Автоматтанған жұмыс орындарын құру теориясы



бет1/14
Дата11.06.2023
өлшемі1,98 Mb.
#100577
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

М а з м ұ н ы



Кіріспе

6

  1. Автоматтанған жұмыс орындарын құру теориясы

8

    1. ДК негізіндегі АЖО нұсқаларын таңдау

8

    1. АЖО-ның тілдік құралдары

13

    1. Автоматтанған жұмыс орнын сұрыптау

18

ІІ. Мәліметтер қоры және оны басқару


21

2.1 Мәліметтер қоры туралы түсінік


21

2.2 Мәліметтер қорын басқару жүйесі


26

2.3 SQL тілі


29

2.4 Delphi программалау ортасы

33

2.5 Delphi-де мәліметтер қорымен байланысты ұйымдастыру

38

2.6 TQuery компонентімен жұмыс

44

2.7 TDBGrid компонентін қолдану

46

III. Тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер үлестіру жұмысын автоматтандыру

52

3.1 Қосымшаны сипаттау

52

Қорытынды

58

Қолданылған әдебиеттер

59

Қосымша

60



Кіріспе

Егеменді Қазақстан өркендеген сайын қазақ елі, қазақ жері қарқынды дамып келеді. Тәуелсіз аспан астында қазақстандықтар саны сағат санап, сәт санап көбеюде. Кешегінің жалғасы, бүгінгінің болашағы, ертеңгінің көшбасшысы - жастарымыз білім алып, жұмыс істеп, елінің – жерінің көркейіп, өркендеуіне өз үлесін қосуда. Елбасымыз бұл тұрғыда барлық жағдайлар мен мүмкіндіктерді қолдан келгенше көбейтіп келеді. Осы орайда тұрғын үй мәселесі негізгілердің бірі болып табылады. Құрылыс жұмысы жанданып, қаламыз кеңейіп келеді. Жаңа үй сатып алу қазірде арман- сағым емес, әбден мүмкін нәрсе. Бұл жерде де мемлекеттің қосар үлесі зор.


Дипломдық жұмыс тақырыбы: «"Тұрғын үй" мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер үлестіру жұмысын автоматтандыру». Яғни пәтерді қолма-қол ақшаға емес, кредитке сатып алу жүйесінің жұмысын технологиялық-ақпарыттық жағынан қамтамасыз ету. Бұл жоба бойынша пәтер алушы нақтыланған тізім бойынша өзі және жанұясына қатысты барлық құжаттарды тапсырып, өтініш жазады. Өтініш қаралып, жанұя мүшелерінің санына, жалақысына байланысты балдық система бойынша берілетін пәтердегі бөлме саны, қарыз беру мерзімі есептеліп, қарыз беруші банк пен пәтер алушы арасында келісімшарт жасалады. Ол келсім шартта барлық мәселе, барлық жағдайлар қарастырылып, екіжақты қол қою арқылы расталады.
Программада пәтер алушы турасында енгізілген мәліметтер бойынша есептеулер жүргізіп, оларды мәліметтер базасында сақтау, оны қағаз бетіне басып шығару жұмысы жүргізіледі. Яғни барлық пәтералушының жеке ісі осы мәліметтер қорында сақталып, өңделеді.
Дипломдық жұмыс Delphi обьектілі бағытталған тілінде жазылған және мәліметтер қорын басқару жүйесі ретінде database desktop қосымшасы қолданылды. Қазіргі уақытта Delphi корпоративтік пайдалану үшін қолданылатын мәліметтер қоры қосымшасын құруда бірден-бір кеңінен таралған құрылғы болып есептелінеді. Delphi-де МҚ қосымшаларын өңдеуші бизнес-логика және программа интерфейсі реализациясы әдістерін таңдай алу мүмкіндігі ғана емес, МҚ-мен өзара іс-әрекет архитектурасы және мәліметтерге ену мүмкіндігі да бар. Бұл тіл визуалды бағдарламалау ортасы, бағдарламалауға тиімді және қолайлы болып табылады.
Кіріспеде дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі, мән-мақсаты, есептің қойылымы, теориялық зерттеу көздері қарастырылған. Бірінші тарауда Жұмыс орнын автоматтандыру жүйесі жөнінде жазылған. Екінші тарауда жоба құрылған орта және құру барсында қолданылған тілдер мен компоненттер толықтай сипатталған. Үшінші тарауда диплом жұмысының программасы, оның жұмыс барысы сипатталған. Қорытынды бөлімінде жобаның орындалған сатысы мен орындалған талаптары жөнінде сөз етіледі. Соңынан диплом жұмысын жасауда қолданылған әдебиеттер тізімі, суреттер, кестелер және программа листингісі тіркелген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет