Автоматтанған жұмыс орындарын құру теориясы


TQuery компонентімен жұмыс



бет11/14
Дата11.06.2023
өлшемі1,98 Mb.
#100577
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Диплом

2.6 TQuery компонентімен жұмыс

TQuery компоненті қасиетінің ерекшелігі реляциялық мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған арнайы тіл SQL-ді пайдалану болып табылады. Бұл тіл көмегімен программа SQL-сұраныстарды құрады, оны TQuery мәліметтер қоры машинасы BDE-ге береді. Машинада SQL құрылған интерпретаторы болады, ол сұраныста сипатталған іс-әрекеттерді орындайды.


Егер сұраныс BDE көмегімен құрылған қажет мәліметтерді мәліметтер қорынан алуды талап етсе, мәліметтер программаны іске қосу каталогінің уақытша файлы түрінде желілік кестеге салынады да, TQuery осы кестенің үстінен қарайтын болады. Уақытша кестедегі мәліметтер TDataSource делдал-компанент арқылы визуальді компаненттерге беріледі де, оларды TTable компанентінен алынған сияқты көрсетіледі. Бірақ TTable-ден айырмашылығы қолданушы оларды өзгерте алады, себебі олар анық мәліметтердің тек көшірмесі болады. Мәліметтер қорында сақталып тұрған информацияларды өзгерту үшін TQuery BDE-ге беретін арнайы сұраныстар қалыптасады. Бұл жағдайда BDE жаңаларын қалыптастырмайды, және алдында құрылған уақытша кестелерді пайдаланбайды да, тек сұраныста орындап, программаға оның нәтижесін хабарлайды. Демек мәліметтер жүйесінің модификациясы жағдайында сұраныстың программалық өзгеруін талап ету TQuery-дің TTable-ден өзгешілігін көрсетеді.
SQL-сұранысқа кейбір шектеулер қойғанда TQuery ”тірі” мәліметтер жүйесін құруы мүмкін, яғни оған енгізілген BDE өзгертулері мәліметтер қоры кестесінде TTable компоненті жасайтындай көрсетіледі.
Желілік немесе файл-серверлік мәліметтер қорымен жұмыс кезінде TQuery-дің мәліметтерге ену жылдамдығы жалпы жағдайда, TTable-ге қарағанда аз болады, себебі TQuery өзімен жұмыс кезінде уақытша кестелер құрады. Бір жағынан SQL-дің қуатты мүмкіндіктері TQuery көмегімен TTable көмегімен алынбайтын мәліметтер жүйесін қамтамасыз етеді (мысалға, мәліметтер жүйесінде мәліметтер қорының бірнеше кестелерін біріктіру). Серверлі мәліметтер қорымен жұмыс кезінде TTable-дің қажеттілігі төмендейді, себебі бұл жағдайда ол төменгі мәліметтер қорының барлық серверлердің желілік көшірмесі болатын уақытша кесте құрады, содан соң барып одан қажет мәліметтер қорын құрады. Үлкен жергілікті кестелерді құруда уақыттың көп кетуі мен күрделі мәліметтер қорын алуға қатысты TTable-дің аз мүмкіндіктері оның клиент-сервер қосымшаларымен жұмыс істеуін алып тастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет