Қазіргі Қазақстан жері мен Орта Азияға Ислам дінінің
таралуы
VI-VIII
ғасырларда
басталған. Атақты араб қолбасшысы
Қутайба ибн Муслим
709 жылы
Бұхараны соғыссыз алып, 710-712 жылдары Самарқанды, 714-жылы Шаш
(Ташкент) пен Фараб қалаларын да Умәуи халифатының қол астына қаратты. Сол
кездегі Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың Ислам дінін қабылдай бастауы да
осы жылдарға сәйкес келеді. Алайда, осы аймақта өмір сүретін
соғдылар мен
түркілер Умәуилерден саяси тұрғыдан жеңіліс тапқанымен,
рухани тұрғыдан
Исламға бірден мойынсұна қоймады. 720-740 жылдары Түркеш қағанаты
Умәуилерге ұдайы қарсы тұрды. Себебі, түркештердің бір бөлігі будда сенімінде
болса, Орталық Азияның көптеген қалалық аумақтарында зорастризм мен
манихейлік сенім басым болатын. Осы ескі сенімдер мен
жаңа Ислам дінінің
арасындағы күрес ондаған жылдарға созылды.