Тақырыбы: «ӨМІР ЖӘНЕ ӨЛІМ. ӨМІРДІҢ МӘНІ»
ЖОСПАР:
Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны.
Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесі.
Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм.
Өмірмәндік құндылықтар туралы ілім. Абай философиясындағы махаббат мән-мағына туғызатын бастама ретінде.
Жан, адамның ішкі әлемі – күрделі құрылым. Жан – бұл адамның тұтастығы мен ашықтығы, әрі оның ішкі әлемінің тұтастығы. Алайда, бұл дүниенің тұтастығы ерекше түрде беріледі. Ішкі әлем ешқашан бірден ашылмайды, өйткені, әр уақытта санада тек бір ғана қандайда алаңдаушылық болады, бірақ рухани әлемнің тұтастығы бар. Бұл дегеніміз – ішкі жан дүниесінің жалпыға бірдей ниеті, жанның әмбебап күйлері арқасында махаббат, сенім, бақыт, үміт және ойлау сезімі (жалпы түсіністік немесе даналық) сияқты жалпыадамзаттық сезімдер пайда болады.
Өлім – адам тіршілігінің ең маңызды факторы. Біз тек өлімге бет бұра отырып, өмірді жақсы көруге құштарлық артады. Соған қарағанда адам тіршілігінің мазмұны әрі қадірі салыстырмалы тұрғыда құрметтеледі. Ежелгі грек мифологиясында ажалсыздық құдайлар адамды үкімге кескен ең қорқынышты жаза болған. Адам барлық тіршілік иелерінен өзінің өлімін білетіндігімен, өлімде барлық тірі табиғаттың сөзсіз аяқталатынын көретіндігімен ерекшеленеді. Өлім мәселесі сөзсіз жеке адамда да, қоғамдық санада да, ең алдымен дін мен философияда кездеседі.
Дін адамның өлімін оның жердегі, тәндік өмірінің аяқталуы және мәңгілік, рухани, жансыз өмірге көшу деп санайды. Ежелгі мысырлықтар адамның жер бетінде өмір сүруінен оның о дүниеге дайындығын көрді. Олар бұл дайындықты өте мұқият жүргізді - қабірлер мен пирамидаларды тұрғызды және безендірді, өлгендердің денелерін шебер бальзамдады. Аруақтарға табыну қандай да бір дәрежеде барлық діндерге тән. Ежелгі грек философиясында, ең алдымен Демокрит пен Эпикурдың еңбектерінде дәйекті және даулы, еркін ой мен атеизм өзіндік көрінісін тапты.
Өмірдің мәні, болмыстың мәні – тіршіліктің түпкі мақсатын, адамзаттың мақсатын, адамды биологиялық түр ретінде анықтаумен байланысты философиялық және рухани проблема, сонымен бірге адам жеке тұлға ретінде, адамның рухани-адамгершілік сипатын қалыптастыру үшін үлкен маңызы бар дүниетанымдық тұжырымдамалардың бірі. Ұғымдарды біржақты анықтау күрделірек, өйткені олар көбіне діни, атеистік, философиялық, этикалық және, кем дегенде, адам мен өзі өмір сүретін қоғамның тәжірибелік көзқарастарына байланысты. Әр адам – бұл адамзат ұрпағының кішкентай бөлігі, адамдардың өткен және болашақ ұрпақтарын байланыстыратын буын. Бұл адамға талаптар ұсынатын объективті қыры болмақ: оның өмірі адамзаттың қалыпты дамуына ықпал ететін кейбір жалпы талаптарға сәйкес келуі керек. Берілген императивтің өзектілігі айқын – адамзат баласының жаппай құрып кетуіне шынайы қауіп баршылық, мысалы, экологиялық апат, эпидемия. Өмірдің мәні туралы мәселенің субъективті жағы біржақты шешілмейді. Бұл мәселе әрбір адаммен өз алдына дербес ерікті көңілмен таңдау жолымен сезінілуі және шешілуі қажет. Әр адам – бұл адамзат ұрпағының кішкентай бөлігі, адамдардың өткен және болашақ ұрпақтарын байланыстыратын буын. Бұл адамға талаптар ұсынатын объективті қыры болмақ: оның өмірі адамзаттың қалыпты дамуына ықпал ететін кейбір жалпы талаптарға сәйкес келуі керек. Берілген императивтің өзектілігі айқын – адамзат баласының жаппай құрып кетуіне шынайы қауіп баршылық, мысалы, экологиялық апат, эпидемия. Өмірдің мәні туралы мәселенің субъективті жағы біржақты шешілмейді. Бұл мәселе әрбір адаммен өз алдына дербес ерікті көңілмен таңдау жолымен сезінілуі және шешілуі қажет.
Қорқыт жырларының мазмұны табиғаттың тылсым күштерін, адам жанының көңіл-күйлерін, жүрек сезімін қобыз сарынымен үндестіре отырып, үлкен бір философиялық ой-арнаны асқан сұлулықпен, нәзіктікпен, ең алдымен ерекше даналықпен жеткізе білген. Мұндағы философиялық даналықтың терең ойлылығы – өліммен күресу, өлімді өнермен жеңе білуінде. Аңыздардағы Қорқыт философиясының негізгі түйіндерінің бірі – ажалды өмірдегі бар зұлымдық пен жауыздықтың басы деп тану, онымен күресу, өмірдің тұрлаусыздығын мойындамау, мәңгілік ғұмырды аңсау. Бұл қазақ ойлау тәсілінің метафоралығының бір көрінісі. Қорқыт күйі шынында тым әсерлі, сазды, мазмұны жағынан (өнер барда өлім жеңбек емес) терең. Өмірдің мәні, бақытты ғұмыр жайында тебіреніп ой толғайды. «Адам өмірін табиғат дүниесімен бірлікте, үйлесімде қабылдауға бағытталған қазақ халқының танымы халық ауыз әдебиеті мен музыкада, сана мен сезімнің бірлігінің негізінде қарастырылған. Қорқыт бір адам емес. Оның аңыз болатын себебі, Қорқыт – бүкіл мәдени болмысты біріктіретін түсінік, яғни мәңгілік уақытқа бағынбайтындығын көрсетеді.
Қорқыт түсінігі арқылы біз қазақ философиясындағы экзистенциализм бағытын байқаймыз. Қазіргі заманның негізгі мәселесі – өмір сүрудің өмірдің мағынасына, мәніне сәйкес келмеуінде жатыр. Және де экзистенциалистердің айтуы бойынша өлім адам өмірін шектеуші және анықтаушы күш болып табылады. Қорқыт түсінігі өлім арқылы адам өмірінің көкжиегінің шектеулілігіне күмән келтіреді. Сөйтіп, адам болмысын шексіздікке жетелейді. Міне, даналықтың негізі де осында жатыр.
Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесін қарастыратын бағыттар – фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм.
Фатализм (лат.«fatalis» – тағдырмен алдын-ала анықталған, өлім) кез-келген оқиға мен әрбір адамның еркін таңдауы мен мүмкіндігін қоспағанда, бастапқы тағдырдың сөзсіз жүзеге асуы ретінде қарастыратын дүниетаным.
Гедонизм (гр. «hendone» - рахаттану) – ләззат тек жоғары жақсылық қана емес, сонымен бірге, өмірдің мәні де туралы ілім. Ілімге сәйкес барлық қалған құндылықтар рақатқа жетудің кілті болып табылады. Бұл ілімнің тұжырымдамасын ежелгі грек ойшылы Аристипп жасаған. Философ адам жаны үшін 2 күйді анықтады – рахат және азап. Ләззаттың түрлері бір-бірінен ерекшеленбейді, өйткені олардың мәні бірдей сапалы. Аристиптің пікірінше, бақыт – бұл азапсыз рақаттың жоғары дәрежесі, ал өмірдің мәні – тән рақаты.
Волюнтаризм (лат. «voluntas» – ерік-жігер) – табиғат пен қоғам заңдылықтарын жоққа шығаратын, шындықтың мәнін, сондай-ақ, адам әрекетін сөзсіз ерік-жігермен көретін идеалистік философиялық бағыт. Рухани өмірдегі ерік-жігерді атап көрсете отырып, волюнтаризм рационализмге (немесе интеллектуализмге) – ақылды (немесе ақыл-ойды) тіршілік негізі деп санайтын идеалистік философиялық жүйелерге қарсы тұрады.
Функционализм – сана мен философияға балама ретінде пайда болған қазіргі сана философиясының жетекші теорияларының бірі. Функционализм өз бастауын Аристотель, Томас Хоббс және Уильям Джеймс философиясынан алады, алайда тәуелсіз теория ретінде ол ХХ ғасыр соңына қарай қалыптасты. Функционализмнің негізгі идеясы психикалық күйлер физиологиялық та, феноменальды қасиеттер де емес, бірақ ақпаратты өңдеудің себептік тізбегінде анықталған қызметтер болып табылады. Функционализм – бұл ғылыми психологияны жан-тән мәселесін қарастырмай құруға талпыныс. «Қазақ даласына тән данышпандық ой-толғаулардың, кесім-биліктердің, ой-тұжырымдардың қай-қайсысын ашып қарасаңыз сөз даналығының өзегі – адам. Адамның келешегі мен бүгінгісі, қайғысы мен қуанышы, арманы мен тілегі, қиыншылығы мен бақыты, болмысы мен болашағы. Демек, даналық және адамгершілік бір-бірімен тығыз байланыста жетіледі. Даналық, толысқан зерделілік пен адамгершілік теңдік пен келісімнен тұрады. Бір сөзбен айтқанда, ұлағаттылықтың үйлесімділігін құрайды.
Данышпан Абай атамыз өзінің тереңнен толғаған озық ойларында оның шынайы туындысы болған моральдық қисындарды, адамгершіліктің талап-тілектерін ашып көрсеткен. Өмірлік тәжірибесін қорытқан ойшыл келешек ұрпаққа ақыл айтып, өсиет сөздерінің негізінде адамгершіліктің сара жолын нұсқайды. Абай бәрінен де ар-ұятты жоғары қояды. Адамның ең асыл қасиеттері осылар деп білген. Отыз алтыншы сөзінде: «Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы» деген ой қорытындысынан үлкен моральдық тұжырымды көреміз.
Coнымeн қaтap, Aбaй «Қaзaқ тa aдaм бaлacы ғoй, көбi aқылcыздығынaн aзбaйды, aқылдың cөзiн ұғып aлapлық жүрeктe жiгeр бaйлayлылықтың жoқтығынaн aзaды»,-дeп тұжыpымдaйды. Aл oлapды өзaрa бiрiктipiп жaлпылық дeңгeйгe көтeрeтiн нeгiзгi күш – oл ғылым. «Ocы үшeyің бacыңды қoc, бәрiн жүрeккe билeт, - дeп ұқтыpып aйтyшының aты ғылым eкeн. Oсы үшeуiң бiр кiсiдe мeнiң aйтқaнымдaй тaбылсaңдap, тaбaнының тoпырaғы көзгe сүртeрлiк қacиeттi aдaм coл»,-дeйді Aбaй. Халқымыздың ұлттық зердесінде сақталған, жадында жатталған інжу-маржандай көркем ойларға толы даналық сөздердің мазмұны негізінен ұлағаттылық пен жақсылыққа жетелейтін кісілік асыл қасиеттерді іздестіру және сол негізде тәрбиелеу сияқты құндылықтарға толы. Адамгершілікке тән құнды дүниелерді, идеяларды ұсына отырып, талап-жігер мен ықылас-ынтаны арттыруда халық даналығы мен дала кемеңгерлері, дара тұлғалардың атқарған рөлі өте зор болды. Демек, даналық адамгершіліктен жоғары, яғни ақыл мен зейін-зерделілік адамдықтың ең жоғары белгісі.
Бір сөзбен, имандылықтың белгісі деп те айтуға болады. Себебі, иман жүзді адам дегеніміз – ұжданды адам деген сөз. «Ұят кімде болса, иман сонда» демекші, адамның екі дүниесінде сенімді серігі – иман. Ақыл – иманның сақшысы. Ақылды да иманы берік адам ешбір қиянатқа, жамандыққа, жауыздыққа баспайды. Адамдықты арсыз, арбау дүниеден ажыратып алар тек ақыл мен иман. Сол себепті халықтық көркем дүниелердің мазмұны имандылықты, ақылдылықты, әділет, адалдықты, бір сөзбен айтқанда, адамгершілікті өзек еткен. Қазақта: «Өлімнен ұят күшті», деген сөз бар. Демек, адам болып өмірге келген соң, адамша өмірден өту әр адамның өз еркінде. Міне, осылайша өлімді жеңбек бар.
Достарыңызбен бөлісу: |