«Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тіліндегі кемістікті логопедиялық массаж арқылы түзету»



бет1/2
Дата24.11.2023
өлшемі67,29 Kb.
#125573
түріДиплом
  1   2
Байланысты:
«Ïñèõèêàëû? äàìóû òåæåëãåí áàëàëàðäû? ñ?éëåó ò³ë³íäåã³ êåì³ñò³êò


Құрметті мемлекеттік атестаттау комиссиясының төрайымы және мүшелері. Сіздердің назарларыңызға «Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тіліндегі кемістікті логопедиялық массаж арқылы түзету» атты дипломдық жұмысымыздың негізгі нәтижелерін баяндауға рұқсат етіңіздер.
Уақыт үнемдеу мақсатында, жұмыстың пәні, нысаны мен өзектілігін оқымай кетуге рұқсат етіңіздер.
Зерттеудің мақсаты психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тіліндегі кемістікті логопедиялық массаж арқылы тузету бойынша әдістемелік нұсқауды теориялық тұрғыдан негіздеу және тәжірибелік жағынан әзірлеу.
Міндеттер - зерттеу жұмысы бойынша отандық және шетел зерттеушілерінің ғылыми-тәжірибелік еңбектеріне шолу жасау;
- психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктерін талдау;
- психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тіліндегі кемістікті логопедиялық массаж арқылы тузетудегі әдістемелік нұсқауды әзірлеу.
- психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің логопедиялық массаж арқылы түзетумен тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру
Дипломдық жұмыстың жаңалығы: әдістемелік нұсқауды психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілін түзету үшін енгізу.
Дипломдық жұмыстың гипотезасы: егер психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тіліндегі кемістіктер құрылымын мен ерекшеліктерін ескере отырып, оны логопедиялық массаж арқылы түзетуде әдістемелік нұсқау әзірленсе, және логопедиялық тәжірибесінде жоспары әрі жүйелі түрде қолданылса, онда оның нәтижелігі әлдеқайда арта түседі.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі:

  • баланың дамуы кезіндегі ойлау мен сөйлеудің өзара әрекеттесуі туралы ереже (Л.С. Выготский, А.А. Леонтьев);

  • сөйлеу мәлімдемесінің өнімі туралы психологиялық және психолингвистикалық теориялар (Л.С. Выготский, И.А. Зимняя, Т.В. Рябова);

  • логопедиялық массаж туралы әдістемелік нұсқаулар (Архипова Е.Ф.)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет