«Қазақ әдебиеті» пәнінен
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Кеңістік пен уақыт» бөлімі Шығармалар: О. Бөкей «Атау кере» повесі, Ж. Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңі БӨЛІМ «Неге біз осы...» деген қолданыс қай кейіпкерге тиесілі? А) Таған В) Ерік С) Шал Айна [1]
Шығарма қай жанрға жатады? А) поэзия, жыр В) проза, роман С) проза, әңгіме проза, ой толғау Қай кейіпкердің ойы немесе айтқан сөзі екенін көрсетіңіз. А) Кінәні өзгеге арта салу – пәледен құтылудың ең оңай жолы. В) Жеңу үшін, жең түріп төбелесе беру шарт емес… С) Еркектер-ай, есер қылықтарың ғой әйел затын зәтте қылатын… Адамның қателігі – кемшілік жіберуінде емес, сол кемшілікті кешіктірмей түземеуінде. Айна Таған Ерік Нүрке кемпір 1 , 2 , 3 , 4 . [1]
[1]
«Дала, сенің ұлыңмын» өлеңінен берілген үзіндінің идеясына сәйкес келетін мақалды анықтаңыз. Құйын кезде желің болып жүгірдім, Қиын кезде белің болып бүгілдім, Туған дала, ұлың емес тек қана Қабақ шытпас құлақ кесті құлыңмын. А) Ынтымақ жүрген жерде, Ырыс бірге жүреді. В) Отан үшін отқа түс күймейсің. С) Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер. Маңдай термен тапқан нан тәтті. [1] «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңінде автор ойын қалай тұжырымдайды? А) Елді қорғап ұрпаққа аманат екені жайлы В) Туған жерін шексіз сүйе беретінін жеткізу арқылы С) Туған даласы алдында кінәсін жуып-шаюы арқылы Ұлы тұлғалардың қасиеттерімен байланыстыру арқылы БӨЛІМ [1] «Дүниедегі ең қиын нәрсе – шын сүйген адамыңнан қалған көңіл; ол– шыққан жан, кешірімі мен кеңдігі болмайды екен» деген Айнаның тұжырымына қатысты көзқарасыңызды білдіріңіз. Айнаның ішкі толғанысын, ойын шығармадан мысалдар келтіріп талдаңыз, ойыңызды тұжырымдаңыз. [5]
Шығарма неге «Атау кере» деп аталды? Ондағы мәселені өмір шындығымен байланыстырып түсіндіріңіз. [5]
Туған дала, табалап жатқан күліп, Жауларымен ісі жоқ мақтан біліп, Мықтылығы дейсің бе кей ұлдарың Тағдырыңды тартыпты көкпар қылып. Топқа кіріп жүргендер төсін ұрып, Алдыменен алса екен осыны ұғып, Бармақ тістеп, бас шайқап өкінгеннің Несі салт, несі дәстүр, несі ғұрып, – деген жолдардағы көркемдегіш құралдарды анықтаңыз, қолданысы мен мәтіндегі рөліне талдау жасаңыз. [5]
БӨЛІМ Оралхан Бөкей «Атау кере» шығармасындағы Таған бейнесін талдаңыз. Таған бейнесі арқылы шығарманың көркемдік-эстетикалық құндылығын бағалап, әдеби эссе жазыңыз. [10]
жүктеу/скачать 49,97 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |