Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі соөЖ 6 Тақырыбы


Әдіскердің ұсынған әдіс-амалдары



бет2/5
Дата24.12.2022
өлшемі67,77 Kb.
#59419
1   2   3   4   5
Байланысты:
қәоә Дүйсен Динара 6сөж,соөж 309

Әдіскердің ұсынған әдіс-амалдары:
1.Мәнерлеп оқу.
2.Мұғалімнің ауызша не жазбаша түрде берген сұрақтарына байыпты, дәл, толық жауап қайтара білуге дағдыландыру;
3.Оқылған шығарманың сюжетін баяндап айтып беру.
4.Әдебиеттік шығарма кейіпкерлерінің мінездемесін ауызша баяндап айтып беру.
5.Оқытудың мазмұнын ауызша әңгімелеп айтып беру.
6.Оқушының сабақ мазмұнын ауызша баяндап айтып беруі.
Байқап отырғанымыздай әдіскердің ұсынған әдіс-амалдарының денін ауызша мазмұндау жұмыстары құрайды. Ауызша мазмұндау жұмыстарының оқушының сөйлеу тілін дамытудағы тиімділігі жөнінде Ә.Қоңыратбаев та көп тоқталады. Әдіскер-ғалым ауызша мазмұндау жұмыстарындағы кейбір олқылықтарды айта отырып, мұғалімдер тарапынан ауызша мазмұндау жұмыстарын оқушыға қатысты өрістете жүргізу талаптарын қояды. Р.Құтхожина тіл дамыту бағытындағы бірнеше жұмыс түрлерін көрсетеді : 1.Сөздікпен жұмыс.
2.Мазмұндау: а) мәтінге жуық мазмұндау; ә) мәтін мазмұнын қысқартып (тезис түрінде) мазмұндау; б) мәтіндегі сөйлеуші жақсы өзгертіп (бірінші жақтағы баяндауды үшінші не екінші жақта) мазмұндау; в) мәтіннен қажетті үзінділерді бөліп мазмұндау; г) ауызша мазмұндау; д) сұрақ-жауап.
3.Көркем мәтінге жоспар құру: а) жай жоспар; ә) күрделі жоспар.
4.Шығарма жаздыру: а) белгілі бір әдеби тақырыпқа шығарма жаздыру; ә) сурет бойынша шығарма жаздыру; б) оқушылардың өзі байқаған, көрген-білгендері бойынша шығарма жаздыру; в) инсценировкалар құрастыру т.б. Әдіскер Т.Жұмажанова да осы аталған әдіс-тәсілдерді атайды.

Шығармашылық тапсырмалар:
1-тапсырма: Досыңыздың туған күніне, кез-келген мейрамға, мектеп басшылығы ретінде құттықтау мәтінін даярлаңыз. Мәтіннің мазмұны құттықтау сөздің жанрына сәйкес келуі керек әрі құттықтаушы жақтың жеке қарым-қатынасы көрінетін болуы шарт.
2-тапсырма: Мектептегі әдеби бірлестіктің ұйымдастыруымен халықаралық конференция өтпекші. Сіздің міндетіңіз конференцияға шақыру хатының мәтінін документтік жанрдағы шарттармен жазу. Риторикалық мәтіннің тәсілдерін қолданыңыз.
3-тапсырма: Ғылыми жобаны сәтті қорғадыңыз. Жетекшіңізге алғыс хат жазыңыз. Мәтінді шешендік бағытта құрыңыз. Сіздің сөзіңізден жетекшіңізге деген құрмет сезімі, алғысыңыз бен риясыз көңіліңіз, қарым-қатынасыңыз айқын сезілетіндей болуы әрі жетекшіңізге де сондай ізгі көңіл-күй қалыптастыратындай болуы шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет