«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша Педагогтердің білімін бағалауға


Дананың сөзі – ақылдың көзі



бет3/4
Дата06.04.2023
өлшемі33,38 Kb.
#79920
1   2   3   4
Байланысты:
aza - debieti

Дананың сөзі – ақылдың көзі: Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр», Қорқыттың нақыл сөздері, Ахмет Йассауи «Даналық кітабы», Ақтамберді жырау «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет», Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы» шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау.
Көркем әдебиет және эпикалық сарын: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян», «Сарыарқа»,Ш. Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны, «Жастарға» өлеңі, М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы, Б. Момышұлы «Ұшқан ұя» әңгімесі,Д. Исабеков «Әпке» драмасы, М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау; автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау;автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау.
Балалар мен үлкендер: М. Жұмабаев «Батыр Баян», М. Әуезов «Көксерек», Қ. Қайсенов «Жау тылындағы бала», С. Сарғасқаев «Тәмпіш қара», М.Шаханов «Нарынқұм зауалы», Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі, Т. Әбдіков «Қонақтар», А.С.Пушкин «Ескерткіш»
Тарихи шындық пен көркемдік шешім: Т. Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі, Ж. Сахиев «Айдағы жасырынбақ», «Дабыл» фантастикалық әңгімелері, Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай», Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны», « Мен, мен, мен едім», «Бағаналы терек», Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау; эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау;шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру.
Аңызбен өрілген көркем сөз. Заман шындығы: М. Мағауин «Шақан-шері» романы, Ш. Айтматов «Алғашқы ұстаз» повесі, Ұ. Есдәулетов «Біз түркілерміз» Б. Мұқай «Өмірзая» романы, Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну; шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы айқындау; әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну; шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет