«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тапсыр ма
Қамтылатын мақсаттар
Тапсырма түрлері
Орындау уақыты, минут
Балл
1-5
8.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау:
8.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын
дәлелдеу үшін орынды қолдану:
Жауап
нұсқаларынан бір дұрысын
таңдау/жабық сұрақтар
10
5
6-8
8.2.1.1 Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.
8.2.2.1 -автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау:
8.2.4.1 Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу;
Толық
жауапты қажет
ететін сұрақтар
10
15
9
8.3.4.1 Шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.
Жазбаша
толық
жауапты
қажет ететін
сұрақтар
20
10
минут
30
8-сынып 1. «Үш қиян», «Сарыарқа» толғауларының авторы /1балл/
А) М.Мөңкеұлы
В) А.Құнанбайұлы
С) Ш.Құдайбердіұлы
Д) Шалкиіз жырау
2. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз: Біз көштік ... бермен асып, Көлденең ... бенен ... басып. /1балл/
А) Аягөзден, Сағыз бенен Жемді
В) Арқадан, Сағыз бенен Жемді
С) Сарыарқадан, Сағыз бенен Жемді
Д) Жетісудан, Сағыз бенен Жемді
3. Өлең жолдарында кездесетін көркемдегіш құрал түрін анықтаңыз: Қиғаш қас, оймақ ауыз, бал тамақты, Күнінде асаулықтың сүйген жерім /1балл/
А) эпитет
В) теңеу
С) метафора
Д) ассонанс
4. «Жастарға» өлеңінің авторы /1балл/
А) М.Мөңкеұлы
В) А.Құнанбайұлы
С) Ш.Құдайбердіұлы
Д) Шалкиіз жырау
5. «Өміріңді сарп қыл өлгеніңше» жолдары Шәкәрімнің қай өлеңінде айтылады? /1балл/
А) «Мұтылғанның өмірі»
В) «Жастарға»
С) «Үш анық»
Д) «Адамдық борышың»
6. «Үш қиян» өлеңін үш сөйлем арқылы тұжырымдап қорытынды жасаңыз. Ойыңызды дәлелдеу үшін шығармадан үзінділер келтіріңіз./5 балл/
1-сөйлем
Өлең жолдарымен дәлелде
2-сөйлем
Өлең жолдарымен дәлелде
3-сөйлем
Өлең жолдарымен дәлелде
7. Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік - Кебек» дастанының композициялық құрылымына талдау жасаңыз. Оқиғалардың жалғасын табыңыз. /5 балл/
Оқиғаның басталуы
Кебектің Нысан абызға ... ...
Оқиғаның байланысуы
Кебектің аңға шығып, адасып, ... ....
Дамуы
Кебек пен Еңліктің бір-біріне сөз беріп, ... ... ...
8.«Жастарға» өлеңі бойынша төмендегі сөздердің мағынасын ашып, өз ойларыңызды айтыңыздар. Шәкәрім жастарды адам мінезіндегі қандай кемшіліктерден аулақ болуға шақырады? /5 балл/
Арам, айла, зорлықсыз мал табу – ________________________________________
Қазіргі заманның жастары қандай болуы керек деп ойлайсыз? Ойыңызды дәлелдеп 100-120 сөз көлемінде жазба жұмысын жазыңыз. Пікіріңізді Шәкәрім өлеңдеріндегі насихатпен байланыстырыңыз.