9. ГеоЖЭС мақсатын және қолданылуын негіздеңіз. Экологиялық жағдайға зияндық әсері жоқ деп, тағы бір энергия түрін айтуға болады. Бұл жер қабатында (5метр тереңдікке дейінгі) болатын геотермалдық жылу электрстанциялары (ГеоЖЭС) жұмыс істейді. Ең қуаттылығы жоғары ГеоЖЭС (50мВт) АҚШ-та.Жалпы геотермалдық энергия қоры 200гВт шамасында, негізінде ол Тынық мұхиттың төңірегінде шоғырланған.Ресейде геотермалдық энергия қоры Камчатка, Сахалин және Курил аралдарында, жалпы қоры 2000мВт. Қазіргі кезде қуаттылығы 11мВт-қа тең екі ГеоЖЭС Камчаткада іске қосылған. Курил аралдарында және Камчаткада 300-500 метр тереңдікте судың температурасы 2000С-ге дейін жетеді.Геотермалдық энергетиканың дамуының негізгі бағыты- термалдық сулардың жылуын пайдалану немесе су сіңіретін тау жыныстарының қабатына қолданған. Суды жіберіп, осы тереңдіктегі жылуды электр энергиясына айналдыру. Тереңдіктегі жылуды пайдалану технологиясы экологиялық тұрғыдан зиянсыз. Махачкала, Омск, Кизляр, Черкаск, Тбилиси қалаларында термалды сулар тұрғындарды жылы сумен қамтамасыз етуге бағытталған.Жылы сулар қоры Қазақстанның да көптеген жерінде кездеседі. Олар үйлерді жылытуға, спорт кешендерінде, санаторийларда, т.б. жағдайларда қолдануын табуда.Тағы бір энергия көзі- биомасса. Оның құрамындағы күкірттің мөлшері 0,1%, ал күрделілігі-3-5%-тен аспайды (көмірде бұл көрсеткіштер, тиісінше, 2-3% және 10-15% тең). Беомассадан алынған газды отын ретінде пайдаланып, турбогенераторлардың көмегімен электр тоғын алу жолы басқа белгілі әдістермен бәсекелесе алады. Биомасса қалдық ретінде көп мөлшерде қант пен шарап зауыттарында борық қамысын өңдегенде шығады. Борық қамысынан қант, шарап алу дамып келе жатқан елдердің 80-де жолға қойылған. Осыған байланысты тек борық қамысын пайдалану арқылы бұл өсімдік өсетін елдерде энергияның 50%-тей мөлшерін алуды жолға қоюға болады.
10. Энергияны өндіру мен пайдаланудағы жаңа ғылыми идеялар туралы мәліметтерді жинақтаңыз. Еліміздің бас қаласы Астанада бүкіл әлем көз тіккен «EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі «Болашақ энергия» ұранымен өтті. Болашақта энергияны өндіру мен қамтамасыз ету кезінде адамзат алдынан қандай жаһандық түйткілдер шығады? Көрменің басты тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп бекерден-бекер аталмады, себебі энергия адамның тіршілік етуінің және қоғам дамуының негізін құрайтын құрамдас бөлік болып табылады. Климаттың өзгеруі – бүкіл әлем үшін ортақ проблемалардың бірі екені түсінікті болып келеді, бірақ оны шешудің келешекті тәсілдері де ғаламның кез келген нүктесінде қолжетімді. Жердегі климаттың өзгеріске ұшырауы бес негізгі қатердің пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін: ауыл шаруашылығындағы өнімділіктің төмендеуі, су тапшылығының ұлғаюы, қысылтаяң табиғи жағдайлардың көбеюі, экожүйенің бұзылуы мен аурулардың таралуы. Халықаралық энергетика агенттігінің есебіне сай, 2050 жылға таман пайдалы қазбаларға, жел энергиясына, су электр энергиясы мен ядролық энергияға қарағанда, күн энергиясы электрдың ірі көзіне айналуы ықтимал. «ЭКСПО-2017» көрмесінің «Болашақтың энергиясы» атты тақырыбын ашудың жеке ұсынысы ретінде Жапония «3E+S» формуласы бойынша қоғамның жаһандық міндеттерін шешуде өз үлесін қоса алатын жоғары технологиялы елдің әлеуетін күллі әлемге танытады. Бұл, біріншіден, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (Energy Security), экономикалық тиімділікті арттыру есебінен арзанырақ энергия алу (Economic Efficiency) үшін және бір мезгілде маңызды мәселе ретінде қауіпсіздікті (Safety) қоя отырып, қоршаған орта туралы (Environment) қамқорлық үшін максимум күш-жігер қабылдау деген сөз. Жапония бұрынғы буындардың даналығын пайдалана отырып, оны қазіргі жағдайларға икемдеген. 70-жылдардан бері Жапония бір мезетте жайлылық пен күнделікті тұрмыста ыңғайлылықты қамтамасыз ететін энергия үнемдеу технологиясын дамытып келеді. Жапония көптеген салаларда әлемдік дәрежеде энергия үнемдеу үшін амал-тәсіл жасай алды, оған жапондық инженерлердің инновацияларымен бірге, энергияны ақылмен пайдалану туралы Заңның қабылдануы да ықпалын тигізді. Жапония жер сілкінісі мен су тасқынының күші нәтижесінде орын алған АЭС апатынан сабақ алып, атом энергиясын әлем болып пайдалану үшін жаңа мақсат-міндеттерді іздестіруін жалғастырып келе жатыр. Жапонияда жанартаулар жетерлік, сол себепті мемлекет геотермальды энергияны әлемде алғашқылардың бірі болып пайдалана бастады, ал бүгінде бүкіл әлем бойынша геотермальды электр энергиясын шығару үшін қолданылатын турбиналардың 70%-ы осы елде жасалған.