31. Азопирам реактивін дайындау. Азопирам байқауының нәтижесі.
Азопирамды реактивты дайындау: 100 мл амидопирин және 1мл тұзқышқылды анилинды құрғақ ыдыста араластырып, 1л-ге дейін 96% спиртпен араластырады. Азопирамды реактивты жабық ыдыста 4˚С температурада 2 айға дейін сақтауға болады.
Азопирамның жұмысшы ерітіндісі: азопирам реактиві және 3% сүтегінің асқын тотығына бірдей мөлшерде пипеткамен алынады. Дайындалған жұмысшы ерітіндіні 2 сағат ішінде қолдану қажет.
Азопирам байқауын жүргізу үшін күн сайын бір уақытта өңделген бұйымдардың 1 %-ын, бірақ әр партиядан кемінде 3-5 бірлікті алу қажет.
Азопирам байқауының нәтижесі
Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді:
1 минут ішінде азопирам жұмысшы ерітіндісінің түсі өзгерсе, реакция оң болады. 1 минуттан кейін байқалатын өзгерістер есептелмейді.
Қанға реакция оң болса онда тазартылған барлық топ заттар қайтадан өндеуге жатады, жуушы ерітіндіге малынған кезеңінен бастап;
Синтетикалық жуушы заттарға, зарарсыздандыру заттарына реакция оң болса, онда барлық топтағы тазартылған заттар қайтадан тазартылады, ағынды суда шайқау кезеңінен бастап;
Байқау теріс (кері) болса, реактивтің түсі өзгермейді.
32. Байқаусызда жұқпа түскен құрал-саймандармен қол саусақтарын жарақаттағанда жасалатын мейіргердің іс-әрекеті.
Достарыңызбен бөлісу: |