Автоматтық басқару


Елдегі және шетелдегі электр энергетикасы субъектілерінің экономикалық қатынастар жүйесін бағалаңыз



бет6/8
Дата28.03.2023
өлшемі28,56 Kb.
#76668
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ЭЭ-перспектива

7. Елдегі және шетелдегі электр энергетикасы субъектілерінің экономикалық қатынастар жүйесін бағалаңыз. Қазақстанның энергетика жүйесі – электр энергиясы мен қуатын өндіру және электрмен жабдықтау жүйесі; ұлттық экономиканың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрі өнеркәсіптің басқа салаларын дамытудың басты базасы. 2022 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанда электр қуатының жаппай сөніп қалу оқиғасы орын алды. Қазақстанның Алматы, Шымкент қалалары, Жамбыл және Түркістан облыстарының бір бөлігі, Қырғызстанның Бішкек, Ош және Жалал-Абад облыстары, сонымен қатар, Өзбекстанның Ташкент, Ферғана, Сырдария, Жизақ, Самарқанд, Бұқара, Қашқадария облыстары белгілі бір уақыт жарықсыз қалды (Gazeta.ru, 2022).Электр қуатының сөнуіне байланысты Қырғызстан мен Өзбекстанның көптеген аймақтарында түрлі мәселелер туындады. Мысалы, метро қызметі тоқтап қалды, ұялы байланыс жұмыс жасамай қалды және электр сорғылары арқылы тұрғын үйлерді сумен жабдықтау мәселелері туындады (Habr.com, 2022). Электр қуатының өшуі әуежайлардың жұмысына да теріс әсер етті. Осылайша, әсіресе қыстың қақаған мезгілінде электр қуатының үзілуі ел экономикасына және өңір халқының әлеуметтік өміріне кері әсерін тигізді.Бұл мәселелердің барлығы Кеңес Одағы кезінде құрылған Орта Азияның бірыңғай электр желісінде орын алған төтенше жағдайға байланысты туындап отыр. Бұрын бұл жүйеге Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның және Түркіменстанның 83 су және жылу электр станциялары кірген (Unescap.org, 2018). Орталығы Ташкентте орналасқан бұл энергетикалық жүйе Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бірте-бірте өз беделін жоғалта бастады. Түркіменстан бұл жүйеден 2003 жылы шықса, Тәжікстан өзінің дербес энергетикалық жүйесін құруды жөн көріп, 2009 жылы ол да бұл жүйеден шықты. Алайда, 2019 жылы Өзбекстан мен Қырғызстан өз электр жүйесін толығымен, ал Қазақстан тек оңтүстік өңірін ғана Кеңес Одағы кезіндегі ортақ электр жүйесіне қосу туралы шешім қабылдады. Бұл елдер энергетикалық реформалар және электр энергиясының бірыңғай нарығын құру саласында аймақтық ынтымақтастық туралы бірлескен декларацияға қол қойды (Бурцев, 2020). Осы елдер арасындағы электр энергиясы ағыны бір елдің энергия тапшылығын екінші елдің электр энергиясының көптігі есебінен орнын толтыруға мүмкіндік бергендіктен осындай энергия жүйелерінің өзара байланысы барлық тараптар үшін экономикалық тұрғыдан тиімді екені анықталды (Хамидов, 2021). Мысалы, Өзбекстан қажет болған жағдайда Қырғызстанға артық электр энергиясын берсе, жазда сондай көлемді кері қайтарып алады (Gazeta.uz, 2021).

25 қаңтарда бірыңғай электр жүйесінде орын алған оқиғаның негізгі себептеріне келетін болсақ, мынадай жағдайлар назар аудартады. Орта Азия елдерінде электр энергиясын тұтыну жыл санап артып келе жатқаны белгілі. Электр энергиясының арзан болғандығына байланысты Қырғызстан мен Өзбекстан халқы суық ауа райында үйлерін жылыту үшін негізгі жылу жүйелеріне қосымша электр жылытқыштарын пайдаланады (Касымова, 2021). Яғни, бұл электр энергиясына сұраныстың артуына әкеледі. Осылайша, Қазақстан тарапының мәлімдеуінше, Қырғызстан мен Өзбекстанда электр энергиясына сұраныс күрт артқан және сол сұранысты қанағаттандыру үшін аталмыш мемлекеттер Бірыңғай энергетикалық жүйеге қосылған Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі электр желілерінен көп мөлшерде электр энергиясын алғандықтан осындай оқиға орын алған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет