«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
ІІ нұсқа
Бөлім: Тарихи шындық пен көркемдік шешім
Шығармалар: Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай»
Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Бағаналы терек»,
Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»
1-БӨЛІМ
1. "Кенесары-Наурызбай" жыры қандай жыр екенін анықтаңдар
А) лиро – эпостық жыр
В) тарихи жыр
С) эпостық жыр
Д) роман-эссе [1]
2. Үзінді кім туралы?
Беркініп садақ асынған,
Біріндеп жауын қашырған. Құйқылжыған құла жирен ат мінген, Құйрық, жалын шарт түйген,-
А) Баймағамбет сұлтан В) Наурызбай батыр С) Кенесары хан
D) Махамбет ақын
[1]
3. Үзіндіде кейіпкердің қандай психологиялық жай-күйі сипатталғанын анықтаңыз. Бұл сортаң аймақ Аягөзге қарай өрлеп, Арқат төбесіне айналады, одан ары қарай төмендей бастайды. Қалай болғанда да Аягөз ылдиы Ертістікінен жоғары, Арқаттың қырлы жоталары көгілдір сілемденіп алыстан менмұндалап, көңілсіз әрі тірі жан жоқ жолды сәл де болса әрлендіреді.
А) қуануын
В) өкінуін
С) зерігуін
Д) құлазуын. [1]
4. Үзіндіден қай батырдың бейнесі суреттелгенін белгілеңіздер
Қамалын бұзды қырғыздың,
Соғыстың тауып жүйесін
Алып шықты үш жүзден
Айғыр менен биесін.
Атан демей, нар демей
Жетпіс-сексен түйесін.
Бөліп берді бәріне
Сыбағалы тиесін...
А) Абылай
В) Наурызбай
С) Кенесары
Байұзақ [1]
5. Мен ақ сұңқар құстың сойы едім,
Шамырқансам, тағы кетермін.
Кетпей де нешік етермін
- деген жолдардағы көркемдегіш құралды анықтаңыз.
А) аллитерация
В) метафора
С) теңеу
Д) эпифора [1]
2-БӨЛІМ
Жыр сюжетіне сүйене отырып, Кенесары қолының жеңіліс табуына бірнеше мысалдар келтіріп, талдаңыз. (Ойыңызды 4-5 сөйлеммен жазыңыз) [3]
Исатайдың барында,
Қара қазан, сары бала
Қамы үшін қылыш сермедік.
...Баста дәурен тұрғанда.
Біздер -дағы, байеке,
Оза көшіп, кең жайлап,
Еркімен еркін жүрген ел едік,-деген жолдарды қалай түсінесіздер? (Ойыңызды 4-5 сөйлеммен жазыңыз.) [3]
Шоқан Ыстықкөл күнделігінде "Қазақтардың көзқарасынша,әйелдің тығыршық денелі толықшасы сұлу деп танылады" деп жазды.Қазақ әйелдері мен қырғыз әйелдері арасындағы ерекшеліктер мен ұқсастықтарды жаз. [4]
«Ыстықкөл күнделігінде» автор үзіндіде қандай композициялық амалды қолданғанын талдап жазыңыз (5-6 сөйлем).
«Тау етегінде сарыағаш, долана, итмұрын бұталары бар, бірақ көп емес, тек шырша ғана тұтасып өскен. Жоғарыға өрлеген сайын өсімдіктер сирей бастайды, тек аршагүл ғана бөктерді жауып, қарға дейін көтеріліп, солтүстік баурайды тұтас алып жатыр. Ұшар шыңда қар жатыр, ал қардан енді аршылған жерлерде жапырақ бүр жара бастаған. Солтүстік баурайда жуа, бәйшешек, бақбақ тәрізді өсімдіктер бар. Қызғылт күмістей жарқырап жатқан көл аспанмен таулы шыңдардың алыс бедерімен түстесіп тұр». [5]
3-БӨЛІМ
Тақырыптардың бірін таңдаңыз. Жазбаңызда ұрпақтар сабақтастығына, шығарманың жаңашылдығына өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
«Ыстықкөл күнделігі» туралы сыни мақала жазыңыз. Өз жазбаңызда екі кезеңдегі ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беріңіз.
Махамбет- азаттықтың жаршысы. Әдеби эссе жазыңыз.
«Кенесары-Наурызбай» тарихи жырының қазіргі уақыттағы маңыздылығы.
Шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сыни мақала жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |