Қазақ даласына Ислам діні таралуының мәдени, тарихи және рухани бастаулары



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата19.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#44178
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция3 Қазақ даласына ислам дінінің келуі



ДӘРІСТІҢ ТАҚЫРЫБЫ 
Қазақ даласына Ислам діні 
таралуының мәдени, тарихи және 
рухани бастаулары


ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ
1. Орта Азияға (қазақ жеріне) Ислам дінінің келуі:
- Атлах шайқасы.
- Қарахан мемлекеті.
2. Түркілер неге Ислам дінін қабылдады?
3. Қазақ хандығы кезіндегі Ислам діні және оның рухани-мәдени 
өмірге әсері.
4. Патшалық Ресейдің Ислам дінін шеттетуі және оның рухани-
мәдени өмірге әсері.


Қазіргі Қазақстан жері мен Орта Азияға Ислам дінінің таралуы 
VI-VIII
ғасырларда 
басталған. Атақты араб қолбасшысы 
Қутайба ибн Муслим 
709 жылы 
Бұхараны соғыссыз алып, 710-712 жылдары Самарқанды, 714-жылы Шаш 
(Ташкент) пен Фараб қалаларын да Умәуи халифатының қол астына қаратты. Сол 
кездегі Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың Ислам дінін қабылдай бастауы да 
осы жылдарға сәйкес келеді. Алайда, осы аймақта өмір сүретін соғдылар мен 
түркілер Умәуилерден саяси тұрғыдан жеңіліс тапқанымен, рухани тұрғыдан 
Исламға бірден мойынсұна қоймады. 720-740 жылдары Түркеш қағанаты 
Умәуилерге ұдайы қарсы тұрды. Себебі, түркештердің бір бөлігі будда сенімінде 
болса, Орталық Азияның көптеген қалалық аумақтарында зорастризм мен 
манихейлік сенім басым болатын. Осы ескі сенімдер мен жаңа Ислам дінінің 
арасындағы күрес ондаған жылдарға созылды. 



АТЛАХ ШАЙҚАСЫ
VIII ғасырдың ортасында 
Орталық Азия күрделі геосаяси ахуалды басынан кешірді. Күн
шығыстан Тан империясы Орталық Азияға үлкен қауіп төндірсе, күнгей тұстан Умәуилер ұдайы
жорықтарын жасады. Сол кезеңде түркілердің қос өкпеден қысқан алпауыттарға қарсы тұратын
қауқары болған жоқ. Сөйтіп, Орталық Азия үшін Умәуилер мен Тан империясы тайталасқа түсті. 
Ал, түркілер осы екі саяси күштің біріне таңдау жасау керек болды. Осылайша түркілер
(қарлұқтар) Тан империясына қарсы тойтарыс беруі үшін Умәуилердің көмегіне сүйенді. 751 
жылы шілде айында Тараз маңындағы Атлах деген жерде бетпе-бет келген қытайдың 100 мың 
әскері мен араб әскері арасында қиян-кескі ұрыс жүреді. Бес күнге созылған қан майданда араб 
қолбасшысы Зияд ибн Салих түркілерлің (қарлұқтардың) көмегінің арқасында қытай әскерін 
қайтып бас көтерместей талқандап, Гао Сянь Чжи қолбасшы аз ғана топпен қашып құтылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет