Аутоиммунные заболевания


Кейбір патогендер мен адам нәруыздарының аминқышқылдарының біріншілік тізбектерінің ұқсастығы



бет2/9
Дата15.11.2023
өлшемі5,29 Mb.
#122861
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәріс АУТОИММУНДЫҚ АУРУЛАР

Кейбір патогендер мен адам нәруыздарының аминқышқылдарының біріншілік тізбектерінің ұқсастығы


Патоген

Адам нәруызы

Сәйкес келетін біріншілік тізбектердің ұзындығы

Адам цитомегаловирусы

HLA-DR молекулсы

5 аминқышқылы

Полиомиелит вирусы

Ацетилхолинге рецептор

6 аминқышқылы

Папиллома Е2 вирусы

Инсулинге рецептор

6 аминқышқылы

Құтырыну вирусы гликопротеині

Инсулинге рецептор

6 аминқышқылы

Klebsiella pneumonia nitrogenase

HLA – В27 молекуласы

6 аминқышқылы

Аденовирус 12 Е1В

–глиадин

7 аминқышқылы

АИВ, р24

IgG тұрақты домені

8 аминқышқылы

Қызылша вирусы, Р3

Кортикотропин

7 аминқышқылы

Қызылша вирусы, Р3

миелин негізгі нәруызы

7 аминқышқылы

Иммунологиялық төзімділік

  • Белгілі бір антигенге арнайы жауаптың болмауы (ареактивтілік)
  • Аутотөзімділік - меншікті антигендерге реактивтіліктің болмауы

АутоАГ – иммундық жүйе бөгде ретінде қабылдайтын ағзаның меншікті антигендері, өзіне қарсы аутоантиденелер мен лимфоциттердің аутореактивті клондарының түзілуін тудырады

  • Ағза сенсибилизациясы
  • В-лимфоциттер клонадарының индукциясы, аутоантигенге арнайы Ig M, G, A, E синтезі және олармен байланысуы
  • Т-лимфоциттер клонадарының индукциясы
  • Лейкоциттер белсенуі (Нф, Эф)

АутоАД – ағзаның меншікті жасушалары мен тіндерінің белгілі бір АГ арнайы әсерлесетін АД

аутоантиденелер болуы ≠ аутоиммундық ауру

  • АИА аутореактивті Т- және В-лимфоциттер айқын және ұзаққа созылатын қабыну реакцияларын дамытуда жеткілікті түрде белсендірілгенде немесе шамадан тыс белсенді болғанда дамиды.

АИА жіктелуі

  • Органға арнайы аутоиммунды аурулар - иммундық жүйеден оқшауланған мүшелердің гистогематологиялық тосқауылдарының бұзылуына байланысты дамиды. Нәтижесінде иммундық жүйе осы мүшелердің өзгермеген антигендеріне қарсы шабуыл жасайды, антиденелер мен сенсибилизацияланған лимфоциттер түзеді, органдарда БЖС өзгерістер дамиды: лимфоциттермен тіндердің инфильтрациясы, паренхиманың өлуі, соңында склероз дамиды.
  • Оларға аутоиммунды тиреоидит (Хашимото ауруы), энцефаломиелит, полиневрит, шашыранды склероз, идиопатиялық аддисонов ауруы, асперматогения, симпатикалық офтальмия және т.б. жатады.

  • Органға арнайы емес аутоиммунды аурулар - жетекші факторлары иммунобиологиялық қадағалау жүйесіндегі бұзылулар болып табылады. Аутоиммунизация көптеген органдар мен тіндердің антигендеріне қатысты дамиды, оларда ЖЖС және БЖС-қа да тән өзгерістер болады.
  • Бұл топқа ЖҚЖ, РА, ЖСД, ДМ және т.б. жатқызуға болады.

  • Аралық түрдегі аутоиммунды аурулар - миастения, I типті қант диабеті, тиреотоксикоз, Шегрен синдромы, Гудпастур синдромы және т.б.

Органға арнайы және жүйелік аутоиммунды аурулардың ерекшеліктері (А.А. Ярилин, 2010)


Сипаттамасы

Органға арнайы аутоиммунды аурулар

Жүйелі аутоиммунды аурулар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет