Тұлғалар
Бөкейхан Әлихан (1866–1937) – XIX ғасырдың соңы – XX ға сырдың
басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайрат кер лері
қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері,
ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономия-лы
үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
Әлжанов Отыншы (1873–1918) – көрнекті қоғам қайраткерлерінің
бірі. «Алаш орда» үкіметінің мүшесі, Алаш идеясы үшін қолына қару
алып күрескен.
Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы (1937) – мемлекет және қоғам
қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, ҚР Төтенше
және Өкілетті елшісі, ғалым-түрколог.
Кекілбаев Әбіш (1939–2015) – көрнекті мемлекет және қоғам
қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері.
Гаспринский Ысмайыл (1851–1914) – белгілі түркі ағартушысы және
Ресейдің қоғам қайраткері. Өзінің бүкіл өмірін Ресей империясындағы
мұсылмандардың құқығын қорғауға арнады.
Тұрлыбаев Айдархан (1877–1937) – қоғам қайраткері, заңгер,
«Алаш» қозғалысына белсене қатысушы.
Кемеңгеров Қошмұхамбет (Қошке) (1896–1937) – алаш қайраткері,
ғалым, жазушы
Асфендиаров Санжар(1889–1938) – мемлекет және қоғам қайраткері,
медицина саласының білікті маманы, көрнекті тарихшы-ғалым. 1935 жылы
«Қазақстанның өткені деректер мен құжаттарда» атты кітабы жарық
көрді.
Ермеков Әлімхан (1891–1970) – қоғам қайраткері, «Алаш» партиясы
мен Алашорда қозғалысы жетекшілерінің бірі, математик, ұстаз, ғалым.
«Ұлы математика курсы», «Қазақ тілінің математика терминдері» (1935)
атты еңбектердің авторы
Нұртас Оңдасынов (1904–1989)– мемлекет және қоғам қайраткері.
Ол
жер гілікті ұлт кадрларын дайындауға үлкен үлес қосты. Қазақ
КСР-і Ғылым академиясы ғимаратының салдыруына қажетті қаражат
табуға көмектескен. КСРО ҒА-ның президенті В.Л. Комаровпен кездесуде
Қаныш Сәтбаевты «Қазақ КСР-і Ғылым академиясының болашақ
президенті», – деп таныстырған. Н. Оңдасынов жауапты қызметтерде
жүріп шығарма-шылықпен де айналысқан. Арабша-қазақша, парсыша-
қазақша түсіндірме сөздіктер жазған.
Қаныш
Сәтбаев
(1899–1964)
–
геолог-ғалым,
минералогия
ғылымдарының докторы, профессор, академик. Қазақ КСР Ғылым
академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР
академиясының академигі, Кеңес Одағы және Қазақстан металлогения
мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.
e-history.kz
edu.-e-history.kz
nlrk.kz
archive.president.kz
cga.kz
iie.kz
almatymuseum.kz
nationalmuseum.kz
csmrk.kz
library.kz
adyrna.kz
kk.wikipedia.org
bugin.kz
history-state.kz
akorda.kz
strategy2050.kz
edu.gov.kz
kaznpu.kz
Достарыңызбен бөлісу: |