Avtocad-та жұмыс құжаттамасын ресімдеу және жинақтау


Draw (Рисование) → Rectangle



бет5/5
Дата07.01.2022
өлшемі215,71 Kb.
#20971
түріПрограмма
1   2   3   4   5
Draw (Рисование) → Rectangle (Прямоугольник)

  • Клавиатурадан (20,5) →

  • Клавиатурадан (205,292) → .

    Сонымен екі тікбұрыш тұрғыздық, біреуі (ішкі) тұтас объект болып табылады, екіншісі (сыртқы) кесінді түріндегі төрт объектіден тұрады.

    Суреттен объектіні жою. Суреттен объектілерді жоюды келесі тәсілдермен орындауға болады.



    • Объектілерді ERASE (СТЕРЕТЬ) командасымен өшіру.

    • Таңдалған объектілерді алмастыру буферіне кесіп алу қажет, мысалы: Edit (Правка) → Cut (Вырезать) немесе + пернелерінің комбинациясымен. Таңдалынған объектілер сызбадан жойылады, бірақ алмастыру буферінде сақталады. Оларды басқа Windows қосымшаларына қондыруға (вставка) болады.

    • Объектілерді таңдағаннан кейін пернесін басу қажет. Таңдалынған объектілер сызбадан жойылады..

    Кесінділерді салу және редакциялау арқылы штамптар тұрғызу. Штамптарды тұрғызуды мысалға ала отырып объектілерді редакциялайтын командалармен танысамыз. Ішкі қоршау сызықтың (рамканың) төменгі шекарасына параллель, 55 мм жоғары орналасқан горизонталь кесінді жүргіземіз. Кесіндіні жүргізу үшін, базалық нүктеден берілген қашықтыққа ығысқан нүктеге байлану командасын орындауға мүмкіндік беретін From (Смещение) режимін пайдалануға болады.

    Штамптың жоғарғы горизонталь кесіндісі келесі түрде тұрғызылуы мүмкін.



          1. Объектілік байланудың контексттік менюін шығарыңыз және одан объекті перпендикулярында Perpendicular (Нормаль) орналасқан нүктеге байлануды (привязка) таңдаңыз.

          2. Курсордың сілтемесін (указатель) ішкі қоршау сызықтың оң жақ вертикаль кесіндісіне әкеліңіз және екі кесінді түріндегі пиктограмма шыққаннан кейін тышқанның сол жақ кнопкасын шертіңіз. Штамптың горизонталь кесіндісінің екінші нүктесіне байлану жүреді.

          3. Кесінді тұрғызу командасынан шығу үшін пернесін басыңыз.

    Енді алынған кесіндіні төмен қарай аралары 5 мм болатындай етіп, 10 кесіндіге көбейтіңіз. AutoCAD-та объектілерді көбейтудің бірнеше әдістері бар. Объектілердің көшірмесін жасауға жиі қолданылатын командалар COPY (КОПИРОВАТЬ), OFFSET (ПОДОБИЕ). Біздің жағдайда кесінділерден тұратын тікбұрыш массивін көбейтетін ARRAY (МАССИВ) командасын қолданған тиімді.

    Штамптың вертикаль кесінділері бір-бірінен әртүрлі қашықтықта орналасқан, сондықтан ұқсас объектілерді тұрғызуға мүмкіндік беретін OFFSET (ПОДОБИЕ) командасын пайдаланған тиімді. Бірақ алдымен көбейтуді бастайтын сол жақтағы бірінші вертикаль сызықты тұрғызып алу қажет. Оны бірінші горизонталь сызықты тұрғызған тәртіппен тұрғызады. OFFSET (ПОДОБИЕ) командасы әрбір тұрғызылған кесіндіден ығысу қадамын бере отырып (біздің жағдайда, 23,15,10,70,5,5,55 және 17) ұқсас жаңа объектілер жасауға мүмкіндік береді.



    Штапмтың дайындамасын ERASE (СТЕРЕТЬ) объектілерді жою және TRIM (ОБРЕЗАТЬ) объектілерді кесу командаларының көмегімен редакциялау арқылы оның ақырғы кескінін аламыз. Жұмыс соңында А4 форматындағы сызбаның қоршау сызығы мен штампын сақтауға жібереміз, өйткені олардың өлшемдері стандартталған, сондықтан басқа сызуларға қолдануға болады. AutoCAD-та мұндай сызуларды шаблондар деп атайды және dwt түрінде сақталады. Шаблон түріндегі суретті сақтау SAVEAS (СОХРАНИТЬ КАК) командасымен атқарылады.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет