Автономия бір мемлекеттің шеңберіндегі жеке ұлттың саяси жағынан



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата07.10.2024
өлшемі0,5 Mb.
#147044
  1   2
Байланысты:
3 глоссарий



ГЛОССАРИЙ 
 
Автономия –
бір мемлекеттің шеңберіндегі жеке ұлттың саяси жағынан 
өзін-өзі билеуі, жеке басқарушылық

Алаш қозғалысы – 
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының
отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық күресі
Аксиома 
- нанымдылығы ақиқат (шындық) болғандықтан логикалық 
дәлелдеусіз алынатын қағида 
Аридная зона
- егіншілік тек қолдан суару арқылы ғана дамуы мүмкін, 
ылғалдылығы аз географиялық зоналардың (шөл және шөлейт) жинақтама 
атауы
Асар
– ауқымды да күрделі жұмыстарды атқаруда бірлесіп көпшіліктің 
көмегімен еш қайтарамсыз пайдалану дәстүрі.
Атпа – 
ағаш ожау тәріздес егінге су шығаратын қарапайым құрылғы 
Большевиктер
– саяси партия. 1903 жылы Ресей социал-демократиялық 
жұмысшы партиясының ІІ съезінде ұйымдастырушы мәселелерге қатысты 
тартыста В.И.Лениннің басшылығында жақтаушылар көпшілік дауыс 
алғанына байланысты осылай аталып кетеді. Марксизм идеяларымен 
қаруланған бұл партия кейін коммунистік деп аталды. 
Верста
- ескі орыс ұзындық өлшем бірлігі, 500 құлашқа немесе 1,06 км тең 
Гиперинфляция
– бағалар тез өсіп, инфляцияның шарықтап кеткен түрі 
«Тоқырау жылдары»

1965-1985 
жылдар аралығында Қазақстан 
экономикасының 
бұрынғысынша 
техникалық 
прогреске 
қабілетсіз, 
қарабайыр дамуы. Өнеркәсіп, өндіріс орындарының өнім, табыс бермей 
дағдарысқа ұшырауы
Жұт
- ауа райының аса қолайсыз құбылыстары (қуаңшылық, жерді көк мұз 
басуы, тағы да басқа) салдарынан белгілі бір аймақ тұрғындарының 
экономикалық күйзеліске ұшырауы
Девальвация

(
лат. 
de
- күшін жою; 
valeo
— мәнді, құны бар) - халықаралық 
қаржы нарығындағы, ұлттық қаржы бағамының төмендеуі, қаржы қорының 
азаюы, мемлекеттің төлейтін теңгерімі және тез арадағы сауданың 
төмендеуімен байланысты, ұлттық ақша бірлігінің тұрақты құндылығының 
заңды дәрежеде төмендеуі, құнсыздануы

Демократия – 
өкімет билігі халықтың қолында болатын құрылыс, халық
билігі.
Депортация 
(лат. 
deportatio
- шығару) — мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп 
шығару. Депортация жиі басқа бір мемлекетке шығып кеткен шетел 
азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады

Диаспора
- (гр. 
διασπορά
- шашыраңқы) - ұлттық ата-жұрты болып 
табылатын 
елден 
тысқары 
өмір 
сүретін 
халықтың 
бір 
бөлігі.
Диаспора ұлттық шығарып жіберу, геноцид қаупі және т.б. факторлар 
әсерімен пайда болады 
Дуальды оқыту жүйесі – 
теория мен тәжірибені ұштастыруға мүмкіндік 
беретін оқыту бағдарламасы.



Жаңа экономикалық саясат
– ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да 
Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін 
тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған 
әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) Х съезінде 
“әскери коммунизм”
саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшу туралы шешім 
қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық 
шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі 
азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің 
түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды 
Жатақ
- дәстүрлі қазақ қоғамындағы көшіп-қонатын күш көлігі 
болмағандықтан, үнемі қыстауда немесе қала маңында тұрып күн көрген 
кедейлердің ерекше әлеуметтік тобы. 
Жәдитшілдік –
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Ресей
империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған 
қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық қозғалыс
Жұмысшы факультеті (рабфак) – 
КСРО-да 1919–1930 жылдары ересектер-
ге арналып ашылып, жалпы білім берген оқу орындары.

Иммиграция 
- (латынша 
іm-mіgrare
– көшіп келу) – қоныстанушылық,
келімсектік, бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты 
немесе уақытша (Қазақстан заңнамасы бойынша алты айдан көп мерзімге) 
тұру үшін көшіп келуі. 
Индустрияландыру
- ел
 
өндірісін
 
өнеркәсіптік
 
арнаға
 
көшіру

халық
 
шаруашылығында
 
не
 
оның жеке
 
саласында
 
ірі
 
машиналы
 
өндіріс
 
құру

экономикадағы
 
өнеркәсіптік
 
өндірістің
 
үлесін
 
айтарлықтай
 
арттыру

Интенсивный
- тип ведения хозяйства, при котором развитие производства 
идет за счёт использования новых технологий 
Интернационализм
- идеология и политика равенства и дружбы всех народов 
независимо от национальной и расовой принадлежности, требующее 
единства действий
Ирридента
- өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда ол аумақта түрлі
себептермен өзге ел құрамына еніп, сонда қалып қойған этникалық топ.
Кадеттер 
- Конституциялық-демократиялық партия (КДП) мүшелері. 
Партия «Азаттық одаққа» мүше либералды зиялы қауым өкілдерінің тобынан 
бастау алады. Бұл «Азаттық одаққа» 1902 жылы патшалық билікке қарсы 
конституциялық жүйе енгізу мақсатында құрылған және көбіне земство 
қызметкерлерінен тұратын. 1904-1905 жылдары қозғалыс земстволық және 
қалалық қызметкерлер съездерінде кеңейтіліп, 1905 жылы 12-18 қазан 
күндері құрылтай съезде партия болып құрылды. Кадеттер 1917 жылы Ақпан 
төңкерісінде монархияны сақтап қалуға күш салса, көп ұзамай сол жылы 
болған Қазан төңкерісі кезінде республикалық жүйені жақтады. 
Қызыл отау – 
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы қыз-келін шек-
тердің сауатын ашу үшін ұйымдастырылған киіз үй
Миграция
- (лат. 
migratio
— көші-қон, қоныс аудару) — адамдардың 
(мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа 
немесе біржолата қоныс тебу процесі.


Национализациялау 
– жеке меншіктің мемлекет меншігіне немесе жер 
қоғамының, өндірістік. 

Панисламизм– 
барлық мұсылман қауымының біртұтас ислам мемлекетіне
бірігуін негіздейтін діни-саяси идеология
.
Пантүркизм 
– түркішілдік, ХХ ғасырдың басында пайда болған, Түр-
кияның қамқорлығымен түркі тілдес халықтардың бір мемлекетке бірі-
гуін көздейтін ағым

Петиция 
(лат. petitio –сұрау) – ұжымдық үндеу (талап, тілектер, өтініштер). 
Мемлекет басшысына немесе жоғары өкімет органына көпшілік атынан 
тапсырылатын жазбаша өтініш.

Прогрессивті – 
бүкіл адамзат тарихы мен қоғамның заңды түрде дамып,
алға басу үдерісі.
Репатриант 
– тарихи отанына қайтқан қандастар. 
Толеранттылық (лат. tolerantia – төзімділік, көнбістік) –
басқа ойға,
көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға 
төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиет
Экстенсивті даму жолы
– экономиканың бұрынғы техникалық негіздерін 
сақтай отырып, сандық факторлар: қосымша жұмыс күшін тарту, 
кәсіпорындардың, цехтардың, телімдердің санын, жаңа құрылыс нысандарын 
көбейту есебінен өндірістің көлемін ұлғайту тәсілі. Экстентивті даму 
жолында өндіріске ресурстар (табиғи, еңбек, материалдық ресурстар) көп 
көлемде тартылады, бірақ бұл орайда техника мен технологияда, еңбекті 
ұйымдастыруда, қызметкерлердің біліктілігінде елеулі өзгерістер болмайды.
 
Эмиграция
– өз еліндегі тұрғылықты мекенін бөтен елдегі тұр-ғылықты 
жерге айырбастау
Эрозия
- топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен 
немесе су ағынының шаюы салдарынан құнарының азаюы. Жел эрозиясы кез 
келген топырақ типінде кездесіп, жел күшімен топырақтың беткі қабатын, 
кейде өсіп тұрған өсімдігімен бірге басқа жаққа ұшырып әкетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет