Аяқтарында жеке-жеке бұлшықеттер жақсы дамыған


Аружан Аяқсыз қосмекенділер



бет2/2
Дата04.12.2022
өлшемі21,44 Kb.
#54737
1   2
Аружан

Аяқсыз қосмекенділер (лат. Apoda, Gymnophіona) – қосмекенділер класының отряды; топырақта тіршілік етуіне сәйкес аяқтары жойылғандықтан аяқсыз қосмекенділер деп аталған.[1]
Аяқсыз қосмекенділердің 3 тұқымдасының 170-ке жуық түрі Африка, Азия, Американың ылғалды тропиктік аймақтарының өзен-көл жағалауындағы ылғалы мол топырақ арасында тіршілік етеді. Дене пішіні ұзынша, жыланға ұқсас, ұзындығы 30 – 120 см, жер астында ін қазып тіршілік етуге бейімделген. Денесі сақина тәрізді қатпарлардан (400-ге дейін) тұрады, терісі жалаңаш әрі безді келеді. Омыртқасының саны 200 – 300-ге жетеді, қабырғалары, құйрығы қысқа болады. Басы денесімен тұтасып кеткен. Дабыл жарғағы, ортаңғы құлағы, көзі болмайды. Басында өскін түрінде қармалаушысы болады. Иіс сезуі жақсы дамыған. Құрлықта тіршілік етуіне сәйкес іштей ұрықтанады. Олар 5 – 30 жұмыртқа салып, кей түрі тірідей туып көбейеді. Кейбір түрінің (балықжылан, т.б.) денесі ұсақ сүйекті қабыршақтармен қапталған. Топырақ ішіндегі омыртқасыз жәндіктермен қоректенеді.

Мадина
Қосмекенділердің маңызы — басқа омыртқалыларға қарағанда, қосмекенділердің практикалық маңызы аз. Жалпы қарағанда қосмекенділер адамға пайдалы. Қос мекенділердің көпшілігі дерлік, ауыл және тоғай шаруашылықтарына зиянын тигізетін омыртқасыздарды: буынаяқтылармен, моллюскалармен қоректеніп, пайдасын тигізеді. Суда тіршілік ететіндері судағы қауіпті аурулар тарататын зиянкес насекомдардың личинкаларын жеп құртады. Мысалы, тритондар масалардың личинкаларын құртады. Құйрықсыздардың көпшілігі түнге қарай, насекомдармен қоректенетін құстар қонақтап отырғанда қорегін аулайды. Сондықтан бұлар пайдалы болып есептеледі. Ақмола облысында жүргізген бақылауында Красновидов шөптесін бақасының бір тәулікте орта есеппен 7 зиянды жәндікті (насекомдар, олардың личинкаларын, бауыр аяқты моллюскалар) жейтіні, ал 6 айдың ішінде 1200 зиянкесті жойып жіберетінін байқаған. Амфибилердің кейбір түрлері бағалы жыртқыштардың, әсіресе қара күзендердің, жанат тәрізді иттердің негізгі қорегі болып есептеледі. Бақалармен көптеген пайдалы құстар: үйректер мен тырналар т.б. қоректенеді. Үй құстардың (үйректерді) қоректендіру үшін итшабақтарды өсіру тәжірбиесі жүргізіліп отыр. Кейбір елдерде бақаның және ірі саламандралардың етін тамаққа пайдаланады. Сонымен қатар бақаны көптеген ғылми және оқу порцесінде пайдаланады. Қос мекенділердің аздап та болса зияны бар. Мысалы, балық өсіретін көлдерде жасыл бақалар балықтардың жеміне ортақ болады, балық шабақтарын жеп зиянын тигізеді. Балық шабақтарының көп жиналған жерінен ұстап, асқазанын жарып көрген бақаның ішінен ұзындығы 10-12 миллиметр болатын 30—40 балық шабағы шыққан.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет