Қазақ – орыс тіліндегі сын есімнің формасы, шырай формасы. Сын есімнің септелуі



бет2/2
Дата29.04.2023
өлшемі24,08 Kb.
#88388
1   2
Байланысты:
Сын есім

1) -ейш, -айш жұрнақтары арқылы: красивейший, тончайший т.б. Бұл жерде г, к, з, х дауыссыздарына аяқталатын сын есімдердің түбірінде г-ж, к-ч, з-ж, х-ш сияқты дыбыстардың алмасуы бар: сложно – сложнейший, близкий –ближайший т.б. Осы жұрнақтар наи- сөз алды қосымшасымен (приставка) бірге де күшейтпелі мағына білдіреді: наиближайший, наисложнейший т.б.;
2) -ш жұрнағы салыстырмалы шырай формасымен бірге күшейтпелі шырай тұлғасын да жасайды. Мысалы: низший, высший т.б.
Күшейтпелі шырайдың күрделі тұлғасы сын есімдер мен самый есімдігінің тіркесуі арқылы жасалады: самый болыиой, самый маленький т.б. Слишком, крайне, чрезвычайно, в высшей степени сияқты үстеулер арқылы да күрделі тұлға жасалады: слишком красивый, крайне неприятный т.б.
Екі тілде де сын есім субстантивтенеді. Кейбір сын есімдер кез келген контексте зат есімнің қызметін аткарады, яғни олар толық субстантивтенгендіктен, сын есімнің қызметін мүлде атқармайды. Мысалы: вселенная, гостиная, портной, жаркое, приданое, мороженое, столовая, рабочий; шешен, шебер т.б. Сын есімнің субстантивтенуі, негізінен, контекске байланысты болады. Мысалы: Үлкенді сыйлау керек. – Старших надо уважать.
Қазақ тілінде субстантивтенген сын есімдер зат есімдер сияқты көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Мысалы: қызылдар келді, қарамен ойнадым т.б. Орыс тілінде субстантивтенген сын есімдерде септік категориясы түрлі лексикалықмағына білдіреді. Мысалы: Пожертвовал самым дорогим. Не хочешь ли сладенького? Екі тілде де субстантивтенген сын есімдер сөйлемде сөйлем мүшесі бола алады. Мысалы: Ол биікке әрең шықты. – Он еле добрался до высоты.Субстантивтенген сын есімдердің негізгі мағыналары екі тілде бірдей:
а) адамның денсаулығына, кемшілігіне байланысты пайда
болған сын есімдер: соқыр – слепой, ақсақ – хромой, керең – глухой, мас – пьяный, ауру – больной т.б.
ә) адамның мінезі мен сыртқы пішінін суреттейтін сын есімдер: жас молодой, ақылсыз  глупый, батыл  смелый т.б.
б) адамның жағдайын, шығу тегін, атағын сипаттайтын сын
есімдер: жалғыз  одинокий, жұмыссыз  безработный т.б.
в) мамандық пен кызмет атауларын білдіретін сын есімдер:
тігінші – портной, қызметші әйел – горничная т.б.
г) жылқының түр-түсін білдіретін сын есімдер: шубар – чубарый, құла сұр – буланый, құла – саврасый т.б.
Бұлардан басқа орыс тілінде мекендік мағына білдіретін сын есімдер де субстантивтенеді: детская, учительская, операционная, булочная, приемнаят.б.Бұндай сын есімдер қазақ тіліне тәуелдік жалғаулы зат есім мен анықтауыш сөздің тіркесі арқылы беріледі. Мысалы: детская – балалар бөлмесі, учителъская – мұгалімдер бөлмесі, приемная – қабылдау бөлмесі, читалъня – оқу залы, булочная – нан дүкені, молочная – сүт сататын орын т.б. Орыс тілінде аралық тектегі (средний род) сын есімдер субстантивтенген жағдайда дерексіз зат есімдердің мағынасын білдіреді. Мысалы: Сейте разумное, доброе, вечное. Из малого создается великое, прекрасное т.б. Екі тілде де субстантивтенген сын есімдер тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің құрамына енеді. Мысалы: Сыпайы сырын жасырмас. Пойти на мировую, задеть за живое.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет