Қазақ Әдебиеті бөлімінің білім алушыларына кәсіби бағытталған шет тілін оқытуда «диуани хикметтің» маңыздылығЫ



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата05.01.2023
өлшемі0,59 Mb.
#60477
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
611-Текст статьи-2650-1-10-20221228

Тірек сөздер: Синквейн әдісі, шет тілі, әдебиет, Диуани Хикмет, Яссауи, оқыту 
үдерісі, сыни ойлау, дағды. 
 
Негізгі ережелер 


Қазіргі әлемде болып жатқан жаһандық үдерістер кез келген салада кәсіби 
дайындығы бар түлектерді қажет етеді. Жан-жақты маманның ел дамуына 
тигізер пайдасы зор. Мұндай кәсіби мамандарды даярлап шығару үшін 
педагогтар дұрыс үлестірмелі материалдарды жасауға жауапкершілікпен 
қарауы керек. Шетел тілін оқытудың дәстүрлі әдісі өзекті емес, сондықтан 
жаңа оқу құралдарын жасау әрбір оқытушы үшін өте маңызды. Уақыт өте келе 
оқытудың жаңа әдістері пайда болады, сондықтан оқу материалын әр уақытта 
жаңартып отыру өте маңызды. Оқытылатын пәндердің сапасы тікелей соған 
байланысты. Бұл зерттеу жұмысы шет тілін оқытудағы Синквейн әдісін және 
негізгі материал ретінде «Диуани хикмет» сияқты көркем шығарманы 
пайдаланудың маңыздылығын зерттеуге арналған. 
 
Кіріспе 
Қожа Ахмет Яссауи – сопылық ілімнің түркі тармағының негізін салушы, 
ойшыл, өз туындыларын оғыз-қыпшақ диалектіcінде жазған тұңғыш дарынды 
түркі ақыны. Оның ең танымал шығармаларының бірі болып табылатын 
«Диуани хикмет» күллі түркі халқының жауһар туындысы. Бұл жайлы
Э.Ф.Мамедова-Кекеч өзінің мақаласында атап өтіп, Ахмет Яссауи әдебиет 
тарихында із қалдырған түркі әлемі ғұламаларының бірі. Зерттеушілер оның 
«Диуани химет» еңбегіне әдеби-тарихи тұрғыдан баға беріп, түркі 
халықтарының асыл мұрасы деген тұжырымға келген [1] – деген пікір 
қалдырған.
«Диуани Хикмет» – кедейліктен, құлдықтан, жемқорлықтан сақтану үшін 
адамдарды сауатты, білімді болуға және адамгершілікке шақыратын 
философиялық трактат пен жыр жинағы. 
Осы күнге дейін Қазақстанның көптеген ғалымдары Яссауи хикметтерін 
қазақ тіліне аударса, түркі тілдес және шетел ғалымдары хикметтерді талдап 
келеді. Олардың ішінде Д. Девиз, М.Тахрали, В.Мусали және тағы басқа да 
шетелдік ғалымдар бар. Яғни Ясауидің еңбегі көне заманнан-ақ дүние жүзі 
ғалымдарын қызықтырып келеді. Оның себебі– туындының бірегейлігімен 
түсіндіріледі. Бүгінгі таңда Яссауи шығармасын тек ғалымдар ғана емес
сонымен қатар отандық және шетелдік қарапайым журналист және 
аудармашылар да зерттеп жатыр. Сондай ізденушілердің бірі ағылшындық 
Д.Трапман. Ол Әнуарбек Бөкебайдың шағатай тілінен орыс тіліне аударған 
нұсқасын негізге алып, хикметтер жинағын ағылшын тіліне аударып шықты. 
Ағылшындық журналист Қожа Ахмет Яссауидің іргелі еңбегін алғаш болып 
ағылшын тіліне аудару мүмкіндігіне ие болғаны үшін ризашылығын білдіріп, 
оның туындыларын адамзат баласына берілген керемет сый екенін [2] атап 
өтті. 
Жер жүзі ғалымдары біртуар ғұламаның туындыларына қызығушылық 
танытып 
отырғанын 
есекере 
отырып, 
түркітілдес 
мемлекеттер 
ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммиті барысында президентіміз Қ.К. 
Тоқаев "Түркі өркениетін жаңғыртуды Қожа Ахмет Яссауи мұрасын және 
Түркістан қаласын әлемге танытудан бастау керектігін" [3] айтты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет