ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ИСЛАМ ДІНІ
XV ғасырдың орта шенінде
Қазақ хандығы құрылар кезеңде, Орталық Азия мен Дешті Қыпшақта
Ислам дінін насихаттаған негізінен Яссауи және Нақшабанди тариқаттары (сопылық мектептер).
Яссауи тариқаты
көшпелілердің дәстүрлі кодификациясы –Шыңғыс ханның «Ұлы Ясасы» мен
шариғат заңдарын қатар ұстанып, дәстүр мен дінді ұштастыра білсе,
Нақшбанди тариқаты
шариғаттың фундаментальды қағидаларын қатаң ұстануымен ерекшеленген.
Бұл кезеңде көшпелі қазақ халқының табиғатымен шариғаттың фундаментальды қағидалары үйлесе
бермейтін. Мәселен, шариғаттың ағайынды адамдардың некелесуіне рұқсат беруі – жеті атаға дейін қыз
алыспау дәстүрін берік ұстанатын рулық-тайпалық құрылымдағы түркі тайпаларының мүддесіне теріс
келетін. Сондай-ақ, шариғаттағы ниқаб кию дәстүрі түркі халқының дәстүріне мүлдем сәйкес келмейтін.
Қазақ әйелдері кимешек, орамал, жаулық киген. Бірақ, ешқашан аузы-мұрнын тұмшаламайтын.
Достарыңызбен бөлісу: