Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі


Әдіс–тәсілдерді әдебиет пәнін оқытуда тиімді пайдалану



бет34/84
Дата19.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#95365
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   84
Әдіс–тәсілдерді әдебиет пәнін оқытуда тиімді пайдалану. Әдіскерғалымдардың әдебиет пәнін оқытуда қалыптастырған әдістер жүйесін саралай келіп, пәннің ішкі құрылымы мен ӛзіндік ерекшелігіне сай әдістерді тиімділікпен қолдану мүмкіндіктерін қарастырып кӛрейік.
Шығармашылық оқу әдісі. Шығармашылық оқу әдісі әдебиет пәнін оқытуға тән негізгі әдістің бірі болып саналады. Бұл әдістің мақсаты мен міндетінің ӛзі оқушылардың шығарманы кӛркем қабылдауына жол ашу, шығарманың кӛркемдік табиғаты мен әсерін сезіну қабілетін туғызу. Сондайақ шығарманы кӛркем қабылдау мен эстетикалық әсер алу әдебиетті ғылыми негізде түсінуге де ең қажетті баспалдақ. Шығарманы қабылдау үдерісінде оның шығармашылық ерекшелігін меңгеру де қатар жүріп жатады. Н.И.Кудрящев бұл әдісті оқушылардың кӛркем мәтінді алғашқы қабылдауын ұйымдастыру мақсаты мен оны талдаудың алғашқы кезеңдерінде қолдануды кӛздейді.
Ғылыми еңбек пен публистикалық мәтінді оқудан кӛркем шығарманы оқу әлдеқайда басқаша. Кӛркем шығармада әр сӛзге, фразаға, ырғаққа мән беру арқылы санада қайта жаңғыртып эмоциялық әсер туғызады. Сӛз ӛнерін оқыту арқылы оқушыларға сӛздің мәнін жете тануға, ішкі әсері мен мағынасына үңілуге, мәнерлеп оқып, ӛздері де кӛркем сӛйлей білуге үйрену кӛзделеді. Абайдың:
«Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды, Жүрек тербеп оятар баста миды.
Бұл дүниенің ләззаты бары сонда,
Ойсыз құлақ ала алмас ондай сыйды», – деп айтқанындай, кӛркем шығарманың эмоциялық күші мен қуатын пайдалану арқылы оқушының таным қабілетін ӛсіруге салмақ салынады. «Әдебиет адамдарға ӛмірді танытып қана қоймайды, олардың сол ӛмірге кӛзқарастарын қалыптастырады, мінез-құлқына ықпал етеді, күллі тұрмыс-тіршілігіне әсер етеді» деген З.Қабдоловтың пікіріндей әдебиетті оқытудың мақсат- міндеттері түрлі әдістәсілдердің, амалдардың негізінде жүзеге асады. Шығармашылық оқу әдісі «оқу» деген ұғыммен қатысты болғанымен сол оқудың тӛңірегінде мұғалім мен оқушының түрліше әдіс-тәсілдер мен әрекеттерінің негізінде жүзеге асыралады.
Шығармашылық оқу әдісіне тән тәсілдер мыналар:
1.мұғалімнің кӛркем сӛз мәтінін мәнерлеп оқуы;
2.кӛркем сӛз шеберлерінің мәнерлеп оқуы;
3.сахна шеберлерінің орындауындағы сахналық кӛріністер (күй-табақ, радио, теледидар хабарлары),
4.оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
5.шығарманың эмоциялық әсер күшін терең де мазмұнды сіңіру мақсатындағы мұғалімнің кӛркем мәтінге түсініктеме бере отырып оқуы;
6.оқылған мәтін бойынша оқушылармен пікірлесу,

  1. шығарманың ішкі мазмұнын терең қабылдай отырып шығарма мазмұнынан туындаған кӛркемдік таным, адамгершілік, саяси-әлеуметтік т.б бағытта проблемалық мәселелер кӛтеру;

  2. оқушылардың ӛмірден кӛрген, білгендеріне, түйгендеріне сүйене отырып, шығарма мазмұнынан туындаған мәселелер тӛңірегінде шығармашылық тапсырмалар беру.

Оқушылардың оқу-әрекеттерінің түрлері:

  1. шығарманы сыныпта, үйде оқу;

  2. кӛркем сӛз мәтінін сазына келтіріп мәнерлеп оқуға дағдылану;

  3. мәтінді жатқа оқу,

  4. аудиодан мәнерлеп оқылған мәтінді бірнеше рет қайталап тыңдау;

  5. эпизодтарға тақырып қоя отырып, мәтінді тұтас қабылдау мақсатында жоспар құру;

  6. мәтінге жақын баяндау;

  7. сценарий құру;

  8. шығарма оқиғаларына сәйкес суреттермен иллюстрация жасау;

  9. оқушының оқылған шығарма (қойылым, спектакль, радио хабарлары, телеқойылым, т.б) бойынша тікелей пікір жазуы;

  10. алған әсерлері бойынша шығарма жазу.

Әрбір тәсіл оқушы әрекетіне сай таңдалынады. Мұғалім оқушы әрекетіне басшылық жасай отырып, әдістер жүйесін дұрыс құра білуі керек.
Эвристикалық әдіс. Эвристикалық әдіс ішінара ізденіс әдісі деп те аталады. Мұнда да негізгі оқу материалы — кӛркем шығарма. Кӛркем шығарманы оқығандағы алғашқы қабылдауды эвристикалық әдіс арқылы тереңдету кӛзделеді. Кӛркем шығарманы талдағанда, әдетте жазушы кӛтерген адамгершілік, әлеуметтік, қоғамдық, философиялық проблемаларды қозғайды. Оқушыларға жазушы кӛтерген сол проблемаларды байқап, оларды шешудің жолдарын іздестіріп, шығарманың кӛп қыры мен құрамының негізгі бірлігін танып, негізгі ойын саралауға, ой түюге, ойын талдап, дәлелмен жеткізуге жолбасшы болу мұғалімнің негізгі міндеті болып табылады. Бұл әдіс кӛбінесе эвристикалық әңгіме түрінде жүргізіледі. Оқушылар эвристикалық әңгімеден белгілі бір дағды алған кезде оны жеке тапсырмалармен алмастыруға да болады.
Бұл әдіске тән әдістемелік тәсілдер:
1.Логикалық анық сұрақтар жүйесін құру (кӛркем шығарма мәтінін талдау, сыни мақалалар, теориялық немесе тарихи-әдеби сұрақтар негізінде).
2.Кӛркем шығарма мәтіні немесе сыни мақала, иллюстративті материалдар арқылы бүкіл топқа немесе сыныпқа тапсырмалар жүйесін құру.
3.Мұғалімнің не оқушының ұсыныстары бойынша шығарма мазмұнына сай проблема қою, сол проблема тӛңірегінде пікір сайыс ұйымдастыру.
Эвристикалық әдіс оқушыларға кӛркем шығарманы талдау жолдары мен әдістерін, әдеби процес пен әдебиет теориясы мәселелерін білуге жәрдемдеседі. Бұл әдіс оқушылардың сыни ойлауын дамытады, ӛздігінен білім алуына кӛмектеседі.
Эвристикалық әдіс кезіндегі оқушы қызметі:
1.Мұғалім сұрақтары мен тапсырмаларына кӛркем шығармадан, сыни мақаладан немесе оқулықтан, басқа да кітаптардан материал жинау;
2.Ішінара талдай отырып оқиғаны баяндау;
3. Мұғалім тапсырмасы бойынша эпизодқа, сценаға, барлық шығармаға талдау жасау;
4.Шығарманың бӛлігіне немесе тұтастай ала отырып талдауға тиімді болу үшін жоспар құру;
5.Шығарманың кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау;
6.Кейіпкерлерді, оқиғаларды, пейзажды, тілдік ерекшеліктерін салыстыра отырып талдау;
7.Шығарманы талдау барысын конспектілеуге, шығармаға, баяндамаға, кең түрдегі баяндауға кӛмектесетін жоспар құру;
8.Кӛтерілген проблема тек әдебиеттану мәселелерін ғана емес, сондайақ барлық ӛнер түрін қамтитындай болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет