үшін пайдаланбайды
5. Вакуумды жүйе көмегімен қанды алу алгоритмі. Қолданған заттарды зарарсыздандыру. Мақсаты: диагностикалық.
Қолдану көрсетілімдері: пациентті зерттеу. Асқынулар: гематома, тромбофлебит (венаның қабынуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі).
Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік веналары.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: қауіпсіз қақпағы бар екі жақтық инені, бір реттік ұстағышты, вакуумды пробиркаларды, мақта шариктерін, қолғапты, астаушаларды, тері антисептигін, бұрауды (венозды манжетаны), клеенкалы жастықшаны, бетпердені, алжапқышты, қорғаныш көзәйнекті немесе экранды, пробиркаларды тасымалдауға арналған контейнерді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі: Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. Пациенттен таңертең тамақ қабылдамағанын анықтаңыз.
Лабораторияға жолдама жазыңыз.
Пациенттің ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды тері антисептигімен суландырылған мақта шариктерімен өңдеңіз.
Көктамырды зерттеңіз. Ең көп толыған көк тамырды табыңыз.
Көктамырды толтыру үшін, пациенттен жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оны қысуын сұраңыз.
Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.
Шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді тері антисептигіне суландырған 2 мақта шариктерімен тізбектілікпен сүртіп, контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың IV және V арасында ұстаңыз.
Оң қолға жүйені алыңыз.
Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен қарай көктамырды бекітіңіз.
Пациенттің қолына байланысты ине мен ұстағышты 150бұрышпен ұстаңыз, қанағымы бойынша инені 1-1,5 см енгізіңіз.
Сол қолға ине ұстағышты ауыстырып, ал оң қолмен пробирканы ине ұстағышқа қондырыңыз, пробирка қақпақшасы кіргенге дейін, алға қарай бұрап басыңыз, ол қан ағуды қамтамасыз етіңіз.
Залалды пробиркаға қан аққан сәтте бұрауды (венозды манжетаны) шешіңіз. Қан шамасы пробиркада белгіленген дәрежесіне жеткеніне дейін және қан ағымы тоқталғанша дейін күтіңіз.
Ұстағыштан пробирканы шығарып алыңыз.
Пробирканың ішіндегі затты 8-10 рет аударып араластырыңыз, бірақ та шайқамаңыз, сілкімеңіз!
Басқа да зерттеулерге қанды алу қажет болса да, онда ұстағышқа келесі пробирканы қондырыңыз.
Қанды тасымалдауға арналған контейнерге пробирканы салыңыз.
Залалсыздандырылған мақта шаригін тамырды тескен жерге қойыңыз, венадан инені және ине ұстағыштан шығарып алыңыз.
Инъекция жасаған жерге залалды мақта шаригін салуын, пациенттен шынтақ буынынан қолды сәл бүгіп, 3-5 минутқа ұстауын сұраңыз.
пробиркаларға белгілер салыңыз.
Қанды зерттеуге алатын журналға берілген мәліметті тіркеп, контейнердегі вакуумды пробиркадағы қанды жолдамасымен лабораторияға апарыңыз.
Қорғаныш заттарды шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.