Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі


Педагогика ғылымы мен әдістеме ғылымының ара қатынасы, ықпалы, өзгешелігі



бет9/84
Дата19.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#95365
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   84
Педагогика ғылымы мен әдістеме ғылымының ара қатынасы, ықпалы, өзгешелігі. Негізінде әдебиетті оқыту әдістемесінің қалыптасуына негіз болған педагогика ғылымы. Педагогика ғылымының дидактика саласы жекелеген пәндерді оқыту жолдарын қарастырады. Дидактика — гректің «dіdasko», яғни білім беру мен оқытудың теориясы деген мағынадағы сӛзінен шыққан. Дидактика оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, оқытудың басты ұстанымдарын және әдіс-амалдарын қарастырады. Жекелеген пәндерді оқыту жолдары дидактикалық негіздер мен ұстанымдарға сүйенеді. Әдістеме ғылымы әртүрлі пәндерді оқыту жолдарын жекежеке ӛз зерттеу аясына қарай қарастыратын болса, дидактика барлық пәндерді оқытудағы негізгі ортақ ұстанымдарды, заңдылықтарды белгілейді.
Педагогикалық ізденістердің әдістемелік теориясында педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негізін қалыптастыратын педагогикалық философия болады. Яғни, педагогикалық әрекеттердің, ізденістердің теориясы, логикасы, негізгі мәні жасалады. Осы арқылы педагогика ғылымының әдіснамалық негізінде білім берудің, тәрбиелеу мен дамытудың философиялық мәні ашылып, педагогикалық үдерістер мен құбылыстардың теориясын жасайтын педагогикалық зерттеу әдістері айқындалады. Осыдан келіп білім беру жүйесінің педагогикалық тұжырымдамалары айқындалады. Аталған зерттеу кӛздері мен білім тұжырымдамасы уақыт ӛзгерісімен дамып, жетілдіріліп отырады.
Әдебиетті оқыту әдістемесі педагогиканың дидактика саласы аясында, ішкі мазмұнында педагогикалық зерттеулер мен жаңа ізденістер легімен толығып, ӛсіп, жетіліп отыруы заңды құбылыс.
«Әдебиет әдістемесі – педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның қамтитын объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың ӛзара қарымқатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді. Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек кӛркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана ӛз шеңберінде алып баяндайды», - деген пікір білдіреді әдіскер-ғалым А.Кӛшімбаев. Әдебиетті оқыту әдістемесі қолданбалы ғылым екендігін және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, ӛзіндік арнасында дамитыны туралы Ж.Аймауытұлы маңызды пікір білдіреді.
Әдебиетті оқыту әдістемесінің негізгі нысаны педагогикалық үдеріс бола отырып, педагогика ғылымдарының бір бӛлігі ретінде зерттелмей, жеке ғылым саласы ретінде қарастырылады. Себебі педагогика ғылымы әр пәнді оқытуға байланысты ортақ тұжырымдар мен принциптерді белгілеп бергенімен, жеке ғылымдардың ішкі ерекшелігін толық аша бермейді. Педагогика ғылымының ауқымы кең. Мысалы, педагогика ғылымы баланың саясиәлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесін, ақыл-ой тәрбиесін, Отанға, туған елге, адамдарға деген сүйіспеншілікке басқа да тәрбие бағыттарында оқушыға білім беру, жеке тұлға қалыптастыру міндеттерін қамтиды. Педагогика ғылымының түпкі мақсаты жан-жақты жетілген қоғам адамын, жеке тұлғаны қалыптастыру болса, аталған міндетті жеке пәндерді оқыту әдістемесі ӛзінің қарастыратын материалы негізінде жүзеге асырады. Әдебиетті оқыту әдістемесі кӛркем шығарма арқылы қоғамды, қоршаған ортаны, адамгершілік ұстанымдарды, сӛз ӛнерінің эстетикалық күшін, адамдар әлемін таныту арқылы, адамды рухани байытуға, ӛзіндік кӛзқарастар қалыптастыруға, жан-жақты дамытуға күш салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет