Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі


Әдебиет пәнін оқытуда қалыптасқан әдіс-тәсілдер жүйесі



бет33/84
Дата19.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#95365
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   84
Әдебиет пәнін оқытуда қалыптасқан әдіс-тәсілдер жүйесі. Әдебиет пәнін оқытуда алғаш әдіс-тәсілдер жіктемесінің ӛзгеше құрылымын ұсынған ғалым – Н.Кудрящев.2 Ол әдістерді ішінара үйлестіре қолдану арқылы оқутаным әрекеттерін белсенді етуді кӛздейді. Әдіскер-ғалым М.Н.Скаткиннің, И.Я.Ларнердің әдістер жүйесіндегі еңбектеріне сүйене отырып, бірнеше әдістәсілдерді жіктейді. Оқытушы мен оқушының оқу әрекетіне қарай:
1.Түсіндірмелі-иллюстративті;
2.Ақрапатты;
3.Репродуктивті;
4.Проблемалық баяндау әдісі;
5.Эвристкалық әдіс немесе ішінара ізденіс әдісі;
6.Зерттеу әдісі.
Кӛп жылғы әдебиет пәнін оқыту әдістемесінің тәжірибесіне сүйене отырып, әдебиет пәнін оқытуды ӛзіне тән әдістер жүйесінің қалыптасқанын кӛруге болады.
Оқыту әдістері туралы В.В.Голубков «Оқыту әдісі жүйелі қолданылытын педагогикалық еңбекке үлкен ықпалы бар оқыту түрі» деген тұжырым білдіреді. Ол әдебиет пәніне тән әдістер жүйесін былайша топтайды:
1.Лекция әдісін кең кӛлемде қабылданатын негізгі әдістің бірі ретінде жаңа оқу материалын түсіндіруде, мұғалімнің әңгімесі түрінде түсінік бере отырып оқу түрінде қолданылатынын айтады. Оқу материалын мәнерлеп оқи отырып тыңдаушыға жеткізетін, жаңа оқу материалын баяндайтын лекциялық әдіс деп түйеді.
2.Әдеби-сұхбат әдісі.
3.Оқушылардың ӛздік жұмыс әдісі деп оған шығарма, баяндама, ауызша баяндама, жазба жұмыс түрлерін жатқызады. Яғни, оқушының ауызша, жазбаша баяндамасы және шығармасына бағытталған ӛздік жұмыс әдісі.
Сонымен қатар В.В.Голубков жұмысты ұйымдастырудың формасы мен тәсілі туралы айта келіп, әдіске қарағанда тәсіл ұғымының ауқымы тарлығын, әдістің құрамды бӛлігіне жататынын білдіреді.
Әдебиеттік оқу сыныптарының әдістемелік жүйесін қалыптастырудағы еңбегімен еленетін әдіскер– М.А.Рыбникова. Әдіскер кӛптеген әдіс-тәсілдердің түрлері мен қоданылу ерекшелікетерін топтастырған. Оның еңбектерінде лекция әдісі, әңгіме әдісі, оқушылардың ӛзіндік шығармашылық жұмыс тәсілдері, түрлі түсініктемелер, мәнерлеп оқу, әдеби кӛрме ойындары, сыныпта және сыныптан тыс жұмыстар т.б. кӛптеген әдістемелік нұсқаулар беріледі.
Ал әдіскер-ғалым Н.И.Кудряшев әдебиет пәнінен оқу-танымдық жұмыстарды ұйымдастырудың тұтас құрылым жүйесін ойластырады. Ғалым бірнеше әдістерді ұсынады. Олар:
1.Шығармашылық оқу әдісі;
2.Эвристикалық әдіс;
3.Зерттеу әдісі;
4.Репродуктивті әдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет