Байланысты: 1 тапсырма Автотранспортные средства Есполов Д
1-тапсырма
Автомобиль классификациясы, жалпы құрылысы, негізгі
тораптары
Сұрақнама:
1. Автомобильдерді өздерінің пайдаланылуына қарай классификациялау
2. Автомобильдің жалпы құрылысын негіздеу
3. Автомобильдерді өздерінің пайдаланылуына қарай кузовтарын
анықтау
4. Двигательдің түрлерін бөліп жазу
5. Трансмиссияның түрлер атап жазыңдар
Жауап:
Автомобильдер өздерінің пайдаланылу мақсаттарына сәйкес транспорттық және арнаулы болып екіге белінеді. Транспорттық автомобильдер жүк және жолаушылар тасуға арналған. Қолданылуына қарай автомобильдің бұл тобына жүк таситын және жолаушы таситындары жатады.
Жүк автомобильдері жүк кӛтергіштігі мен кузовының түріне қарай бір-бірінен өзгеше болады.
Жолаушы автомобильдері конструкциясы мен кузовының сыйымдылығына қарай автобус және жеңіл автомобиль болып екі топқа бӛлінеді.
Автобустар жақын қашықтыққа жолаушылар таситын қалалық; жолаушыларды алыс қашыктыққа тасу үшін жабдықталған қала аралық және туристік деп аталатын үш үлгімен шығарылады.
Автобустар кузовының сыйымдылығына қарай сыйымдылығы кіші, орташа және үлкен деп үш түрге бӛлінеді.
Арнаулы автомобильдер белгілі .бір жұмысты орындай алатын тетіктермен және механизмдермен жабдықталады. Бұған санитарлык, ӛрт сӛндіретін, суаратын, қоқыс жинайтын автомобильдер, автомұнаралар мен автошеберханалар және т. б. жатады.
Автомобиль негізгі үш бөліктен — кузовтан, мотордан және шассиден тұрады.
Кузов. Автомобильдің қолданылуына карай оның кузовының құрылысы да әр түрлі болады. Жүк автомобилінің кузовына оның платформасы мен жүргізушінің кабинасы кіреді. Жеңіл автомобильдер мен автобустардың кузовы жолаушылардың жайлы отыруына ыңғайластырылып жасалады. Сондай-ақ кузовқа оның қанаттары, қаптауы, капот және тосқауыл (брызговик) жатады.
Мотор цилиндрде отынның жануынан пайда болатын жылу энергиясын айналысқа, яғни механикалық жұмысқа айналдырады.
Автомобильдің шассиі трансмиссиядан, жүріс бӛлігінен және басқарушы механизмдерден тұрады. Шасси мотордан жетекші дӛңгелектерге және автомобильдің қозғалуы мен оны басқаруға айналдыру моментін беруге арналған.
Автомобильдің қолданылуына карай оның кузовының құрылысы да әр түрлі болады. Жүк автомобилінің кузовына оның платформасы мен жүргізушінің кабинасы кіреді. Жеңіл автомобильдер мен автобустардың кузовы жолаушылардың жайлы отыруына ыңғайластырылып жасалады. Сондай-ақ кузовқа оның қанаттары, қаптауы, капот және тосқауыл (брызговик) жатады.
Двигатель деп энергияның кез – келген бір түрін тек механикалық энергияға айналдырып беретін қондырғыны айтады.Олай болса двигательдер қолданылатын энергия түріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.Олардың негізгілері жылу, электр, жел, су және т.с. түрлері.
Автомобильдерде пайдаланылатын двигательдердіңғ негізгісі – ол жылу двигательдері. Олар да өздерінің жұмыс істеу принциптеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.Мұндай жылу двигательдері көбінесе от жағатын бөлігінің орналасуына байланысты екі түрге, яғни сырттан немесе іштен жанатын двигательдер болып бөлінеді.
Автомобильдерде іштен жанатын двигательдер қолданылады.Мұндай двигательдерде отын двигатель ішінде жанып, жанған газдың температура есебінен қысымы көбейеді де двигательдің қозғалатын бөлшегін итеріп жұмыс атқарады.Осындай двигательдер көбінесе поршеньді етіп жасалады.Газ қысымы арқылы қозғалатын поршеньді итеріп, оның қозғалысы басқа механизмдер арқылы сырттағы қажетті жеріне механикалық эергия түрінде беріледі.Осыдан басқа іштей жанатын двигательдердің роторлы түрі де болады. Яғни мұнда газ қысымы арнаулы роторға орналасқан қалақшаға беріледі де, оны айналмалы қозғалысқа келтіреді.Бірақ роторлы дигательдер әлі де жетілдіруді қажет ететіндіктен, қазіргі таңдағы автоморбильдерде онша қолдау таба алған жоқ.
Сонымен, көптеген түрлі двигательдер ішіндегі, автомобильдерде көп қолдау тапқан іштен жанатын поршеньді двигательдер болып табылады.Олай болса осы оқулықта сондай двигательдердің құрылыстарыьмен ждұмыс принциптері келтіріледі.
Егер сору процесі кезінде сырттан тек ауа ғана сорылып кіріп, қысу процесінің соңында оған жанар май шашып араластырып, қызған газдың температурасы арқылы тұтандыратын болсақ, онда ондай двигательдерді дизельді двигательдер деп атайды.Ал егер жану қоспасын цилиндр сыртында орналасқан, арнаулы аспапта дайындап, сору кезінде цилиндр сыртында орналасқан, арнаулы аспапта дайындап, сору кезінде цилиндр ішіне сол дайындалған жану қоспасы толтырылып, оны арнаулы электр ұшқынымен тұтандыратын болсақ, онда оондай двигательдерді карбюраторлы двигательдер деп атайды. Автомобильдерде осы дизельді және карбюраторлы двигательдердің екі түрі қолданылады.
Трансмиссия деп двигательдің білігіндегі қуатты қозғағыш доңғалақтарға жеткізетін механизмді атайды. Осы механизмнің негізгі қызметі иінді біліктегі айналдырғыш моментті бірнеше есе көбейтіп, қозғағыш доңғалаққа жеткізу болып табылады. Себебі, тракторды жүргізу үшін оның доңғалағына үлкен күш түседі, ал сол күшті айналдырғыш момент тудырады. Двигатель білігінен ондай қажет мөлшердегі момент алынбайды, ал оны тракторды жүргізуге пайдалану үшін бірнеше есе трансмиссияның көмегімен арттырады.
Трансмиссияның көрсетілген қызметін атқару үшін әр түрлі механизмдер қолданылады. Оларды жұмыс істеу принциптеріне қарай механикалық, гидравликалық және электрлік трансмиссия деп бөледі.
Механикалық трансмиссия деп двигатель қуатын қозғаушы доңғалаққа механикалық энергия түрінде жеткізетін механизмді айтады. Ол үшін әр түрлі механикалық берілістер (тісті, белдікті, үйкелісті) қолданылады.
Гидравликалық трансмиссия трактор двигателінен берілетін қуатты сұйық қысымына айналдырады, ол доңғалақтағы гидравликалық моторға жеткізіліп, қайтадан механикалық қозғалысқа айналады. Бұл трансмиссия жұмыс істеу принциптеріне қарай гидравликалық және гидрокөлемді трансмиссиялар болып бөлінеді. Гидравликалық трансмиссияда берілетін қуат сұйықтықтың үлкен жылдамдығына айналдырылады да жұмысшы доңғалақтың қалақшаларына ұрылады. Сөйтіп өзінің энергиясын гидромоторға жеткізеді. Гидрокөлемдік трансмиссияда берілетін қуат сұйықтық қысымы арқылы жеткізіледі.
Электрлік трансмиссияда трактор двигателінің механикалық энергиясы генератордың көмегімен электр энергиясына айналдырылады да, қозғағыш доңғалақтарға орнатылған электр двигателіне жеткізіледі.
Гидравликалық және электрлік трансмиссиялар тек жеке түрінде қолданылмайды. Себебі, олардың пайдалы әсер коэффициенті, айналдыру моментін арттыру дәрежесі төмендеу болады. Сондықтан оларды механикалық трансмиссиямен қосып пайдаланады. Оларды гидромеханикалың немесе электромеханикалың трансмиссиялар деп атайды.