2. Би
1.Жүргізуші:
Қайырлы кеш достар! Күз патшайымы сіздерді соңғы сиқырлы сəтін, күзгі гүлдердің керемет жұпарын, жиналған жемістердің айқын да сиқырлы сұлулығын, əрине күзге тəн ойшыл жəне сонымен қатар қуанышты көңіл күй сыйлау үшін шақырды.
2.Жүргізуші:
құрметті көрермендер бүгінгі дəстүрлі Күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!
1.Жүргізуші:
Біздерде ойын сауық басталады,
Тамаша күй тартылып əн салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!
Құрметті жатақханамыздың жанашырлары мен студенттері!
Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару.
2.Жүргізуші:
Аққудай əдеміміз, сұлу жанбыз,
Əр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуымен тəн сұлуын тепе – тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратармыз, - дей отырып ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз!- дей отырып ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз. ----------------------
1.Жүргізуші:
Əділ – қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерші, кім мықты? – деп, əділ – қазы алқасымен таныстырып өтейік.
Əділ – қазылар мүшелері:
1.
2.
3.
-------------------
2.Жүргізуші:
Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,
Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.
Ендеше сайыскерлерімізге сəттілік тілеп байқау шарттарымен таныстырып өтелік
1. Таныстыру
2. Өз өнері
3. Ас-мəзірi
Сонымен алғашқы «Таныстыру» сайысымызды бастаймыз!
Ортада 1 – ші жұп! gысбаев Сұлтан - Тахауыяева Ұлболсын (1 этаж) 2 - ші жұп! Еңсепов Арсланбек - Нұрмұхаммедова Айнұр (2 этаж)
3 - ші жұп! Түлкібай Мирлан - Жоламанова Гауһар (3 этаж
(1))
4 - ші жұп! Абидисаттаров Берик - Санкибаева Ақмарал (3 этаж(2)) 5 - ші жұп! Нұрпейіс Ерсұлтан - Ахметова Ақмарал (4 этаж)
6 - шы жұп! Аққалиев Жанбатыр - Анапина Алуа (5 этаж)
1.Жүргізуші:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң текемет,
Өнеріңді көрсетші құрбыларым, қанекей,
Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, дей келе «Өз өнері» сайысын бастаймыз! Əр жұп өзінің дайындап келген өнерін ортаға салады.
Ал, əділ қазылар өнерінің бағасын беріп отырайық. Ортаға 1 - ші жұпты шақырамыз!
Ортаға 2 - ші жұпты шақырамыз!
Ортаға 3 - ші жұпты шақырамыз!
Ортаға 4 - ші жұпты шақырамыз! Ортаға 5 - ші жұпты шақырамыз! Ортаға 6 - шы жұпты шақырамыз!
2.Жүргізуші:
Көрсетер өнер əр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.
Мерекелік ас мəзірін жасапты,
Қыздарымыз бармақтары майысып.
Келесі бөліміміз «Ас-мəзірі» деп аталады. Жұптарды ас мəзірлерін əділ қазылар алқасының алдына əкелуді сұраймыз.
1.Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,
Қатысу да бір жеңіс, жаң болсаң сен ұғатын.
«Күзгі бал» байқауын қорытындылау үшін əділ қазылар алқасына аз ғана уақыт береміз!
Ендігі кезек əділ қазыларда!
---------------------------------
2.Жүргізуші:
Осылайша «Күзгі бал» сайысы өз мəресіне жетті. «Күзгі бал - 2022» байқауының жеңімпаздары
3 орын (1) :
3 орын (2) :
2 орын :
1 орын :
1.Ең бастысы жоғарыда айтып кеткенімдей біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз бүгінгі «Күзгі бал» сайысының «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» іріктеп шығару. Олай болса олар да анықталды.
«Күз ханзадасы»:
«Күз ханшайымы»:
қошеметпен ортаға шақырамыз.
1.Жүргізуші:
Тіршілік – арман, бəрімізге де орын бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,
Ұстауым менің, достарым менің
Бəрінде аман болыңдар!
Осымен «Күзгі бал» атты кешіміз аяқталды! Көріскенше, қош - сау болыңыздар!