Қазақ – орыс тіліндегі сын есімнің формасы, шырай формасы. Сын есімнің септелуі Салғастырылып отырған тілдерде заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы сын есім деп аталады. Қазақ тілінде сын есім зат есімге тіркесіп негізгі қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске ұшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, оны анықтайтын сын есім зат есімнің тұлғасына үйлеспейді де, қиыспайды да. Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай затты сыр-сипат жағынан анықтайды, бірақ ол анықтауыш қызметін атқарып тұрғанда тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді. Ал орыс тілінде сын есім анықталатын зат есіммен бірдей өзгеріске ұшырайды, яғни көптеледі, септеледі, тек (род) категориясы бойынша өзгереді. Мысалы: каменный дом – каменные дома, каменным домам; болъшая комната т.б.
Қазақ тілінде зат есімге тән көптік, тәуелдік, септік жалғаулары зат есімнің де, сын есімнің де қызметтерін бірдей атқаратын синкретикалық омоним сөздерге қажетінше жалғана берумен қатар, белгілі бір контексте қолданылу ыңғайына қарай субстантивтенетін сын есімдерге де жалғана береді. Мысалы: Үлкенге үлкенше, кішіге кішіше кызмет ет. Сын есім мен зат есімнің тіркесі қазақ тіліне изафет тіркесі ретінде беріледі. Мысалы: морская вода – теңіз суы. Қазақ тілінде сын есім зат есіммен тіркескен жағдайда үнемі зат есімнің алдында тұрады. Мысалы: әдемі гүл. Орыс тілінде сын есім зат есімнен кейін де, оның алдында да тұра береді. Мысалы: доска ровная, ровная доска. Екі тілде де сын есім семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сапалық және қатыстық сын есім деп екі топқа топтастырылады. Сапалық сын есімдер дегеніміз мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, яғни түрі мен түсін, сыры мен сапасын, көлемі мен аумағын, дәмі мен иісін білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздер. Сапалық сын есімдер ешбір қосымша формалар жалғанбаған түбір сөздер деген пікір қалыптасқан. Бірақ А.Ысқақов кейбір түбір сөз деп қарастырып келген сын есімдер тарихи даму тұрғысынан қарағанда тиісті қосымшалар арқылы не басқа тәсілдер бойынша жасалған туынды сөздер болып келеді дейді. Мысал ретінде мына түбірлес сөздерді келтіреді: ұзын – ұзақ, үлкен – үлкейген, ащы – ашыған, момын – момақан. Орыс тілінде сын есімдердің өздеріне тән, оларды баска сөз таптарынан ерекшелейтін форманттары бар. Мысалы: большой, хороший, лучший, тяжелый т.б. Екі тілде де сапалық сын есімдерге шырай формалары тән. Мысалы: әдемі –әдемілеу – өте әдемі; красивый – красивее – очень красивый т.б.
Орыс тілінде сапалық сын есімдердің толық (полная) және ықшамдалған (краткая) тұлғалары бар, ал қазақ тіліндегі сапалық сын есімдерге ықшамдалған тұлға тән емес. Орыс тіліндегі сапалық сын есімдердің толық тұлғасына -ый, -ой, -ий, -ая, -яя, -ое, -ее жалғаулары жалғанып, көптеледі, септеледі, тек категориясы бойынша өзгереді. Ал ықшамдалған тұлға септелмейді, бірақ көптеледі, тек категориясы бойынша өзгереді, ал ер тегінде (мужской род) жалғау жалғанбайды. Сын есімнің бұл түрі сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: белый, -ая, -ое, -ые және бел, бела, бело, белы т. б. Он был оченъ красив. Она была мила. Сапалық сын есімдердің ықшамдалған тұлғасы былайша жасалады: а) толық тұлғаға тек категориясы жалғауларының жалғануы арқылы. Мысалы: полный – полна, полно т.б.; ә) кейде о-е дауыстыларының морфема жігінде алмасуы арқылы. Мысалы: близкий – близок, бойкий – боек т. б. Сөздің түбірі к дауыссызына аяқталып, ақырғы дауыссыздың алдында щипящий немесе жіңішке дауыссыз тұрса, -и жұрнағының алдында -е дауыстысы келеді. Мысалы: сильный – силен, больной – болен т.б. Ал кислый – кисел, острый – остер, светлый – светел, теплый – тепел, хитрый – хитер деген сын есімдерден басқа р, л дауыссыздарына аяқталатын сөздерде о-едауыстыларының алмасуы кездеспейді. Мысалы: добрый – добр, круглый – кругл т.б.
Орыс тіліндегі сын есімдердің кейбіреулерінде ықшамдалған тұлға жоқ. Ондай сын есімдерге мыналар жатады: а) -ск, -ов, -н жұрнақтарынан тұратын етістіктерден -л жұрнағы арқылы жасалған сын есімдер: дохлый, т. б.; ә) жан-жануарлардың түр-түсін білдіретін сын есімдер: бурый, вороной т.б.; б) күшейтпелі мағына үстейтін пре-, раз- сөз алды қосымшалары
(приставкалар) арқылы жасалған сын есімдер: предобрый, преболъшой т.б. Сын есімдердің толық тұлғасы мен ықшамдалған тұлғасының лексикалық мағынасы кейде бір-біріне сейкес келмейді. Мысалы: видный – виден, волъный – волен т.б.
Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттын я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз. Екі тілде де қатыстық сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады, яғни катыстық сын есімдер туынды сын есімдер тобына жатады. Мысалы: сулы жер – водная местность, облыстық әкімшілік –областной акимат т.б.
Бірақ қазақ тілінде кейбір қатыстық сын есімдер қосымшасыз, зат есім арқылы беріледі. Мысалы: темір қасық – железная ложка, ағаш үй –деревянный дом т.б. Бұлар тектік сын есімдер деп аталады. Өйткені олар заттың тегін (неден жасалғанын) білдіреді. Орыс тілінде кейбір қатыстық сын есімдер сапалық мағынаны да білдіре алады. Мысалы: золотое колъцо – золотая пора – золотое сердце т. б. Қазақ тілінде де осындай құбылысты байқауға болады. Мысалы: темірдей қатты ағаш – темір кереует, алтын сырға – алтын адам т.б. Сапалық сын есімдер мен қатыстық сын есімдердің тағы мынадай ерекшеліктері бар екенін айта кеткен жөн: а) сапалық сын есімдер антонимдік жұп құрай алады (жақсы – жаман, үлкен – кіші, хороший – плохой, большой – маленький), қатыстық сын есімдерде бұндай қасиет жоқ; ә) сапалық сын есімдер заттың сапасының, сынының әртүрлі реңін білдіре алады, яғни шырай жасай алады (әдемі –әдемілеу, өте әдемі, красивый – красивее – оченъ красивый). Орыс тілінде қатыстық сын есімдердің мекшіктік мағына білдіретін притяжательные деп аталатын түрі бар. Бұл сын есімдер меншіктілік мағына білдіреді, соңдықтан қазақ тіліне тәуелдік жалғаулы зат есім, изафет арқылы беріледі. Мысалы: мамино платье – шешемнің көйлегі, студенческие вечеринки – студенттердің кештері т.б. Меншіктік мағына білдіретін сын есімдер (притяжательные прилагательные) орыс тілінде зат есімдерден -ов, -ев, -ин, -нин, ий, -ья,-ье жұрнақтары арқылы жасалады. -Ин, -нин, -ое, -ее жұрнақтары арқылы жасалатын меншіктілік сын есімдер үнемі ықшамдалған тұлғада тұрады. Мысалы: мамин брат, дядина машина т.б. Егер бұл сын есімдерді толық тұлғада қолдансақ, меншіктілік мағынасын жоғалтады. Мысалы: орлиный нос, слоновая кость т.б. -Ий, -ья, -ье жұрнақтары арқылы жасалған сын есімдер көбінесе қатыстық сын есімдерге жақын мағынаны білдіреді. Мысалы: бараний жир, лисий хвост т.б. Бұл мағына қазақ тілінде изафет арқылы беріледі: құс тұмсық, қой майы, түлкінің құйрыгы, піл сүйегі. Қазақ тілінде де, орыс тілінде де сын есімдерге шырай формасы тән. Бірақ шырай формасына байланысты айырмашылықтар да баршылық. Қазақ тілінде кейбір мағынасына қарай және топтау барысында бір топқа жататын сан есімдердің кейбіреулерінің шырай формасы бар, ал кейбіреулерінде жоқ. Мысалы: әдемі – әдемілеу, қисық – қисықтау, ал соқыр, бойдақ деген сын есімдердің шырай формасы жоқ. Салғастырылып отырған тілдерде шырайдың үш түрі де кездеседі: жай шырай (положительная степень); салыстырмалы шырай (сравнительная степень); күшейтпелі шырай (превосходная степень).
Заттың белгісін, түсін (түрін), сапасын, көлемін, салмағын, аумағын, тағы басқа сондай негізгі сын-сипаттарын білдіретін сапалық сын есім жай шырай (положительная степень) деп аталады. Жай шырай формасы шырайлардың баска түрлерін мағына жағынан да, форма жағынан да салыстыратын негізгі форма болып саналады. Мысалы: жылы үй (теплый дом), әсем сурет (прекрасный портрет) т.б. Салыстырмалы шырай (сравнительная степень) бір заттың сынын екінші заттың сынына салыстырып, сол салыстырылатын белгілердің бір-бірінен не кем, не артық екенін білдіреді. Салыстырмалы шырай тұлғасы, негізінен, жұрнақтар арқылы жасалады. Қазақ тілінде салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтар төмендегідей: -рақ, -рек; -ырақ, -ірек: көгірек, жасылырақ т.б.; -лау, -леу; -дау, -деу; -тау, -теу: үлкендеу (бірақ үлкенірек), қаттылау (қатқыл, сонда «қыл» мен «лау» синонимдес болып шығады); -қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -тым, -шыл, -шіл, -қай, -аң, -ғыш: дымқыл, көкшіл, сарғыш т.б. Мынадай тұлға да кездеседі: қызғылтым, ашқылтым. Орыс тілінде салыстырмалы шырай (сравнительная степень) мына жұрнақтар аркылы жасалады: -ее, -ей: красивее, прекрасней т.б.; -е, -ше: реже, болъше т.б. Бұл жерде -е жұрнағы арқылы салыстырмалы шырай жасау барысында г, к, х, д, т, ст дауыссыздарына аяқталған сын есімдерде к-ч, г-ж, х-ш, д-ж, т-ч, ст-щ дауыссыздарының алмасуы байқалады. Кейбір сын есімдерде к жұрнағы түсіп қалады да, дауыссыз дыбыстардың алмасуы орын алады. Мысалы: гладкий – глаже, жидкий – жиже т.б. -оват, -еват жұрнақтары арқылы: желтоватый, синеватый т.б.
Салыстырмалы шырайдың жасалу барысында мынадай да ерекшеліктер байқалады:
1. Салыстырмалы шырай басқа түбірден жасалады, Мысалы: хороший – лучше, маленький – меныие т.б. Бұл құбылыс супплетивизм деп аталады.
2. Бір сын есімнен екі тәсіл арқылы салыстырмалы шырай жасауға болады. Мысалы: поздний – позднее, позже, далекий – далее, дальше. Бұны ерекшелік деп атауға болмайтын сияқты, өйткені қазақ тілінде де екі тәсіл арқылы бір сын есімнен салыстырмалы шырай жасалады. Мысалы: көктеу – көгірек, қаттылау – қаттырақ т.б.
3. -ш, -ий жұрнақтары арқылы жасалған кейбір сын есімдер бірнеше мағына білдіреді. Мысалы: лучший –салыстырмалы мағынаны да, күшейтпелі мағынаны да білдіреді.
Орыс тілінде салыстырмалы шырайдың күрделі формасы да бар. Олар сапалық сын есімдердің более, менее сөздерімен тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: более твердый, менее жесткий т.б.
Екі тілде де сын есімнің күшейтпелі шырай (превосходная степень) категориясы бар. Заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түсетін, асыра көтеретін не асыра төмендететін сын есімнің формасын күшейтпелі шырай (превосходная степень) дейміз. Қазақ тілінде бұл шырай негізгі сын есімдерге күшейткіш буынды қабаттастыру арқылы жасалады. Мысалы: жап-жасыл, жұп-жұмсақ т.б. Күшейтпелі шырай формасын жасайтын тағы бір тәсіл – сын есімдер мен аса, өте, тым, нагыз, нақ, ең, орасан, кереметсияқты көмекші сөздердің тіркесуі. Мысалы: ең құрметті, аса үлкен т.б.
Орыс тілінде күшейтпелі шырайдың (превосходная степень) жай және күрделі тұлғасы болады. Күшейтпелі шырайдың жай тұлғасы мынадай жолдар арқылы жасалады: