Қазақ даласындағы отаршылдыққа қарсы күрес


С) елдер арасындағы соғыс салдары



бет6/6
Дата30.03.2023
өлшемі34,52 Kb.
#77711
1   2   3   4   5   6
С) елдер арасындағы соғыс салдары
Д) ел болып, салтанат құруынан
Е) елдер арасындағы тойдың болуы

65. Бұл көш баяғы Қасым хан заманындағы, одан бергі Хақназар, Тәуекел, Есім хандар тұсындағы көк күймеге мініп, көлден-көлге қонып, Сырдан Есілге дейін, Балқаштан Барқытбелге дейін жол бойы сән түзеп, сауық құратын, соныға мал оттатып, асықпай айлап жылжитын салтанатты салқар көш емес-ті. Қазақтан ондай сән қалғалы қашан!


Соңғы жарты ғасырда әр он жыл сайын соқпа дерттей, тойымсыз жұттай қайталап отырған жаугершілік халықтың қанатын қырқып, үрдіс салттардың талайын үзіп жіберді. Ежелгі көш жолдары бұзылды.
Қайта мынау - ұрыс- қағыссыз өткен соңғы бес жылда халықтың ес жинап, етек жапқаны ғой. Әйтпесе, кешегі «Ақтабан шұбырынды» заманында қазақтың талай тайпасы көшке ілесе алмай, жаяу-жалпы босқынға айналған жоқ па еді?!
Шіркін, қайтқан қаздай тізілген қазақтың сол бір көші-ай! Қазақ ұғымында көш-салтанат, көш-береке. Осынау жарық дүниеге паш етер тіршілік көрмесі. Қазақ жорғасы мен жүйрігін көшке мінеді. Бір киер асылын көшкенде киеді. Кілем-кілшесі, оюлы сырмағы жүк үстіне жабылады.
Сөйтіп, жасыл жайлау, бұла табиғат аясында өзінше бір бой жазады. Әйтсе де бүгінгі мына көштің, өткен күндермен салыстырғанда, тым жұпыны, жүдеу екенін сырт көз бірден-ақ аңғарар еді. (Қ.Жұмаділов)
Мәтін жанры
А) лирика
В) драма
С) поэзия
Д) проза
Е) мақала

66. А.С.Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңінде сөз болды


А) үлкен байлық
В) тар замандағы еркіндік
С) мейірімді халық
Д) жалғыздық
Е) Александрия мұнарасы
F) ақындық бейнесін сомдау

67. Т.Әбдіковтің «Қонатар» әңгімесіне сай қатарлар


А) Жалпы геология халық тіршілігінің ең асты қажеттілігіне айналды.
В) Оңалбек екеуіміздің ым-жымымыз бір болатын.
С) Колхозымызды аты да «Қосарық» болатын.
Д) Машина қарасы үзілген кезде ғана кемпін үн-түнсіз жаулығының шетімен көзінің жасын сүртті
Е) Сапашжандар неге кешікті екен?
F) Ерекең шай үстінде көп сөйлемейтін.

68. Бұл көш баяғы Қасым хан заманындағы, одан бергі Хақназар, Тәуекел, Есім хандар тұсындағы көк күймеге мініп, көлден-көлге қонып, Сырдан Есілге дейін, Балқаштан Барқытбелге дейін жол бойы сән түзеп, сауық құратын, соныға мал оттатып, асықпай айлап жылжитын салтанатты салқар көш емес-ті. Қазақтан ондай сән қалғалы қашан!


Соңғы жарты ғасырда әр он жыл сайын соқпа дерттей, тойымсыз жұттай қайталап отырған жаугершілік халықтың қанатын қырқып, үрдіс салттардың талайын үзіп жіберді. Ежелгі көш жолдары бұзылды.
Қайта мынау - ұрыс- қағыссыз өткен соңғы бес жылда халықтың ес жинап, етек жапқаны ғой. Әйтпесе, кешегі «Ақтабан шұбырынды» заманында қазақтың талай тайпасы көшке ілесе алмай, жаяу-жалпы босқынға айналған жоқ па еді?!
Шіркін, қайтқан қаздай тізілген қазақтың сол бір көші-ай! Қазақ ұғымында көш-салтанат, көш-береке. Осынау жарық дүниеге паш етер тіршілік көрмесі. Қазақ жорғасы мен жүйрігін көшке мінеді. Бір киер асылын көшкенде киеді. Кілем-кілшесі, оюлы сырмағы жүк үстіне жабылады.
Сөйтіп, жасыл жайлау, бұла табиғат аясында өзінше бір бой жазады. Әйтсе де бүгінгі мына көштің, өткен күндермен салыстырғанда, тым жұпыны, жүдеу екенін сырт көз бірден-ақ аңғарар еді. (Қ.Жұмаділов)
Қазақ ұғымында көш
А) көш-салтанат, көш-бәсеке
В) көш-жиын, көш-бастау
С) көш-қуаныш, көш-бәсеке
Д) көш –думан, көш-береке
Е) көш-салтанат, көш-бірлік

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет