10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік
нормаларды сақтай білу
Адамзат
дамуының
жаһандық
мәселелері.
Тілдік жүйе
және норма
Қазақ бала
Матай Сансызбайұлы
Күз мезгілі , қыс кетіп , жаз аптаған Қырға шықтым тынығып аз аптаға Сонда маған бірінші сәлем берді Кіп-кішкентай , қолы күс қазақ бала
Қара борбай, қолы күс қазақ бала Сәлем берді , күлмеңдер ,мазақтама Көтеріп жерден алып иіскедім Шыдадым жылай салмай аз-ақ ғана Иіліп қол беруге тиісті едім Бірақ мен құшақтадым , иіскедім Сарайымды сол мәтте жіберді ашып Сәбидің жұпар-жусан иістері Қара бала қарайды қиықтана Қылығына сәбидің иіп барам Туған далам тудырған Қазақ елім Құшағыма кеткендей сыйып ғана
Керек емес бұл жерде қалалығың Керек емес ұлылық далалығың Ғажайып бір күй кештім , табылғандай Ұмыт қалған кешегі балалығым
Өтсе де талай ғасыр азаптаған Ал бүгін азат өмір , азат заман Ұрпағың үзілмесін Қазақ бабам Аман жүр айналайын Қазақ бала.