ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология институты Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Орындаған: Марал Азикон
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі СӨЖ СОӨЖ КОНСПЕКТ Тақырыбы: Интерактивті әдістер
Оқушы білімін бағалау және есепке алу, критериалды бағалау
6В017 - "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы
3 курс
309-топ Интерактивті әдістер – белсенді әдістерді сабақта үздіксіз қолдана отырып, демократиялық қоғамға қажетті белсенділік дағдысын шыңдап, дамыту.
Интерактивті әдісті таңдау себебі көбіне ол оқушылардан модельдеуді және қатысушының дағдысын дамыту, яғни бүгінгі демократиялық қоғамға қажетті болуын талап етеді.
Интерактивті әдістер не үшін қажет? «Миға шабуыл», «ми штурмы» («дельфи» әдісі)
«Ми шабуылы», «ми штурмы» («дельфи» әдісі) – бұл әдіс, берілген сұраққа кез-келген оқушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек.
Өткізу алгоритмі:
Қатысушыларға талқылау үшін белгілі бір тақырып немесе сұрақ беру. осы мәселе бойынша өзінің ойын айтуға ұсыныс жасау.
Айтылғандардың барлығын жазу (олардың бәрін қарсылықсыз қабылдау керек). Егер сізге ол түсініксіз болатын болса, айтылғандарды қайталап анықтауға жол беріледі Барлық идеялар мен талқылаулар айтылып біткеннен кейін, берілген тапсырма қандай болғанын қайталау керек, және қатысушылардың сөзінен сіз не жазып алдыңыз соның барлығын тізіп шығу керек.
Қатысушылардан, олардың пікірі бойынша алынған нәтижеден қандай қорытынды жасап, жұмысты аяқтау қажет.
«ДЖИГСО» әдісі.
Мұнда кіші топтарға бөліну арқылы әр оқушыға белгілі бір міндет жүктеледі. Олар: топ басшы(лидер), баяндамашы(спикер), хатшы, хатшы көмекшісі, уақыт үнемдеуші(тайм-гипер).
Әр топқа белгілі тір тараудың тапсырмаларын топқа бөліп береді. Топ берілген тапсырманы әрқайсысы оқығаннан кейін, топ басшысы топ мүшелеріне түсіндіреді. Келесі кезекте топ басшысы өз мүшелерін басқа топтарға өкіл ретінде жібереді. Ал топ басшысы басқа топтан келген өкілдерге өзінің тапсырмасын түсіндіреді. Өкілдер басқа топтың тапсырмасын түсінгеннен кейін топ басшысына айтады. Соңында бірлесе отырып тапсырманы постерге салып қорғайды.
Бейнефильмдерді көру және талқылау
Сабақтарда дүлей апаттардың қаупін төмендету жөнінде көркем және деректі бейнефильмдерді, олардың фрагменттерін, сондай-ақ бейнероликтер мен бейнесюжеттерді пайдалануға болады.
Тиісті мазмұндағы бейнефильмдерді тек қана қосымша материалдар ретінде емес, сабақтардың және тренингтердің кез-келген түріне оның тақырыбы мен мазмұнына сәйкес пайдалануға болады.
Фильмді көрсетер алдында оқушылардың алдына бірнеше (3-5) шешуші сұрақтар қою керек. Бұл келесі талқылауға салудың негізі болады. Алдын ала таңдалып алынған кадрлармен фильмді тоқтатып, пікір сайыс өткізуге болады.
Соңында оқушылармен бірігіп міндетті түрде жиынтығын шығару және қорытындысын жариялау керек.