Сабақ Бунақденелілердің қарапайым тоғышарлары. Қарапайымдыларды қолдану мүмкіндіктері



бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі20,6 Kb.
#17587
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
5-биокоргау

5-практикалық сабақ

Бунақденелілердің қарапайым тоғышарлары.


1. Қарапайымдыларды қолдану мүмкіндіктері.

2. Тоғышарлы нематодтар.
Қарапайымдылар түріне жататын бір жасушалы ағзалардың бунақденелермен байланысты 1500 аса түрі белгілі. Бірақ бунақденелермен биологиялық жолмен күресу үшін пайдалануға жарамды қарапайымдылар түрі аз, олар əлі жеткілікті зерттелмеген. Бірақ, бунақденелердің қарапайымдылармен залалдануы нəтижесінде жаппай өлуі жайлы деректер жиі кездесуде. Белгілі энтомопатогенді қарапайымдылар микроспоридий, грегарин жəне шизогрегарин отрядтарына жатады.

Қабыршақ қанаттылар (жұпсыз жібек көбелек, сақиналы жібек көбелек, американдық ақ көбелек, жүгерінің сабақ көбелегі, қырыққабаттың ақ көбелегі, қоңыр көбелегі) өкілдеріне қарапайымдылар қоздырушы аурулар белгілі. Қазіргі кезде тура қанаттыларды, қатты қанаттыларды, қос қанатты- ларды жəне қандалаларды залалдаушы түрлері табылады.

Зиянды бунақденелермен биологиялық күрес тəсілінде микроспори- диялардың келешегі мол. Олар бунақденелердің өсімталдығын төмендетеді, түлеу жəне түрленіп даму үрдістерін бұзады, жыныстар ара қатынасын өзгертеді, қыстық диапаузаның өтуіне кедергі келтіреді. Осылардың салдар- ынан созылмалы ауруларға ұшырап, əдетте популяциялардың тіршілік етуге қатерлі кезеңдерінде эпизоотиялық сипат алады жəне залалданған бунақ- денелердің көпшілігі өлімге ұшырайды.

Мысалы, Ресейде, қысқа фотопериодтық жағдайда дамитын қырыққабат ақ көбелегінің жұлдызқұрттары мен қуыршақтарының Nosema meslini Pail. микроспоридиясымен залалданғандары қыстық диапаузаға кетпей, алғашқы күзгі үсіктерде немесе ерте көктемгі жылымықтарда өлген.

Қазақстанда азиялық, марокко шегірткелеріне қарсы Nosema locusta микроспоридиясын қолдану олардың жаппай қырылуына соқтырған. Яғни, микроспоридияны биологиялық күрес тəсілінде қолданудың екі бағыты байқалады. Бірінші зиянды бунақденелерге қарсы инсектицидтерді қолданудың қажеттілігін анықтау үшін болжау, екінші микроспоридия негізінде биологиялық препарат шығару.

Паразиттік нематодтар. Нематодтар класы жұмырқұрттар түріне жатады. Олар бунақденелердің көптеген түрлерімен, аздап кенелермен де байланыста болады. Бунақденелер байланыстарына қарай нематодтарды 2 топқа: міндетсіз жəне міндетті деп бөлуге болады.



Нематодтар класы



Міндетсіз нематодтар класы

Міндетті нематодалар класы




Диплогастерид

Штейнерматид тұқымдас өкілдері



Аллантотонематид

Мермитид


Тетрадонематид өкілдері

Бірінші топқа бунақденелерді көлік ретінде, тіршілік етуге қолайлы орта ретінде, дəмдес немесе ие - бунақдене өлгеннен кейін қоректік зат көздері үшін пайдаланатын нематодтар жатады.

Міндетсіз нематодтардың ішінде паразиттік, энтомофагтық жəне некрофагтық қызмет атқаратындары маңызды. Бұларға диплогастерид жəне штейнерматид тұқымдас өкілдері жатады. Олар тірі жəне өлі иесімен қоректеніп, тіршілік етуге қабілетті. Бұл топ өкілдерінің тəжірибелік маңызы зор.

Міндетті нематодтар аз немесе өмір бойы тірі организм есебінен тіршілік етуге қабілетті болады. Бұларға алантонематид иесін қанаушы жəне өсімталдығын төмендетуші тұқымдас өкілдері, əдетте иесін ұрықсыздыққа немесе өлімге соқтырушы мермитид пен тетрадонематид тұқымдас өкіл- дері жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет