Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі


Әдеби-теориялық білімнің сыныптар бойынша жіктелісі



бет57/84
Дата19.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#95365
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   84
Байланысты:
керек дүние

Әдеби-теориялық білімнің сыныптар бойынша жіктелісі. Шығарма және ақын, жазушы туралы 5-сыныпта жазба әдеби шығармамен қатар қазақтың халықтық ауыз әдебиетінің нұсқалары да ӛтіледі (мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, айтыс үлгілері). Осыларды оқып үйренумен байланысты халықтың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасында қандай түбегейлі айырмашылық барлығын айыра білуге алғашқы бақылаулар жасалады. Ал ақынжазушылардың шығармаларын ӛткенде, олардың идеялық мағынасын аңғара білуге баулиды.
6-сыныпта оқушылардың бұл жӛніндегі алған ұғымдары кеңейтіледі, шығармадағы суреттелетін кейіпкерге авторлық қарым-қатынаты аңғарту кӛзделеді. Сонымен бірге, олардың ӛмір-тіршілік жағдайына автордың кӛзқарасы қандай екеніне бақылау жасалады. Сондай-ақ әдеби шығарманың жарық кӛруіне негіз болған тарихи фактілерді де түсіне білуге үйренеді.
7-сыныпта ақын, жазушылардың ӛмірбаяны. Оның дүниетанымы, кӛзқарасы туралы ұғым беріледі. Ӛмір шындығы юморлық және сатиралық тәсілмен қалай суреттелетінін аңғарады. Оқушылардың кӛркем әдебиет, әдеби шығарма және ақын, жазушы жоғарыда ӛткен сыныптарда алған білім, дағдылары дамытылып тереңдей түседі, жинақталып тұжырымдалады. Мысалы, бұл сыныпта оқушылар кӛркем әдебиет сӛз ӛнері екені, онда ӛмір құбылысын кӛркемдеп суреттеудің шыншылдығы, типтілігі, әдебиеттің халықтығы, идеялылығы сияқты мәселелермен танысады. Әдебиеттегі жағымды образ туралы ұғым алып, жазушының шығармасында қолданылатын ирония мен сарказм сияқты кӛркемдік тәсілдерін байқап біледі.
Оқушыларға әдебиет теориясынан берілетін білімнің 2 саласына кӛркем шығарманың құрамды элементтері жатады. 5-сыныпта лайықты әдеби шығарманы оқып үйрену негізінде оқушылар баяндау мен суреттеу туралы жалпы ұғым алады; шығармадағы кейіпкерлер мен оқиғаларды тауып ажырата білуге үйренеді.
6-сыныпта оқушылардың суреттеу туралы ұғымдары кеңейтіліп, портрет, пейзаж, авторлық мінездеу туралы түсінік беріледі. Баяндау мен суреттеудің үстіне диалогпен танысып, оның шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқын ашудың бір құралы, тетігі екендігін таниды.
7-сыныпта бұлармен қатар лирикалық монологтың белгісіне бақылау жүргізіледі. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы туралы, зат-жағдай бейнеленген суреттеу туралы ұғым беріледі. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы туралы ұғым қалыптасады. 7-сыныпта кӛркем шығарманың құрамды элементтері жӛнінде ұғым қалыптасады.
Келесі сала – шығарманың сюжеті мен композициялық құрылымына байланысты мәселелер. Бұлар да жоғарыда айтылған шығарманың құрамды элементіне жатады. Бірақ композиция мен сюжет шығарманы талдаудағы күнделікті мәселелердің қатарына жататындығын, оқушылардың бұл жӛніндегі ұғымдарын бірте-бірте сатылап қалыптастыру жолы айқын кӛрінуі үшін, ӛз алдына жеке алып қарастырылады. Мысалы 5-сынып оқушыларына шығарманың композициясы деген термин айтылмайды, яғни қолданылмайды. Оқушы шығарманың композициялық құрылысын оның жай және күрделі жоспарын тізу арқылы танысады. Осының нәтижесінде шығармаға тұтастық сипат беріп тұрған негізгі бӛлімнің арасындағы байланысын айырып біледі. Ол үшін бағдарламадағы ӛлең сӛз түріндегі және прозалық шығарма таңдап алынады. Мектеп тәжірибесінде кӛбіне прозалық шығармалардың композициялық құрылымы қарастырылып жүр. Ал, лирикалық шығарманың ішкі бӛліктерін шумақтар арқылы ажырту жиірек ұшырасады. Айта кетерлік мәселе, композициялық құрылым барлық шығармаларға табиғи, тән дүние. Сондықтан мектеп қабырғасынан-ақ шығарманың композициялық құрылымын ажыратып білген жӛн.
6-сыныпта шығарманың композициялық құрылысына байланысты ұғым кеңейтіле түседі. Шығарманың құрылысымен танысу барысында, ондағы табиғат суретінен (пейзаждың) және басқа да кӛркемдік композицияның (элементтерінің) қандай рӛл атқарып тұрғанын айырып біледі. Ӛйткені шығармадағы оқиғаға кейіпкердің күйініш-сүйінішіне байланысты пейзаждың атқаратын рӛлі алуан түрлі және ол шығармалардың идеялық-тақырыптық мазмұнына бағынышты болады, яғни соған лайықты болып келеді. Сондай-ақ оқушылар шығарманың қорытынды бӛлімі композицияның құрамында қандай рӛл атқарып тұрғанымен де танысады. Қорытынды бӛлімге баяндау түрінде жазылған кӛлемді шығармада кейде эпилог, драмалық шығармада немесе спектакльде апофеоз, яғни пьесаның соңғы суреті жатады. Мұндай сурет оқиғаның салтанатты түрде аяқталатын мадақтау, оның қаһармандарын мақтаумен аяқталады. Лирикалық ӛлеңдерде ойдың түйіні кӛбіне соңына беріледі. Алайда ӛзгеше келетін құрылымды ӛлеңдер де бар.
Мысалы, «Шығамын тірі болсам адам болып» ӛлеңінде негізгі ой мен соңғы байлам алғашқы тармақта берілген.
Мысал ӛлеңдерде бұған қорытылған түйінді пікір, ақыл-ӛсиет сӛз жатады. Абайдың «Есек пен бұлбұл» мысал ӛлеңіндегі: Демеймін мені мақтасын, Я жақсын, я жақпасын.
Сонда да мұндай сыншыдан
Құдайым бізді сақтасын1,– деген соңғы сӛз, авторлық қорытынды ой кӛрінеді. Кейде шығарманың қорытынды бӛлімінің рӛлін қайталаудың бір түрі эпифора да атқарады. Мұндай ӛлең тармақтарының соңында ылғи бір сӛз қайталанады. Бұл кӛркемдік тәсіл поэтикалық тілдің әуезділігін, ӛрнектілігін күшейту мақсатында қолданады.
5-7 сыныптарда пейзаждың бірнеше түрі кездеседі. Оқушылар Абайдың пейзаждық ӛлеңдерімен танысады. Солардың ішінде лирикалық пейзажға тоқталайық.
Ы.Алтынсариннің «Ӛзен» деген ӛлеңі лирикалық пейзажға жатады. «Ӛзен» ӛлеңінде таудан аққан ӛзеннің кӛрінісі, ағысы, тоғай, кӛк шалғын шӛп т.б. мал шаруашылығымен кәсіп еткен кӛшпелі елдің ӛмір тіршілігінде ӛзеннің қандай пайдасы, маңызы барлығын кӛрсету болса, екіншіден, ақынның туған ӛлкесінің табиғатын жылы леппен сүйсіне жырлаған сезімін, кӛңілкүйін білдіреді.
Оқушылар әдебиеттік шығармадағы пейзаж, затты, жағдайды суреттеу сияқты компоненттерді шығарманың идеялық-кӛркемдік мазмұнын айқындауда, ұғынуда да маңызды рӛл атқаратынын түсінуі қажет.
Сабақ барысында мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастар жаңа қағидаларға негізделеді, ол нәтижелі тәлім-тәрбие алуға, азаматтыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға, ӛзінің және қоғамның, болашақ ұрпақтың алдындағы әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы ӛз іс-әрекетіне жауапкершілігін сезінуге, гуманистік дүниетанымды қалыптастыруға бағытталады. Бұл – қоғамымыздың қазіргі кезеңдегі басты талабы.
Мектепте әдебиет теориясынан берілетін білім мазмұны сыныптардағы кӛркем шығарма мазмұнымен қабысып жатады. Оны жалпы білім беретін мектептерге арналған әдебиет оқу бағдарламасынан да кӛруге болады. Бағдарламада қамтылған әр тақырып бойынша әдебиет теориясынан берілетін білім арнайы кӛрсетілген. Мысалға 5 сыныпқа арналған бағдарламадағы бір тақырыпты алайық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет