Аягөз ауданы, Нарын ауылдық округі, Шынқожа ауылында «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» мерекесіне орай ауылдық мәдениет үйінде «Хош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтті



Дата24.04.2023
өлшемі12,71 Kb.
#86146

Аягөз ауданы, Нарын ауылдық округі, Шынқожа ауылында «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесіне орай ауылдық мәдениет үйінде «Хош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ақшалай және малдай демеушілік көрсеткен азамат пен азаматшалар: «Ардақ» шаруа қожалығының басшысы Маликов Қанат, «Еркебұлан» шаруа қожалығының басшысы Ақымжанов Ерлан, «Дидар» дүкенінің иесі Ережепов Айдын, «Қанатбек» шаруа қожалығының төрағасы Жампейсов Дәулетбек, «Болат» шаруа қожалығының төрағасы Туткабаев Рысбек, Аягөз қаласындағы жеке кәсіпкерлер: Ошакбаева Ляззат, Бутобаева Толқын. Әр көше тұрғындарының, мектеп, әкімшілік, мәдениет үйі ұжымдарының мерекелік ақ дастарханы жайылып, сахналық қойылымдары қойылып, наурыз көже таратылып, спорттық іс-шаралармен жалғасты. Атап айтқанда: асық ату, ләңгі тебу, шалма тастау, қол күрес, арқан тарту, қой көтеру сияқты ойын түрлерінен жарыстар өтті. Орын алған жеңілпаздарға мақтау қағаздары, медальдар, сыйлықтар таратылды. Барлық мерекеге ат салысқан көшелерге, ұжымдарға, дәмді наурыз көже дайындап әкелген көше тұрғындарына сый-сыйапаттар көрсетілді. Іс-шараның соңында ұлттық ат спорт ойындарын дамытып, жаңғыртып жүрген азаматтарға ауыл әкімінің алғыс хаты табысталды. Мерекелік іс-шара келесі күнгі ұлттық ат спорт ойындарымен жалғасын тапты. Тай жарысы, аударыспақ, көкпар ойындары өткізілді. Соңынан ұлттық ат спортын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарыста орын алған жүлдегерлерге мақтау қағаздары, медальдар, сыйлықтар таратылды. Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан азамат, азаматшаларға ауыл тұрғындарының атынан алғыс айтамыз!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет