Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі


Әдебиет пәнін оқытуда мұғалімнің міндеттері



бет3/84
Дата19.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#95365
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Әдебиет пәнін оқытуда мұғалімнің міндеттері. Әдебиет әдістемесінің мазмұнын белгілеудегі басты мәселелердің біріне мұғалімнің әдебиет пәнін оқытуда қолданатын әдіс-амалдары, тәсілдері жатады. Бағдарламадағы материалды ӛтуде кӛзделетін қорытынды нәтиже бір болғанымен әрбір мұғалім бұл мақсатқа әртүрлі әдіс-тәсілмен жетеді. Негізгі мақсатқа қызмет ететін жол мен әдіс-амалды таңдап алу мұғалімнен аса жауапкершілік пен шеберлікті талап етеді. Себебі әдеби материалдың ерекшелігіне қарай әрбір сабақтың ӛзіне тән тақырыбы, мақсаты, құрал - жабдықтары, әдіс-тәсілдері, құрылысы мен сабақтың жүйесі, мазмұны болады. Сабақ ӛтілетін материалдың ӛзгешелігіне қарай, оқушыларға берілетін білім-дағдылардың түрлеріне байланысты, оқушыларға берілетін білім-дағдылардың түрлеріне сай әр алуан құбылып, түрленіп отыратын құбылысқа, күрделі оқу-тәрбиелік үдеріске жатады. Әрбір сабақтың жақсы немесе сәтсіз ӛткенін дұрыс бағалау үшін, оған ғылыми жолмен талдау жасалады. Талдауда барлық факторлар есепке алынады. Сол факторлардың нәтижесінде ғана әрбір сабақтың сапалы және сапасыз жақтарын ажыратуға мүмкіндік туады. Сӛйтіп, әдебиет әдістемесінің негізгі міндеті: мұғалім жұмысының әдістері мен тәсілдерін ұстанымдық жолмен негіздеп беру. Бұл әдебиет әдістемесінің ең басты мәнмазмұны болып табылады.
Әдеби білім кезеңдері. Жалпы білім беретін орта мектептердегі әдеби білім бағдарламасы екі кезеңге бағытталған: 5-9 және 10-11 сыныптар. Бұлай бӛлінуі психологтардың еңбектеріндегі оқушылардың даму кезеңдерінің сипатына байланысты. Бағдарламада әдеби білім компоненті және орташа білімнің уақытша стандартының мазмұны кӛрсетіледі. В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту теориясы»1 еңбегінде «жетекші қызмет» термині қолданылады, ол баланың психикалық даму кезеңінде негізгі ӛзгерістерді кӛрсетеді. Соның ішінде қоғамдық мәндегі қабілет балаларда 10-15 жасында қалыптаса бастайды. Оған қоса еңбекқорлық, қоғамдық-ұжымшылдық, спорттық және кӛркемӛнер бағытындағы қызметтерді де жатқызады. Жасӛспірімдерде әртүрлі топ мүшесімен қарым-қатынас жасай алуы, ӛзінің мүмкіншіліктерін бағалай алуы, яғни іс-тәжірибе нәтижесінен туындайтын сана қалыптасатынын атап ӛтеді. Оқу-кәсіби қызмет жоғарғы сынып оқушыларында 15-тен 17-18 жаста пайда болады. Оларда кәсіби қызығушылықтары, ӛмірлік жоспарларын құру қабілеті дамиды, тұлғаның адамдық және азаматтық ұстанымдары, дүниетаным туралы негіздері қалыптасады.
Психологияның даму аймағында әртүрлі ғалымдардың пікірлерін келтіре отырып, В.В.Давыдов А.Н.Леонтьева мен Д.Б.Эльконина адамның тұлғалық және психикалық дамуының негізі оның қызметінің дамуында деген ой білдіреді. Соған орай қызметтің сипаты және адамның психикасы тұлға деп түсіндіріледі. А.В.Петровский үшін психика тұлғаның құрамына кіреді, ал оның дамуы адамның қоршаған ортамен арақатынасының ӛзгеруімен анықталады. Әр түрлі жастағы оқушылардың әдеби дамуы мен оқу қызметі әдістеме ғылымда да зерттелген (Н.Д.Молдавскаяның, Н.И.Кудряшевтың, В.Г.Маранцманның, О. Ю. Богдановтың еңбектері т.б.).
Әдеби білімнің басты мақсаты отандық және әлемдік классикалық әдебиетті, рухани байлықты қабылдау, кӛркем мәдени түйсік және тәрбие, оның негізінде адамшылық, эстетикалық талғам, сӛйлеудің мәдениеті қалыптасады. Әдеби білімнің мазмұнының негізі кӛркем мәтіндерді әдеби, этико-философиялық және тарихи-мәдениетті компонеттер түрінде оқу және зерттеу болып саналады. Қазіргі бағдарламалар әр тақырып бойынша бӛлінетін уақыт мӛлшері жӛніндегі нұсқаулардан ғана тұрмайтыны белгілі. 11 сынып түлектері ӛз таным-түсінігі мен пайымына қарай шығарманың тақырыбын, жетекші ойын тұжырымдайды және кӛркем мәтіндердің ішкі құрылымдық жүйесін талдайды. Әдеби білім кезеңдеріне сәйкес білім мазмұнының жіктелісі. Бастауыш сыныптарда негізінен оқу мәдениетінің бастапқы білімі қалыптасады, мәтінді жүргізіп оқу, мәнерлеп оқудың алғашқы дағды, машығы және кӛркем шығарманы түсініп оқу, ішінара (элементтік) талдаулар жүргізіледі. Кӛркем мәтін негізгі білім беру кӛзі ретінде танылады. Кӛркем мәтін айналасында кӛптеген оқу әрекеттері жүзеге асырылады: дүниетанымдық, шығарманы эмоциялық қабылдау, сӛйлеу тілі дағдылары – барлығы мәтін оқу әрекеті тӛңірегінде іске асады.
Мектеп оқушысы мектепке дейінгі тәжірибесіне сүйене отырып кӛркем шығарманы тұтас құрылым ретінде таниды әрі жеке автордың туындысы ретінде қабылдай бастайды.
Әдеби білім негізі орта буын сыныптарда қаланады. Алғаш кӛркем шығарма әлемін тануға күш салынады. Әдебиет пәні кӛркем мәтіндерді негізгі құрал ретінде пайдалана отырып, алғаш ӛнердің үлкен саласының бірі әдебиеттану сабақтарын бастайды. Әдебиет теориялық білімнің де бастапқы негізі осы орта буын сыныптардан қаланады. Шығарманы мақамына келтіріп оқу дағдылары орта буында толық қалануы тиіс. Шығарма композициясын таныту мақсатындағы мәтінге жасалатын жоспар түрлері, оқушының жазба тілі мен сӛйлеу тілін дамыту әрекеттері, сӛз образы мен кӛркем кейіпкер образына талдау жұмыстары, шығарманың тілдік ерекшеліктерін ажыратып тану, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін ажырату, шығарманың кӛтерген басты мәселесі, қосалқы тарырыптар, шығарма ӛзегіндегі авторлық кӛзқарас, автор поэтикасы, шығарма идеясын таныту жұмыстары 7-9 сыныптарда белсенді жүргізіледі.
Оқушылардың сӛйлеу мәдениеті, ойлау мәдениеті және, авторға, кӛркем шығарма кейіпкеріне эмпатиялық қарым-қатынас, эмоционалды қайырымдылық, ӛз басынан кешкендей сезіну қабілеттері де осы орта буын сыныптарда қалыптасады.
5-9 сыныптардағы әдебиет пәні бағдарламалары қазақ әдебиетінің үздік шығармаларын шоғырландыру ұстанымы және хронологиялық жүйе бойынша құрылған. Сонымен қатар әлем әдебиеті үлгілері де ұсынылған. Әдетте орта буын сыныптарда қаламгердің ӛмірбаяндық деректері беріледі. Орта буын (5-9) сыныптарда қаламгер ӛмірбаянын дербес сағат кӛлемінде оқыту жоспарланбаған. Ӛмірбаяндық деректер оқылатын мәтін мазмұнын ашуға қызмет жасайды. Әдеби-теориялық білім мен әдебиеттің тарихи курсын оқуға даярлық та орта буында жүргізіледі. Ал автор ӛмірбаянын жеке сағат кӛлемінде оқыту әдебиеттің тарихи курсын, автор шығармашылығын монографиялы түрде оқитын 10-11 сыныптарға тән.
5-9 сыныптарда әдебиет теориясынан түсініктерді мақсатты түрде игеруге және кӛркем шығарманың поэтикасын қарастыруға зер салынады. 5-6 сыныптарда оқушылар мәтіндегі кӛркем сӛз айшықтарын (теңеу, метафора, эпитет, метонимия т.б.) тауып қана қоймай, олардың мәнін, кӛркем мәтіннің табиғи ажарын келтірудегі қызметін ажыратып тануға ден қояды. Әртүрлі суреттерді сӛзбен бейнелеуді үйренеді, жанр ұғымын ашады, белгілі бір сӛздердің мағынасын, композиция мағынасын және оны құрайтын компоненттерін түсінеді. Осыған әңгімелесудің нәтижесі, мазмұндау, іскерлік ойындар жазбаша шығармашылық жұмыстар арқылы қол жеткізеді.
5-6 сыныптарда ауыз әдебиетін оқып үйрену арқылы оқушылар халықтың ұлттық рухын, дүниетанымын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін мәдени мұра ретінде танып біледі. Халық ауыз әдебиетін оқып-үйрену оқушының рухани жетілген әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуына, халқының ӛткені мен бүгінін салыстырып, ой елегінен ӛткізе алуына жәрдемдеседі.
Орта буын сыныптарда әдебиет пәнін оқытуда оқушылардың ӛзіндік ерекшеліктерін, қызығушылықтарын дамыту, оқушының танымдық ойӛрісін, эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлауын жетілдіру, коммуникативті құзірет жетілдіру басты назарға алынады. Оқушының ізденімпаздығын, белсенділігін, ӛз бетімен жұмыс істеу қабілетін, шығармашылық ойлауын қалыптастыруда олардың ӛзіндік ерекшеліктері, қабілетқарымдары ескеріледі.
10-сыныпқа арналған білім мазмұны ХІХ ғасыр әдебиетіндегі қазақ елінің болашағын ағартушылық идеясымен байланыстыратын, саяси және рухани тәуелсіздік рухы біріктіретін ақын-жазушылар топтамасынан құрылған. Тәуелсіз елдің ӛз мұраларын жаңа заман идеяларына сәйкес танып білу мақсатынан әдеби білім мазмұны толыға түсті. Осыған орай әдебиеттің кӛрнекті ӛкілдерінің мұраларын дербес сипатта оқыту жоспарланған. Қазақтың сӛз ӛнері мен музыкалық мұрасының дамуына елеулі үлес қосқан сал, сері, әнші, сазгер ақындар шығармашылығы қамтылған.
Ал 11 сыныпта берілетін білім мазмұны ХХ ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейінгі уақытты қамтиды. Осы орайда Х.Есенжолов, І.Есенберлин, Қ.Аманжолов, Ж.Молдағалиев, Ә.Тәжібаев, Ә.Нұрпейісов, Ӛ.Бӛкей, Ш.Мұртаза, М.Мақатаев, Қ.Мырзалиев, С.Жүнісов, Ә.Кекілбаев, Т.Молдағалиев, С.Мауленов, Т.Ахтанов, М.Шаханов, т.б. қаламгерлердің шығармалары оқытылады. 11 сыныпта ХХ ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейінгі қазақ әдебиеті туралы білім қалыптастыру кӛзделген.
Бағдарлы сыныптарда тақырыптық жүйеге орай әдебиет теориясы мен әдебиеттану ғылымынан түсініктер беріледі. Орта буында басталған әдебитеориялық ұғымдар тереңдетіле отырып, әдебиеттiң тектерi мен жанрлары, авторлық стиль, туындының композициясы, тiлдік ерекшелігі, әдеби ағым туралы ұғым тереңдетіледі.
10-11 сыныптарда әдеби мәтінді оқыту әдістемесі орта буын сыныптарға қарағанда ӛзгеше. Орта буын сыныптарда кӛлемі шағын әдеби мәтіндер сыныпта не үйде оқытыла отырып, тұтастай талдауға бағытталса, жоғары сыныпта ұсынылатын әдеби шығармалар үзінділер емес, бұл сыныптардағы ақын-жазушылар шығармашылығы монографиялық тұрғыда оқытылады. 1011 сыныптарда шығарманы мүмкіндігінше тұтастай оқыту кӛзделген. Әдеби талдау жоғары сыныптарда да жүзеге асырылады. Дегенмен, орта буын сыныптарға қарағанда әлдеқайда күрделі құрылыммен, белгілі бір ӛзекті мәселеге орайластыра талданады. Қаламгер шығармашылығы монографиялы түрде оқытылуына байланысты қаламгердің белгілі бір әдеби жанрдағы ерекшелігі (егер шағын кӛлемдегі эпикалық түр болса) бірнеше шығармасымен не осы саладағы ӛзге қаламгер шығармашылығымен салыстырыла талдануы мүмкін. Сондай-ақ талдауға нысан болатын кӛлемді туындысы (роман, роман-эпопея т.б.) әр тарапты проблемалық ұстанымда талдануы қажет. Орта буында бір ғана шағын шығарманың ішкі құрылым жүйесі, образдары талданса, жоғары сыныпта талдау нысанына кӛлемді шығарманың тұтас құрылымы, әлеуметтік, саяси мәселенің кӛрінісі, образдар галереясы, әдеби үдерістегі орны т.б. ауқымды мәселелері алынады. Кӛбіне белгілі бір кӛтеріліп отырған мәселе тӛңірегінде оқушының ӛзіндік кӛзқарастары, дәйектемелері, жеке ұстанымдары есепке алынуы керек. Жасыратыны жоқ кӛбіне, бүгінгі мектеп практикасында жоғары сынып оқушыларының ӛзі шығарма тӛңірегіндегі баяндаумен шектеліп жүр. Оқушы тарапынан оқиға желісін баяндау ағаттық емес, тек бұл тәсіл орта буынның 5-6 алғашқы сыныптарына тән оқу әрекеті. Оқушының сӛйлеу тілін дамыту мақсатында жүзеге асырылатын тәсілдің бірі. Ал жоғары сыныпта оқырман ретінде, әдеби мәтінді ӛнердің бір перзенті ретінде танып, талғаммен қарау, шығармадағы кӛтерілген мәселеге азаматтық ұстанымын білдіру, шығармадағы кейіпкерлер әлемін тануда типтік бейне, шынайы ӛмірмен байланыс тұрғысында баға беру басым болғаны абзал. Сол себепті жоғары сынып оқушыларына әдебиеттің сыны, оқулыққа енген шығармалар жайлы әдебиеттанушылардың пікірлері де қоса ұсынылған.
Тәуелсіздік жылдарда жарық кӛрген қазақ әдебиеті бағдарламасынан бері (1997 жылы 5-9 сыныптарға арналған қазақ әдебиеті бағдарламасының жобасы)1 орта буын болып етептелетін 5-9 сыныптар екі салаға жіктеліп беріліп жүр. Авторларымыз әдебиеттік оқудың ұстанымдарын 5-7 сыныптарға топтастырып, 8-9 сыныптан бастап ежелгі дәуір әдебиеті, ХІХ-ХХ ғасыр әдебиетін ұсынып келеді. Ал 9 сыныптан басталатын әдебиеттің тарихи курсында ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап ежелгі дәуір әдебиеті кезеңіндегі мұралар, хандық дәуір әдебиеті, ХІХ-ХХ ғасыр әдебиет ӛкілдері қайта ұсынылып келеді. Психолог мамандардың оқушы дамуының кезеңдеріне қатысты зерттеулері негізінде қалыптастырылған әдеби білімнің екі кезеңі: 5-9, 10-11 сыныптардағы әдеби білім мазмұны сақталғаны дұрыс деген пікірдеміз. Себебі әдебиеттің тарихи курсын белгілі бір әдеби білім кезеңіне ғана (10-11сыныптар) топтастырмау салдарынан, оқу материалының қайталануына жол берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет