13
Бекеттiң алқымында бұрмасыз секциялар, ереже бойынша, екi жағынан маневрлiк
бағдаршамдармен (М7, М29) қоршалады. Бағдаршамдармен
бiрге ажыратқыш
түйiспелердi қою жүзеге асырылады. Түйiспелермен аралық пен бекеттiң қабылдап-
жөнелтуi мен басқа да жолдарынан бастап бұрмасы бар аймақтар анықталады. Кiру
бағдаршамы мен бiрiншi кiру бұрмасы арасында дербес тартымда 50 м жəне электрлiк
тартым кезiнде 300 м ұзындықпен оқшауланған телiм ескерiледi.
Бiр секцияға үш бiреулiк немесе екi қиылыстық жолға бұру тетiгiнiң
аудармаларынан артық енгiзуге болмайды. Параллель жолдардың арасындағы жолға бұру
тетiктерiнiң ауыспалары
бiр-бiрiнен оқшауланады, əйтпесе жолға бұру тетiгiнiң екеумен
де бiр уақыттағы сəйкес келетiн қозғалу мүмкiндiгi жоғалады.
Бұрмаларды секцияға қосқан кезде бiр мезетте қарама-қайшылықсыз бойынша
болатын қозғалыстарды барынша қамтамасыз ету керек.
Қабылдап-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығы бiр алқымның шығу
бағдаршамынан басқа ажыратқыш түйiспелерге дейiн анықталады, егер де басқа алқымда
шығу бағдаршамы болмаған жағдайда немесе қарама-қарсы
алқымдардың шекаралық
тiректерiнiң аралығында.
Бұрма мен бағдаршамдардың ординатасын анықтау үшiн ең қысқа қабылдап-
жөнелту жолының толық ұзындығын бiлу қажет, ол курстық жобаның тапсырмасына сай
таңдалады.
ЭО постысының осьнан жолға бұру тетiгi мен сигналдардың ординатасын, сонымен
қатар рельстердiң үлгiсiн жəне жолға бұру тетiктерiнiң ауыспаларының айқаспалы
маркасын сұлбалық жобаның жоғарысында кесте түрiнде көрсетедi.
Курстық жобада қабылданған, жолаушылар ғимаратымен электрлiк орталықтандыру
постысы бiр ордината орналасқан, сондықтан да ординат есебi ЭО постысының осьнан бiр
рет жүргiзiледi.
Бекеттегi бағдаршамдарды сигналдандыру темiржолдағы сигналдандыруы бойынша
нұсқауға сəйкес жүргiзiледi.
Достарыңызбен бөлісу: