Аутизмі бар балалардың ерекшеліктері



Дата26.04.2023
өлшемі18,2 Kb.
#87156

АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кемістік мәселесі қазіргі балалар патопсихологиясы, психопатология, арнайы педагогика салаларында өзекті тақырып болып табылады. Кемістіктің қай түрі болса да, мейлі ол соқыр, не саңырау, не туғаннан кем ақыл болса да оның өмірге деген көзқарасы өзгеріп қана қоймай, айналасындағы адамдармен де қарым-қатынас жасауын қиындатады. Кемістік ауру адамның әлеуметтік өміріндегі мінез-құлқының ауытқуына әкеп соқтырады. Әулеттегі кеміс балаға көбірек қамқорлық көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала басындағы бақытсыздық бәрінен бұрын оның маңындағы жақын адамдардың жаңашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді. Кез келген отбасында кеміс балаға деген көзқарас оны басқа түскен масыл, не тағдыр жазасы деп санамай, қамқорлық пен мейірімділік құшағында болады. Балаға деген мұңдай қамқорлық оған жақсы әсер етіп, ол өзін басқа балалардан бөлексіткендей сезінеді. В.Г.Короленко өзінің «Соқыр музыкант» деген шығармасында соқыр баланың отбасында ерекше саналып, оның айтқандарын екі етпей бұлжытпай орындалып отыратындықтары туралы жазады.Дене кемістігі бар адам, сау адамға қарағанда, өзіне деген ерекше әлеуметтік көзқарасты қажет етеді. Табиғи кемістік адам тіршілігінде ақау туғызады, ол кәдімгі адам денесінің буынынан сүйегі тайғандай ауыр сезінеді, немесе тамақ ішуі мен зәрге отыруы қиындаған ауыр жағдайдың жанына батып, қиналуды басынан кешіреді. Табиғи кемістігн күнделікті бақылау мен рухани өмірін жүйелі түрде зерттеу нәтижелері арқылы анықталып отырады.
Аутизм- (грек тілінен autos- өзім)- адамның сыртқы дүниеден оқшауланып өзімен-өзі болып іштей сары уайымға салынған кездегі күйі. Бұл терминді 1911 жылы Э.Блейер ересек адамның ішкі эмоциялық қажеттіліктерімен реттелетін және шынацы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Ерте балалық аутизмді 1943 жылы бірінші ашып зерттеген америка психиатрі- Лео Каннер, 1949 жылы Ганс Аспергер ұқсас синдромды сипаттады. Кейде аутизмді Каннер синдромы деп те атайды. Сонымен, аутизм дегеніміз- баланың «экстремальдық» жалғыздығы, эмоционалдық байланыс пен қарым-қатынас орнату қиындығы мен әлеуметтік даму қабілетінің төмендеуі [1].
Аутизм ұғымдарының бірі "Адамның сыртқы әлеммен бытыраңқылығы" деп аталынды. Бұл ауру тек сөйлеу және ойлау сияқты психикалық қызметтерді ғана зақымдап қана қоймай, баланың әлемнің біртұтас көрінісінде қамтылады. Аутизмнің басты мәселесі адамның айналадағы болып жатқан оқиғаларды пайымдаушылығы мен түсінбеушілігінде деп айтуға болады.
Аутизм- бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеумиеттік ортамен қарым- қатынастың жоқтығын білідреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Ерте балалық аутизм психикалық джамудың зақымдалуының бір түрі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса, оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін. Ерте балалық аутизм- бұл ерекше психикалық дамудың бұзылысы. Аутизмге шалдыққан балалардың тек қана когнитивтік деңгейі төмендеп қана қоймайды, әлеуметтік өзара әрекеттесідің дамуы бұзылады. басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуі қиындайды. Балалар аутизмі – психологиялық дамудың бұзылуы, мұндай балалар адамдармен қатынасуда және әлеуметтік әрекеттестікте қиындыққа ұшырайды. Аутистік дамудың бір ерекшелігі – сөйлеу және интеллектуалдық мүмкіндіктері қалыпты болғанына қарамастан, бала бұл мүмкіндіктерін шынайы өмірде, айналасындағылармен араласқанда қолдануға асықпайды. 
Аутизм әлемдегі әрбір 10000 баланың 4-5-де кездеседі. Оның ішінде ерте балалық аутизм науқасы қыз балаларға қарағанда ұл балаларда 3-4 есе жиі кездеседі. Бұл көрсеткіштің жылдан-жылға өсу тенденциясы байқалады, әрі бұл жайдың ұлттық, нәсілдік, географиялық факторларға еш қатысы жоқ.
Аутизм симптомдары
1. Әлеуметтік әрекеттестіктің сапалық тұрғыдан бұзылуы:
- басқа адамдардың әрекеттеріне эмоциялық реакцияның немесе жағдайға қарай тиісті мінез-құлықтың болмауы;
- әлеуметтік әрекеттестік және байланыс мақсатында көзқарас, беттің мимикалық құбылуы, ым-ишара әдістерін дұрыс қолдана алмауы;
- қатарластарымен қарым-қатынас орнатып, бірге ойнай алмауы;
- басқа адамдармен араласқанда эмоционалдық, әлеуметтік тұрғыдан лайықты жауап қатпауы, ортақ мүдденің болмауы.
2. Қатынастағы сапалық ауытқулар:
- сөйлеу әдісін коммуникативтік тұрғыда қолданбауы, сөйлеуді қолданбаған жағдайда оның орнына дауыс ырғағын, ым-ишараны, мимиканы пайдаланбауға тырыспауы;
- басқалармен салыстырғанда әңгімені бастап, оны әрі қарай жалғастыруда (сөйлеу дамуының кез келген кезеңінде) қиындық көруі, сөйлеу арқылы ойын білдірудің дамып-жетілмеуі, қайталанатын, стереотипті сөйлеу әдісі;
- рөлдік және әлеуметтік тұрғыдан имитация жасайтын ойындар кезінде өзін дұрыс ұстамауы, синхрондылықтың болмауы, қатынас кезінде айналасындармен лайықты түрде әрекетке түспеуі.
3.Mінез-құлық формаларының, қызығушылықтарының және белсенділігінің шектеулі, қайталанбалы және стереотиптік болып келуі:
- Күнделікті өмірдің түрлі салаларында қатып қалған темірдей тәртіп орнатуға ұмтылуы; белгілі бір заттарға, әрекеттерге (рәсімдерге), қызығушылықтарға ерекше ден қоюы;
- стереотиптік және шектеулі әрекеттер мен қызығушылықтарға толықтай берілуі;
- моторлық стереотиптер;
- заттардың кейбір бөліктеріне, ойыншықтардың маңызды емес элементтеріне (олардың иісіне, сыртқы материалына, шығаратын дыбысына, вибрациясына) ерекше мән беруі.
Балалар аутизміне диагноз қоюдың қосымша белгілеріне үрей, ұйқының бұзылуы, дұрыс тамақ ішпей, ызақорлық және агрессивтілік, және өзіне қарсы агрессия сияқты белгілер жатады.
Балалар аутизмі кезінде сандырақтау және галлюцинация (елес) болмайды. Аутистикалық регрессия (қалыптасқан психикалық функциялар мен дағдылардың жойылуы) болды ма, әлде қазір болып жатыр ма, осыны анықтап алу қажет. Балалар аутизмі кезінде көру, есту қабілеттері де нашарлауы мүмкін [2].
Аутистік дамудың бір ерекшелігі – сөйлеу және интеллектуалдық мүмкіндіктері қалыпты болғанына қарамастан, бала бұл мүмкіндіктерін шынайы өмірде, айналасындағылармен араласқанда қолдануға асықпайды. Бала аутизмі бар балалардың барлық мүмкіндіктерін қоршаған ортада, шынайы өмірде пайдалануға ұмтылмайтындығынан көруге болады. Олардың көзінің көре тұра, көз тоқтатып қарамауы, сөйлеу тілі жетіле тұра адаммен сөйлеспеуі, ұсақ қол моторикаларының әлсіздігінен заттарды дұрыс ұстай алмауы, құлағы ести тұра, елеңдеп назар аудармауы, мимика мен ишараның болмауы сияқты әрекеттеріненпсихологиялыө дамуында бұзылыстары болады. Олар достарымен де, өзгемен де қарым-қатынас жасап, ортақ тіл табуға, достасуға тырыспайды, ойнамайды. Олар әрбір жаңа заттардан, таныс емес адамдардан қорқады [3]. 
Ерте балалық жастағы аутизмі бар балалардың негізгі 4 тобын ажыратады:
1. Баланың ерте жастан әлеуметтік белсенділігінің жоқтығы байқалады. Бала өзінің жақындарының ойнатқан, күлдірген, назарын аудармақ болған әрекеттеріне реакция жасамайды.
2. Бұл топтағы балалар белсендірек. Олар бөлектенбейді, тек қарым-қатынас жасауда талғампаздық тнытады. Өзіне ұнаған адамдарға ғана жауап береді. Олардың киім киюі, тамақ ішуі, ойнауы кезіндегі әрекеттерінде белгілі бір қалыптасқан жүйе бар. Согымен қатар, көңіл-күйлерінде қорқыныш, алаңдау, т.б. қалыптасады. Кейде агрессиялары байқалады.
3. Үшінші түрдегі балалар қоршаған ортадан бөлектену емес, одан да гөрі қызығырақ өз қиялдары әлемінде өмір сүруге ұмтылады. Бұл балалар басқалармен тіл табыса алмайды, жиі қақтығысады, басқалардың тілектерімен санаспайды. Кейде олар айлар- жылдар бойы бір ғана тақырыпта сөйлейді, бір ғана ойынды ойнайды. Қиялында мистикалық, қорқынышты, агрессивті бейнелер жасап алады. Өздерін «бандит», «бұзақылық жасаушы», «өлтіруші» бейнелеріндегі кейіпкерлер ретінде сезінеді.
4. Бұл топтағы балалар анағұрлым жеңіл формадағы ерте балалық аутизмі бар балалар. Олар өте өкпелегіш, сезімтал. Бұл балалар ересектер тарапынан берілетін эмоционалдық көмекті қажет етеді. Олар үшін ең бастысы, өзара сенім, түсіністік, қауіпсі здік атмосферасын орнату.
Жалпы алғанда ерте балалық аутизмінде психикалық даму балаларда біркелкі болмайды. Олар музыка, математика, сурет, конструкция тәрізді жеке салалардағы қабілеттілік сияқты белгілер жақсы дамыса, кәдімгі өмір сүруге қажетті дағдылар мүлдем болмауы мүмкін. Аутистік типтегі жеке тұлғаның дамуына себеп болатын патогендік факторлардың бірі жалпы өмір сүру тонусының төмендеуі болып саналады. Бұл ең алдымен белсенді, талғамды мінез-құлықты қажет ететін жағдаяттарда анық көзге түседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет