Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі – қолданбалы ғылым және жеке пән. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары


Лириканы оқыту. Лириканы оқыту ұстанымдары, әдіс-тәсілдері, ерекшеліктері



бет9/13
Дата24.04.2023
өлшемі120,38 Kb.
#86387
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
2. Ä?ð³ñ òåçèñòåð³

1.Лириканы оқыту. Лириканы оқыту ұстанымдары, әдіс-тәсілдері, ерекшеліктері.
2.Драмалық шығармаларды оқыту ұстанымдары, әдістері, ерекшеліктері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Лирикалық шығармаларды оқытуда басты бағытта адамның ішкі сезімі, көңіл күйі, мінез-құлқы, ақындық «мені» әсер беріп, толғандырады. Осындай әсерлілігіне қарай оқушы қызығушылықпен өлеңнің құрылысы, ұйқасы, өлең теориясына қарай талдауға жетелейді. Сондықтан лириканы оқытуда Қ.Бітібаева: «Лириканы оқытудың басты мақсаты- оқушыны поэзияны сүюге баулу, оның кестелі тілін сезіне білуге, эстетикалық ләззат ала білуге баула болап табылады»,-дейді. Лирикалық шығармаларды оқытуда мынадай жұмыс түрлері тиімді болады: өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы, көркемсөз оқушылардың орындауында тыңдату, тақырып мазмұнына қарай саяхатқа шығу, пікірлесу, талдау, әңгімелесу, сыныптан тыс оқуларда, сыныптан тыс жұмыстарда мәнерлеп оқуға байланысты жұмыс түрлерін ұйымдастыру. Лирика жанрының ерекшелігі қай кезде де ғалымдарды толғантқан, өзіндік ой-пікір, болжам жасауға, түйінді сөз айтуға жетелеген.Мысалы:
А.Байтұрсынов көрнек өнерiн бес тарауға жiктей келе, “бесiншi нәрсенiң жайын, күйiн, түрiн, түсiн, iсiн сөзбен келiстiрiп, айту өнерi – бұл сөз өнерi болады”,-дейдi. Сөз өнерi адам санасының үш негiзiне тiреледi. Олар: ақыл, қиял, көңiл. Ақыл iсi – аңдау, яғни нәрселердiң жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау; қиял iсi – тұрпатына, бейнесiне ұқсату, бейнелеу; көңiл iсi – түю, талғау. Лириканы оқыту-әдебиеттi оқытудың басты талабынан туындайды. Лирика сабағы – оқушыны өнердi эмоциялық-эстетикалық тұрғыдан түсiнуге үйретедi. Лирикалық шығармаларды оқытуда мынадай мәселелер ескерiлу керек:
- Лириканы оқуда эмоциялық, логикалық бiрлiк керек. Ақын шығармасында қандай нәрсеге назар аударып отырғанын анықтау қажет;
- Оқушының сол шығармаға өз көзқарасы болуы керек;
- Өлеңнiң әрбiр бөлiктерiн өзара тұтастыру керек;
- Ақын шығармасында қандай көркемдiк тәсiлдi қолданғанын анықтау шарт;
- Оқушы шығарма мен ақынның бiрлiгiн тануы шарт.
Лириканы оқытқанда мәнерлеп оқудың мәнi үлкен. Мәнерлеп оқудың өзiндiк шарттары бар. Солардың бiрi – кiдiрiс. Оның үш түрi бар.
1. Грамматикалық кiдiрiс (кейде өлеңаралық немесе тасымал кiдiрiсi деп те атайды). Мұның эмоциялығы жоғары. Бұған әр сөздi бөлiп, ашық, анық, тыныс белгiлерiн орай салмақ түсiрiле жасалған кiдiрiс жатады.
2. Логикалық кiдiрiс. Бұл – табиғи кiдiрiс. Мұнда шығарманың мәнiне орай салмақ түсiрiле жасалған заңды кiдiрiс қолданылады. Бұл жерде тыныс белгiлерiне онша назар аударылмайды.
3. Психологиялық кiдiрiс. Мұнда жеке сөздерге, сөз тiркестерi мен тармақтардың әсерiне көбiрек салмақ түсiрiледi. Бұл кiдiрiс арқылы өлеңдегi негiзгi ой ашылады.
Лириканың жекелеген компоненттерiн таныту - әдебиет сабағындағы басты мәселе. Оларға: тақырып, идея, образ, композиция, сөз, тiл, ақын стилi жатады. Өлең тiлiне ой-сезiм тереңдiгi, өткiрлiк көркемдiк сипат бередi. Яғни, поэзияға тән қасиет – айтылып тұрған ұғым туралы түсiнiк беру емес, оны бейнелi, көркем сипаттау. Бейнелi сөздер ақындық, эстетикалық сезiмдi, айнала дүниенi бейнелi түрде танып-бiлуге көмектеседi. Халықтың тұрмыс-тiршiлiгiмен, тарихи-қоғамдық жағдайларымен байланысты туған бейнелi сөздерден, яғни, теңеу, эпитет, метафора, метонимия, символ, гипербола сияқты суреттеулердi алсақ, бiз халықтың ой-санасындағы ұлттық сипатты байқаймыз.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Тест:
1.Ерлік, патриотизмге негізделген өлеңдердің оқылу реті
А) Нәзік леппен
В) Көтеріңкі ырғақпен
С) Терең сезіммен
D) Іштей оқумен
E) Биік мақтанышпен
F) Терең сазбен
G) Арманды леппен
H) Биік сезіммен

2.Махамбеттің «Хан емессің, қасқырсың» шығармасындағы Жәңгір бейнесін оқытудағы мақсат


А) Махамбет шығармаларындағы Жәңгір бейнесін ашып, талдау
В) Жәңгір образын саралауда пікір сайыстыру
С) Өлеңнің шығу тарихынан мағлұмат беру
D)Эстетикалық тәрбие беру
E) Образ талдау арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынас формаларын таныстыру
F) Елін, жерін сүюге тәрбиелеу
G) Өмірге деген көзқарасын қалыптастыру
H) Махамбет шығармашылығының тарихи негіздері туралы оқушылардың білімдерін жүйеге келтіру

3.5-8 сыныптарда лирикалық шығармаларды оқытудағы басты мәселелер


A) Оқушы өз еркімен лирика ұғымын түсініп, өзі оқу
B) Оқушы лирикалық шығарманы тек сыныпта ғана жаттау
C) Оқушы мұлаімсіз өзі лирикалық шығарманы талдау
D) Оқушы тек жеке өзі ғана лирикалық шығарманы талдау
E) Оқушының ой-санасын дамыту
F) Лирика туралы әдеби-теориялық бастапқы ұғым беру
G) Өлеңді үйде алдын-ала оқып, танысуға беру
H) Мұғалім өлеңнің поэтиклық көркем тіліне назар аударуы

4. 5-8 сыныптарда өтілетін лирикалық шығармалар


A) Табиғат лирикасы, қоғамдық саяси лирика
B) Өнер-білім тақырыбындағы лирика
C) Көңіл-күй лиркасы,азаматтық,адамгершілік тақырыбындағы лирика
D) Махаббат, әлем лирикасы
E) Шетел әдебиет лирикасы, табиғат лирикасы
F) Философиялық лирика, қоғамдық саяси лирика
G) Жан лирикасы, азаматтық,адамгершілік тақырыбындағы лирика
H) Әлем лирикасы, өнер-білім тақырыбындағы лирика

5. Лирикамен таныстыру барысында жүргізілетін жұмыс түрі


A) Көркем мәтінді талдауда оқушылардың өз пікірін білу
B) Көркем мәтін айналасында пікірталас өткізу
C) Көркем туындыны тарихи шындықтармен салыстыру
D) Талданған көркем мәтіннің әр түрлі нұсқасын талдау
E) Суреткердің бір шығармасын басқа шығармаларымен салыстыру керек
F) Бірнеше ақын-жазушы шығармаларымен салыстыру
G) Сөз өнеріне деген оқушылардың шынайы сезімін, талабын жетілдіру
H) Тарихи-әдебиеттік курсты оқыту

6. Лирикалық шығармамен жұмыс істеу кезеңдері


А) Кіріспе сабақ
В) Көркем мәтінмен жұмыс кезеңі
С) Қорытынды сабақ
D) Жазушы өмірі мен шығармашылығына шолу
Е) Монографиялық тақырыптарды өту
F) Жобалап оқыту
G) Компьютерлік оқу
H) Ақпараттандыру

7.лириканы оқудың жүйесі


A) Cырттай оқу жүйесі
B) Мұғалімнің оқуы
C) Саралап оқу жүйесі
D) Көркемсөз шеберлерінің оқу жүйесі
E) Даралап оқу жүйесі
F) Дауыстап оқу жүйесі
G) Мәнерлеп оқу жүйесі
H) Іштей оқу жүйесі

8. Лирикалық шығарманы оқытуда қойылатын ортақ талап


A) Көркем компоненттеріне талдау
B) Көркем шығармаға талдау
C) Жан - жақты талдау
D) Әдеби - қисынды талдау
E) тілін талдау
F) Теориялық талдау
G) Сюжетті талдау
H) Көркем шығарманы оқу

9. Лириканы талдаудың басталуы


A) Шығарманы оқудан
B) Шығарманы түсініп оқудан
C) Сюжетін дұрыс түсініп оқудан
D) Үзінді жаттаудан
E) Мәнерлеп оқудан
F) Кейіпкерлерін талдаудан
G) Жанрлық ерекшеліктерін білуден
H) Жатқа айтудан

10.Сабақ жоспарының басты құрылымдық элементі


А) Дамыта оқыту
B) Бақылау жұмыстары
С) Мазмұндама
D) Шы ғарма
Е) М ә нерлеп оқу
F) Жа ңа сабақты түсіндіру
G) Сабақты ң мақсаты
H) Ұйымдастыру кезеңі
Сұрақтар:
1.Лирикалық шығармаларды 5-8 сыныптарда оқыту.
2.Лирикалық шығармаларды өтуде оқушылардың шығармашылық жұмыстарына көңіл бөлу.
3.ирикалық шығармаларды көркемөнер туындыларымен байланыстыра өту.
4.Мәнерлеп оқытудың лириканы оқып-үйренудегі қызметі.
5.Лириканың табиғаты
6.Лириканың сипаты
7.Лириканың түрлері
8.Лириканы оқытудағы мазмұн мен форма бірлігі
9.Лирикалық қаһарман
10.Лирикадағы әсемдік идея, тақырып
11.Лирикадағы сюжет мәселсінің өзіндік ерекшеліктері
12.Мәтінді оқыту түрлері
13.Лирикалық өлеңнің ақын шығармашылығымен тығыз бірлікте жан-жақты талданатындығы
Драмалық шығармаларды оқыту ұстанымдары, әдістері, ерекшеліктері
1.Әдеби жанрлардың ішінде драманың өзіне тән спецификасы;
2. Драмалық шығармаларды оқытуда кіріспе сабақтардың алатын орны, түрлері;
3. Драмалық шығармаларды талдау жолдары.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әдебиеттің басқа жанрларына қарағанда драмалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол ерекшелік драмалық туындылардың жанрлық табиғатына тікелей байланысты болып келеді. Драмалық шығармаларда оқиғалар оқырман көз алдында жаңа өтіп жатқандай әсер қалдыруы керек. Күшті сюжет, ең бастысы, өткір, шиеленісті тартыс, өмірдегі қарама – қарсылықтар - драманың өзегі, негізгі арнасы. Драмалық шығарманы талдамас бұрын мәтінді алдын ала оқыту керек. Оқушыларға оқу барысында ақыл – кеңес, бағыт – бағдар беру міндетті түрде жүзеге асырылады. Талдау алдында оқушыларға әдеби – теориялық ұғым берудің маңызы зор. Талдауды драмалық шығарманы күйтабақтан тыңдау, немесе, содан көрініс көрсетуден бастаудың маңызы зор.
Оқушылар қызығушылығын арттыру мақсатында драманың жазылу тарихы, оны ойнаған артистер туралы әңгімелеу, туынды туралы әдебиетшілер, сыншылар пікірі жазылған көрнекіліктерді пайдалану тиімді болмақ. Талдауда мәтінге сүйену драмалық шығармаларды оқытудың алтын арқауы болмақ. Мұғалім ең негізгі көрініс, актілерді, монолог, диалогтерді бөліп ала отырып, сол бойынша жұмыс істеуі керек. Мәнерлеп оқу, түсіндірмелі оқу, рөлге бөліп оқуға ерекше назар аударылады. Талдау барысында оқушыларға жиі – жиі қозғау салу, олардың қиялы мен ойына ерік беріп отыру да драмалық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарының бірі. Драмалық шығармаларды оқыту жолдары көп. Ол әр мұғалімнің ізденісі, шеберлігіне де байланысты шығармашылық жұмыс. Концерт - сабақтар, композициялық сабақтар түрі – драманы өтудегі тиімді сабақ түрлеріне жатады. Драмалық шығармаларды оқытудың ерекшелігі оның сахнаға арналып жазылатындығында. Соған байланысты оның көлемі, тілі, адам характері мен оқиғалардың берілуінде өзіндік ерекшелік бар. «Пьеса –драма, комедия әдебиеттің ең қиын түрі, -дейді М.Горький, - қиын болатын себебі,- пьеса өзінде ойнаушы әрбір адамның сөзбен де, іспен де өздігінен, автордың қыстырма сөзінсіз-ақ сипатталуын керек етеді». Драма тіліндегі ерекшелік – ол кейіпкер сөздерінің диалог пен монологтан,полилогтан құралуында. Бұл үшеуі де адамдардың алуан мінезін, болмысын танытуға қызмет етеді, оқиғаны кеңінен түсінуге мүмкіндік береді. Драмалық шығармада автор басқа жанрдағыдай оқиғаны, құбылысты өзі баяндап отырмайды, барлық қимыл-қозғалыс, мінез-болмыс кейіпкер сөзі және іс-әрекеті арқылы көрінеді. Сондықтан кейіпкер сөзіне ерекше мән беріледі. Ал автор сөзі (ремакрка) қысқа болып аз мөлшерде кездеседі. Онда да кейіпкердің қимыл қозғалысы, сырт бейнесін, киімін, т.б. түсіндіру мақсатын көздейді. Пьесадағы оқиғалар мен кейіпкерлер іс-әрекетінің негізін тартыс құрайды. Тартыс мақсат-мүдделері кереғар екі топтың, адамның арасындағы әрекеттен туындайды. Драма мәтіні бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Әр бөлім акт деп аталады. Мазмұнына қарай пьеса бірнеше актілі болады. Әрбір акт бірнеше көріністерге бөлінеді. Драма мәтінін толық сыныпта оқу мүмкін болмайтындықтан өз бетімен оқуға, өздік жұмысқа беріледі. Жанрлық ерекшелігіне қарай пььесаны рольге бөліп оқу жеке актілер бойынша қойылым қою тиімді болады. Талдау кезінде басты бағыт образдарға беріледі. Кейіпкерлерге мінездеме бергенде олардың сөздеріне (тіліне) мән беріліп, әр кейіпкердің мінез-құлқы, көзқарасы, ойы, барлық болмыс – бітімі тілі арқылы ашылады. Композициялық талдауда оқиғаның дамуына, кейіпкермонологы мен диалогына, көрініс, акт, эпизодына көңіл бөлінеді.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар.




Тест:
1.Драмалық шығармаларды оқытуда қолданылатын әдістер
A) Әңгімелеу
B) Ұғыну
C) Иллюстрация және көрнекілік
D) Өнер және мәдениет құралдарын қолдану
E) Түсіну
F) Сазына келтіріп мәнерлеп оқу
G) Рольге бөліп оқу
H) Тыңдау, талдау, саралау

2.Драмалық шығармаларға қатысты ұғымдар


A) Мәнерлеп оқу
B) Акт
C) Көрініс
D) Эмоция
E) Ремарка
F) Оқу
G) Ұғыну
H) Сюжет

3.Драмалық шығармаларды талдауда басшылыққа алынатын мәселелері


A) қатысушылар бейнесін талдау
B) Аллитерация, ассонанс, гипербола, литота, тропа, фигура түрлеріне поэтикалық талдау жасау
C) Қанатты сөздерді теріп жазу, оның маңызын анықтау
D) Сөздік жұмысн жүргізу
E) Архаизм, историзм сөздерді тауып, қолдану орны, маңызы, мәнін түсіндіру
F) Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы
G) Көркем образдары, образдар галереясы
H) Автор-көркем туындыны жасаушы

4.Драма термині


A) Мәнерлеп оқу
B) Акт
C) Көрініс
D) Эмоция
E) талдау
F) Оқу
G) Ұғыну
H) Сюжет

5.Мектепте драмалық шығарманы талдаудың теориялық негіздері


A) Оқушы тілін дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру
B) Шығарманың жанрлық, композициялық тұтастығы
C) Оқушылардың тілдік қатынасын коммуникативтік түрде дамыту
D) Қазақ әдебиеті пәнінің тарихи бастау көздері
E) Көркем туындыны оның негізінде жатқан тарихи шындықтармен салыстыру
F) Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы
G) Әдебиетті сөз өнері ретінде таныту
H) көркем шығарманы талдау мәселесінің зерттелуі

6. Драмалық шығарманы оқытудағы басты талдау әдістері


A) Образдар жүйесіне
B) Творчестволық оқу әдісі, тұтас
C) Дамыта оқыту әдісі, сурет
D) Эвристикалық әдіс, творчестволық оқу әдісі
E) Зерттеу әдісі, репродуктивтік әдіс
F) Репродуктивтік әдіс, проблемалық оқыту әдісі
G) Дамыта оқыту әдісі, эвристикалық әдіс
H) Репродуктивтік әдіс,тиімділік әдісі

7. Драманы талдаудағы жұмыс түрлері


A) Көркем мәтіндегі жазушы ойын мұғалім көмегімен аңғара оқу
B) Көркем мәтіндегі жазушы ойы, идеясына көз жүгірту
C) Таңдап оқу.
D) Рөлге бөліп оқу
E) Хормен оқу
F) Көркем мәтіннің композициясын талдау
G) Көркем туындыны оның негізінде жатқан тарихи шындықтармен салыстыру
H) Ұжымдық оқу
8.Бағдарламада драмалық шығармалар оқылатын сыныптар
А) 6-7
В) 8-5
С) 9-12
D) 10
E) 5-6
F) 8-11
G) 11
H) 5
9.«Егер бала бір нәрсені дұрыс түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін кінәлауы керек» деген жолдардың авторы
A) Абай Құнанбаев
B) Сәбит Дөнентаев
C) Шыңғыс Айтматов
D) Қазақ поэзиясына «қара өлең» ұйқасын енгізген ақын
E) Шәкәрім Құдайбердиев
F) Ыбырай Алтынсарин
G) Қазақ даласына тұңғыш мектеп ашқан ұстаз
H) Ильминскиймен хат алысып тұрған тұлға

10.Драманы оқытуда оқушы қызығушылығын тудыратын жұмыс


A) рөлге бөліп оқу
B) оқушының оқуы
C) сұрақтарға жауап беру
D) Көрініс қою
E) диалог оқу
F) сыныпта оқу
G) сыныптан тыс оқу
H) мәнерлеп оқу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет