Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинауда



Дата21.04.2023
өлшемі17,87 Kb.
#85288

Билет 6
1.Қазақ ауыз әдебиетінің жиналуын түсіндіріңіз.
2.Миф.Әпсана.Аражігін ажыратыңыз.
3.Жар –жар өлеңдеріне талдау жасаңыз.

1)Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинауда көрнекті еңбек еткендер-Россиялық география қоғамының мүшелері:Ш.уәлиханов В.Радлов,Т.Берёзин,А.Васильев,Ә.Дмваев,т.б.Олар қ.а.ә. аса бай мұра деп бағалаумен қатар,сол мұраны ел арасынан көптеп жазып алуға тырысады.Жинаған материалдарын қазақ және орыс тілінде жеке кітапша етіп шығарады,2 тілде газет-журналдарға бастырады.


Ауыз әдебиетін жинап жазып алу ісіне Абай мен Ы.Алтынсаринде қатысады.Абай өзінің шәкірттеріне тапсырма беріп,ел арасынан ауыз әдебиетін жинатып отырады.Ы.Алтынсаринде ауыз әдебиетінің ең жақсы үлгілерін өзінің "хрестоматиясына" енгізіп баспа жүзіне шығарады.Ш.Уәлиханов үшін мәдени мұраны жинап бастыру халық үшін жасалған игіліктің бірі.Шоқан өзінің болған жерлерінде халықтың ауыз әдебиетін жинай жүреді.Көптеген жыршы ақындармен танысып,материалдар жинады.Қырғыз еліне барған сапарында қырғыздың атақты дастаны "Манастың" біраз әңгімесін жазып алады.
Ауыз әдебиетін жинауда аса зор еңбек сіңірген ғалымның бірі -В.В.Радлов.Ол өте көп материалдар жинады.Сол жинаған материалдарын "Түріа руларының халық әдебиетінің үлгілері" деген атпен 1865-1903 ж арасында 10 том етіп бастырып шығарады.осы шығарманың 3-томы қ.а.ә. үлгілерінен құралған.Томға енген материалдардың ішінде аңыз-әңгімелер мен түрлі жырлар,дастандар,тұрмыс-салт өлеңдері бар.Ақындар айтысынан:Жанақ пен Түбектің,Мөнек пен Оспанның,жырлардан:Ер Тарғын,Қозы көрпеш баян сұлу жырлары енген.
Қ.а.ә. жинау ісіне белсене қатысқан ғалым-Г.Н.Потанин.Ол Қазақстанның көп жерлерін аралайды.Жүрген жерлерінде қ.а.ә. үлгілерін жазып алып отырады.Бұл іске ол ғылыми мән береді.Халықтың тарихын,әдет-ғұрпын білу үшін ауыз әдебиеті көп материалдар береді деп ойлайды.Осы ретте ол "Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жинау керек" деген мақала жазады.Потанин өзі жинаған материалдарын сол кезде Омбыда т.б. жерлерде бастырып отырды.Соның ішінде көп жылдар бойы жинаған мол материалдары "Қазақ-қайсақ және Алтай халықтарының ертегілері мен аңыздары" деген атпен 1916жылы "Живая старина" журналына басылып шықты."Еуропа халықтарының орта ғасыр эпосындағы шығыстық мотивтер" деген күрделі еңбегінде қ.а.ә. бірнеге мысалдар келтіріп,"Қозы Баян Сұлу" жырына ерекше тоқталды.
Ә.Диваев қазақ халқының тарихына қатысы бар материалдарды,ауыз әдебиеті үлгілерін жинау ісіне кіріседі.Ол жинаған батырлар жыры 1922-23ж Ташкентте 9 кітап болып басылды.1924ж тұрмыс-салт өлеңдерінен құраған "Тарту"атты жинағы,1926ж Қызылордада "Балаларға тарту" атты жинағы щықты.

2)Миф-дүниенің әртүрлі құбылыстары мен обьектілерінің пайда болуын,аспан мен жердің жаратылуын,адамзаттың қалай пайда болғанын баяндайтын шығармалар.Миф жанрының басты белгілері:мифтік уақыт,мифтік сана,мифтік ұғым және мифологиялық ойлау болып саналады.Миф жанрына жатқызуға болатын шығармалардың негізгі ерекшеліктері-әлемдік мифологияның басты белгілерімен үйлесе бермейді.Әпсананың пайда болуының бір жолы миф.Әпсаналар белгілі бір мекеннің аталуын,оқиғаның жүзеге асуын мифтік құбылушылық арқылы түсіндіріледі.Әпсанаоарда алғашқы оқиға көмескеленіп оның сұлбасы ғана сақталады,уақіөткен сайын қосымша детальдармен молығып,әрлене түседі.Әпсанаға оқиғаны әсірелей баяндау,кейіпкер бейнесін дәріптеу мән.Әпсана сюжетінде шындық оқиғадан гөрі қиял басым болады және ғажайыптық элементтер көп ұшырасады.



3)Жар-жар — қазақ тұрмыс-салт жырларының ежелден келе жатқан жанрлық түрінің бірі. Ол қыздың ұзатылатын тойы аяқталып, аттанар алдында орындалады. Күйеу бастаған жігіттер жағы атқа мініп келіп, отау үйдің сыртынан жабықты ашып өлең бастайды.
Мысалы: Осы өмірге лайық отты жағып, жар-жар,
Келеді, әне, екі жас топты жарып, жар-жар.
Үлкені мен ауылдың жасы мұнда, жар-жар,
Жас келінді көруге асығуда, жар-жар.
Өлең мәтіні 11 буынды қара өлең үлгісімен немесе 7 — 8 буынды жыр ағымымен айтылады. Өлеңнің алғашқы екі жолы, көбінесе, ұйқас үшін алынған, тұспалды білдіретін мазмұнда болады, негізгі ой үшінші, төртінші жолда айтылады. Әдетте, Жар-жарда дәстүрлі қоғамның адамгершілік ұстанымы жырланады, оның мәтінінде қалыптасқан дүниетанымды бұзатындай жаңа шумақтар сирек болады. Кезектесіп, көп дауыспен айтылатын Жар-жар табиғатында ойын-сауықтық сипаттар басым болады әндетіп айтатын өлең мәтіні, көбінесе, бір-біріне ұқсас болып келеді. “Жар-жар” сөзі дағдылы қайталанып келіп отыратындықтан да өлең осылай аталып кеткен. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет