Қазақ әдебиетін оқыту әдістері. Қазақ әдебиеті сабағының үш құрылымдық жүйесі


Жоспар, оның түрлері. Орта және қысқа мерзімді жоспарлар, олардың ерекшеліктері



бет2/2
Дата04.12.2022
өлшемі26,76 Kb.
#54759
түріСабақ
1   2
Байланысты:
9.Қазақ әдебиетін оқыту әдістері

1.2.Жоспар, оның түрлері. Орта және қысқа мерзімді жоспарлар, олардың ерекшеліктері.

Қазіргі таңда, мұғалімдер үшін ең маңыздысы болып отырған мәселе – XXI ғасырда нені оқыту керек? Мұғалімдер оқушыларды қалай дайындайды? Мектепте мұғалім көшбасшылығы Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасында мазмұны осы екі мәселені шешуге бағытталған. Біз өзімізге «Өзгеріс не үшін қажет?», неліктен?, қалай істейміз?, одан кейін сыныпта не істеуіміз керек? Деген сұрақтарды алға тарта отырып, қарастыратын болсақ онда ең алдымен теориялық білімімізді тереңдетуден, толықтырудан басталады.


Ия, сабақтың өзгеше өтуі, яғни дәстүрлі емес сабақтың өтуі мұғалімнің жоспарды құруынан басталады. Жаңаша білім беру бағдарламасы маңызды үш құжаттан тұрады: бағдарлама, ұзақ мерзімді жоспар, орта және қысқа мерзімді жоспар. Осы күнге дейінгі біздің жасап келе жатқан «Күнтізбелік — тақырыптық» жоспарымыз – ұзақ мерзімді жоспар негізгі оқу мазмұнын қамтиды. Ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды. Яғни, ұзақ мерзімді жоспар – бұл оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәннің негізгі мазмұны нақтыланады. Орта мерзімді жоспар – ол белгілі тақырыпқа сай тізбектелген сабақтар жоспары, яғни, сол тақырыпқа тән бөлінген сағаттардың жұмыс сызбасы. Бұл жоспарды мұғалім жеке сынып үшін пайдаланады.
Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету – қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Қысқа мерзімді жоспар орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа байланысты, оқушыға арнап құрылған сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі. Яғни, Қысқа мерзіміді жоспар – жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады.
Қысқа мерзімді жоспарлауға барлық педагогтарды қамтуға болады. Мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, модульдерді қолдану, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады. Сабақтың басты міндеті — оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады. Бұл туралы әр пәннің оқу бағдарламаларында былайша жазылған: «Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады» (2, 6).
Осыған орай оқу мақсаттарын мемлекеттік стандарт, өзгертуге болмайтын инвариант деп түсінген орынды. Оқу мақсаттары оқу бағдарламасы (ҰМЖ) негізінде құрастырылған күнтізбелік-тақырыптық жоспардан алынады. Оқушылардың барлығы да оқу мақсаттарына жетуі міндет. Сондықтан мұғалімнің шешімі бойынша оқу мақсаттары бір немесе бірнеше сабақта қарастырылуы мүмкін. Оқу мақсаттарын сабақ мақсаттарына айналдыру. Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде (40 минуттан кейін) үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта (40 минут барысында) не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде (сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды.
Оқушылардың әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді. Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарының негізінде жасалады. Мұнда мұғалім ҰМЖ-да оқу мақсатын қанша сағатқа жоспарланғанына сәйкес негізгі сұрақтарды (оқу мақсатын толығымен немесе бір бөлігін) таңдайды. Әр сабақта 2-3 оқу мақсатын таңдаған дұрыс (алайда барлығы да мұнда КТЖ-ға байланысты: күнтізбелік-тақырыптық жоспарда қанша мақсат көрсетілсе, бір сабақта да сонша мақсат болады). Оқу мақсаттары алдымен сабақ мақсаттарына айналдырылады. Мұнда негізінен оқу мақсаттары өзгерілмейді, оларды тек ықшамдауға немесе түсіндірууге болады.
Сонымен бірге мұнда саралап оқыту идеясы аясында оқушылардың барлығына бірдей мақсат белгілемей, олардың танымдық деңгейлері бойынша түрлі мақсаттар қойған дұрыс деп есептелінеді. Алайда сабақ мақсаттарын саралап көрсету міндетті болып саналмайды. Дегенмен оларды көрсету оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескеретіндігін ұмытпауымыз да керек. «Оқушылардың басым бөлігі» мен «кейбір оқушылардың» сабақта қандай нәтижеге жететіндігін көрсету-көрсетпеуді әрбір мектеп өздігімен шешу керек деп ойлаймын. Ол үшін мектепте ҚМЖ құрастыру мәселесі жан-жақты талқыланып, содан кейін «ҚМЖ құрастыру ережесі» қабылданып, ереже педагогикалық кеңесте бекітілсе, бүкіл мектептің бір сарын мен ыңғайда жұмыс жасауы үшін жағдай жасалынатындығы хақ.
Жоспарды құрып отырғанда мұғалімнің алдында төменгі сұрақтарға жауап болу керек:

  • Оқушылар нені білу керек?

  • Қандай түйінді идеяларды түсінуі керек?

  • Қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?

Ал, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттеріне келсек:

  • сабақтың тақырыбын анықтау;

  • әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;

  • оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;

  • тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша түрлі жұмыс түрлерін дайындау;

  • төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдарымен ресурстардыоқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу;

  • уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;

  • жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру.

  • сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;

  • оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау;

  • тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.

Міне, сабақтың жоспарын осы сұрақтарға жауап беретіндей етіп және сабақ құрудың жоғарыдағы міндеттерін ескере отырып жоспарласақ, нәтижеге жетеміз.
Ал. нәтиже:
·оқушыға бағытталуы керек;
·белгілі бір бағытты сипаттайтын етістіктер арқылы кұрылуы керек;
·оқушының жас ерекшелігі мен оқу үлгеріміне сай болуы қажет.
Ал, сабақ барысында қолданылатын педагогикалық әдіс –тәсілдерге келсек:

  1. оқушының қатесін табу үшін есес, қайта қателерін түзету үшін оқыту;

  2. оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру;

  3. оқушыларға дебат тақырыбын таңдауға, зерттеуге және «жақтаушы, даттаушы» топтарын құруға мүмкіндік беру;

  4. дәлелдер мен айғақтарды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

  5. өз ойын жеткізуге, таңдауға және келісімге келуге, өнім жасауға мүмкіндік беру;

  6. тапсырмалар (белсенді іс-әрекеттер) арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру.

Жаңаша оқытудағы оқу үдерісінде мұғалім емес оқушы неғұрлым белсенді болады, мұғалім оқу материалын дайын күйінде бермейді, ашық сұрақ қою, назарын шоғырландырып оқу, шолу жасау, тәжірибе және зерттеу жасауға бағыттап отырса, сабақ жемісті болады. Осындай жемісті сабақтың әр кезеңде белгілі бір оқыту мақсатын қоя отырып, мұғалім оқушыларға мақсатқа жетуге, мәселені анықтауға, жауаптарды іздеуге, мәселені талқылауға, қорытынды жасай отырып, өз ойын білдіруге үйрете отырып, ашық қоғамның бәсекеге қабілетті азаматы етіп тәрбиелейді. Мысалға әр түрлі оқытудағы әдістердің мүкіндіктеріне тоқталып кетсек:

  • Оқылым және жазылымға негізделген сабақтарды құрылымды етіп құру сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді, яғни ол қызығушылығын ояту, мағынаны ажырату және рефлексия кезеңдерінен тұрады.

  • Интерактивті оқыту әдіс -тәсілі арқылы оқушы интелектісіне әсер ету, яғни ақпарат мұғалімнен оқушыға, оқушыдан мұғалімге өтіп отыруына мүмкіндік береді.

  • Белсенді оқытуда оқушылар өз пікірін айта білуді және өзгенің пікіріне құрметпен қарауды үйренеді.

  • Ұжымдық оқыту технологиясы жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді қолданып көруге бағыттап отырады.

Ұжымдық оқыту технологиясының мақсаты – қиын істерді атқаруда, топтық жұмыстарда, келісімге келуде, өзін-өзі басқару және ұйымдастыра білуде қажет болатын оқушы дағдыларын қалыптастыру.
Қандай әдіс – тәсілді қолданып өткізсек те әрбір сабақтың соңында сабаққа талдау жасап, жақсы жақтары мен кемшік тұстарын анықтап отырудың маңызы зор. Ол мұғалім әр сабақтан кейін мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет