4-тапсырма: «Ең ардақты жан», «Арулар – асыл жандар», т.б. тақырыптардың біріне эссе жазыңыз. Эмоциялық әсер туғызарлық сөз оралымын кірістіріңіз.
5-тапсырма: «Мен көксеген ұстаз тұлғасы», «Заман адамы» эссе жазыңыз. Дәлелдеулер мен жоққа шығару, иландыру тәсілдерін қолданыңыз.
6-тапсырма: «Ұстазым ұлағатым», «Анасыз бұлбұл құс та сайрамаған» осы тақырыптарға сөз даярлаңыз. «Мейірім» «шуақ», «аялы», «аяулы», «ардақты», «қамқоршы», «ұстам», «өнеге», «тәлім», «ұлағат» «жан шуағы» т.б. сөздерге эпитет құра, синонимдік қатар жасаңыз, антонимдер жазыңыз.
7-тапсырма: «Жаз», «қыс», «күз», «көктем» т.б. сөздерге метафоралық тіркес құраңыз. Метафоралық ой құраңыз.
8-тапсырма: Ерекше айшықты дәйексөз даярлаңыз. Тақырыптары: «Кітап болмаса біз жабайыланар едік», «Ақыл мен сенімсіздік барлық зұлымдықтың бастауы», «Отан — иен дала емес, Отан — халық».
9-тапсырма: Міндетіңіз — коммуникация, коммуникативті, коммуникант терминдерін тіл айналымына ендіру; а)толық мағынасын ашу; ә)нақты тарихи сөздік; б) синонимдер табу.
Ұсынылып отырған тапсырмаларды әдістеме ғылымында белгілі дәстүрлі әдіс-тәсілдерді толықтыру мақсатында сыныптық сағаттар мен қосымша тіл дамыту жұмыстарында жүргізуге болады. Түйіндей айтқанда, жеке тұлғаның интелектуалдық ойлау белсенділігін арттыру, сөйлеу тілін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау әдебиет сабағының негізгі ұстанымы ретінде жүйелі де бағдарлы жұмыс пен кешенді тапсырмалар негізінде жүргізілген жағдайда оқушының тұлғалық қасиеттерін дамытуға болады, дарынды тұлға қалыптастыру мүмкіндіктері молаяды. Оқушының сөз өнеріне деген танымы мен талғамы өседі, қызығушылығы артады.
Пайдаланылған әдебиет: Жұмақаева Б.Д.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі: Оқулық – Жұмақаева Б.Д. Алматы, «Қыздар университеті» баспасы, 2015. – 242 бет.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті