ету;
тұлғалық қасиеттерді дамыту;
эмоционалдық ауаны дамыту;
жаңа әлеуметтік тәжірибеге баулу;
рухани-адамгершілік
тәрбие беру;
танымдық қабілеттерді дамыту [12].
Яссауи шығармаларының синквейнін жасай отырып, хикметтерде
қаншалықты құнды ақпарат жатқандығын және «Диуани хикметті» тек қазақ
тілін емес, сонымен қатар ағылшын тілін үйренуге де зор септігін
тигізетіндігін түсінді. Студенттер жеке, жұппен немесе топпен жұмыс жасап,
ортақ мәселені талқылап, оның шешімін таба алды.
Синквейн әдісі оларды
Яссауи шығармасын жан-жақты зерттеп құнды мәліметтерді табуға
ынталандырды.
«Диуани хикмет» арқылы білім алушылар сөйлемнің грамматикалық
құрылымы, ойдың байланысу тәсілдері, синтаксис,
лексикалық және
синтаксистік бірлік сияқты жазба тілдің көптеген ерекшеліктерімен танысты.
Студенттер негізгі кейіпкер Яссауидің эмоционалдық реакциялары мен
моральдық қиындықтарын сезіне отырып, оның хикметтері кімге арналып
жазылғандығын қарастырды. Ағылшын тілін аталған әдіс арқылы оқытуда
шәкірттердің ынтасы,
қызығушылығы, тілді меңгеру деңгейі сияқты
қабілеттерінің артқандығын ескере отырып, хикметтердің олардың шынайы
өмір тәжірибесіне, эмоцияларына, армандарына оң әсер бергедігін түсіндік.
Бұл әдіс ағылшын тілін үйретуде ғана емес, сонымен
қатар өмірдегі болып
жатқан жағдаяттарды бақылауға да арналған тамаша ресурс құралы бола
алды. Ағылшын тілін оқытуда «Диуани хикметті» пайдалану - студенттердің
өмір мен адамдар туралы түсініктерін кеңейткендігін, оқуға деген ынтасын
арттырғандығын, сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға ықпал еткендігін, ақпарат
алу, анықтау дағдыларын меңгеруге көмектескендігін байқадық. Бұл
артықшылықтар шет тілін үйренудегі стрессті азайтатындығына көз жеткіздік.
Достарыңызбен бөлісу: