Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі СӨж соөж конспект


Оқушы білімін бағалау және есепке алу, критериалды бағалау



бет2/3
Дата23.11.2022
өлшемі2,4 Mb.
#51956
түріКонспект
1   2   3
Байланысты:
Марал азикон

Оқушы білімін бағалау және есепке алу, критериалды бағалау


Китериалды бағалау — оқушылардың оқу жетістіктерін нақты анықталған, ұжымдық қалыптасқан, білім беру процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі (оқушыларға, мектеп әкімшілігіне, ата-аналарға, заңды өкілдерге және т. б.) критерийлермен салыстыруға негізделген, оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін процесс.
Сонымен қатар критериалды бағалау формативті және жиынтық бағалау деп екіге бөлінеді.
Формативті бағалау — сабақта және үйде күнделікті жұмыс барысында білім мен дағдыларды меңгерудің ағымдағы деңгейін анықтау, оқыту процесінде оқушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыру. Ол оқушыларға жаңа материалды зерттеу кезінде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағанын және оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне жететінін түсінуге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау — оқу ақпаратының белгілі бір бөлігін оқып, аяқтағанда білім мен оқу дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтайды. Жиынтық бағалауды мұғалімдер немесе мектеп әкімшілігі жүзеге асырады.
Критериалды бағалаудың негізгі міндеттерінің ішінде төмендегі міндеттерді бөлуге болады:
  • оқу үдерісінің әр кезеңінде әр оқушының дайындық деңгейін анықтау;
  • жеке прогресті анықтау, қадағалау, оқушының жеке даму траекториясын түзету;
  • оқушылардың күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін ауқымды дамытуға ынталандыру;
  • әр түрлі қызмет түрлерін орындау үшін алынған бағалардың маңыздылығын саралау;
  • оқу материалын меңгеру сапасын және оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету



Критериалды бағалаудың негізгі міндеттері

Бағалаудың артықшылықтары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет