«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінен ДӘрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері


-тақырып. Әдебиет сабағы және оның мектептік пәндер жүйесіндегі орны



бет28/33
Дата10.12.2023
өлшемі260,05 Kb.
#135902
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Дәрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақс-emirsaba.org

13-тақырып. Әдебиет сабағы және оның мектептік пәндер жүйесіндегі орны



  1. Сабақты жоспарлау


  2. Сабақтың түрлері


Дәріс мақсаты:
  • Сабақты жоспарлау жолдарын түсіндіру;


  • Сабақтың түрлерін қарастыру





  1. Сабақты жоспарлау

Мұғалім сабаққа әзірленгенде алдымен оның мақсаты мен мазмұнын айқындайды, одан кейін тақырып бойынша жұмыстың әдіс-тәсілдерін, сабақты ұйымдастырудың жолдарын қарастырады. Мұғалім сабақты жоғары дәрежеде жүргізуі үшін еркін жағдай, көтеріңкі көңіл-күй қажет. Бұның өзі сабақтың құрылысы талғаммен, кішігірім мәселелерге дейін жан-жақты ойластырылғанда ғана жүзеге асады. Дәстүрлі сабақ, негізінен мынадай бөлімдерден тұрады:


  • Ұйымдастыру кезеңі;


  • Өтілген материалдарды оқу, пысықтау (үй тапсырмасын сұрау);


  • Жаңа сабақты түсіндіру;


  • Өтілген материалды бекіту;


  • Үйге тапсырма беру.


Қазіргі сабақта қысқа мерзімді жоспар бойынша сабақтың басы, ортасы, соңы деп жіктеліп, онда да, негізінен осындай кезеңдер қамтылады.


Аталған жұмыс түрлері сабақтың құрылымдық элементтері болып табылады. Сабақтың құрылымын жоспарлағанда мұғалім мына мәселелерге назар аударуы керек:
  • Сабақтың мақсатын дұрыс қоя білу;


  • Сабақты ұйымдастыру және оны жабдықтау (көрнекілік, дидактикалық материалдар. Сабақ бөлімдері, онда жүргізілетін жұмыс түрлері, мақсаты, ұжымдық жұмыс түрлерінің дербес орындалатын жұмыспен үйлесім табуы);


  • Сабақтың мазмұны. Сабақта ескеретін мәселенің ғылыми негіздегі дәлелдемесі. Бағдарламамен сәйкестілігі.


  • Сабақтың құрылысы. Жаңа сабақты түсіндіру, бекіту әдістері.


  • Оқушылардың өздігімен орындайтын және жаттығу жұмыстары.


  • Сабақтың өмірмен, басқа пәндермен байланысы, онда көтерілетін мәселелердің мәні.


  • Тәрбиелік астарлары.


  • Сабақтың барлық кезеңдерінде шәкірттердің білімі мен білігін айқындау, үй тапсырмасын тексеру жолдары.


Әдебиет сабағында жасөспірімдер көркем шығармамен танысу арқылы білім бұлағымен сусындайды, әрі идеялық, адамгершілік, эстетикалық тәрбие өнегесін алады. Соған орай өткізілген сабақтың танымдық-тәрбиелік мәні ашылады. Әдебиет сабағындағы танымдық-тәрбиелік мақсат оқытылатын туындының идеялық-көркемдік табиғатына орай құрылады. Соған қарай мектепте көркем шығарманы талдаудың жолдары, оқыту әдістері, әдеби туындыны оқып-үйренудің әдіс-тәсілдері, сабақтың эмоциялық дәрежесі айқындалуы қажет. «Сабақ жүргізуге ең қажетті дидактикалық шаралардың бірі – мұғалім, жалпы сынып, жеке оқушы қызметінің ұтымды үйлесім табуы болып табылады» (проф. М.Рыбникова).


Сабақ процесінде мұғалімнің әдістемелік ой-түйіні көзқарасы, әдебиеттанымдық білімі, мәдениеті, таным-талғамы, адамгершілік қасиеттерге қатысы байқалады. Мұнда шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне сай әр мұғалімнің оқыту әдістерінің алуандығы, оқушылардың ерекшеліктері – жас шамасы, дайындығы аңғарылады.
Басқа пәндермен салыстырғанда әдебиет сабағының өзіндік ерекшеліктері бар. Ол оның сезімге әсерлілігінде, көркем шығарманы өнер ттуындысы ретінде қабылдауға эмоциялық жағдай туғызарлық сабақтың шығармашылық табиғатында. Мұның өзі әдеби шығарманы оқып-үйренуде ең басты шарт – мәтінмен жұмыс істеу екенін аңғартады. Мәтінге иек артқанда ғана жазушының өзіндік шеберлігін, кеөркемджік тәсілдерін, стилін байқап, бағалауға болады. Сондықтан мұғалім шығарманың идеялық мақсатын, эстетикалық табиғатын ашудағы жазушының көркемдік тәсілдерді қолдану шеберлігін туындының ішкі құрылымына ене отырып, нақты дәлелдермен түсіндіргені абзал.
Сабақ тиімділігін арттыруда ондағы мақсаттың дұрыс қойылуының, оқу материалындағы ең басты мәселелерді ажырата білудің,шәкірттермен әңгіме ұйымдастыруды динамикалы түрде жүргізудің, сұрақ-тапсырмалар жүйесін әрбір жекелеген оқушының ұғымына орай ойластырудың аса көп мәні бар.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет