Қазақ әдебиетін оқыту әдістері. Қазақ әдебиеті сабағының үш құрылымдық жүйесі Әдебиетті оқыту процесі. Оқытудағы әдістердің алатын орны, қызметі. Әдебиетті оқыту әдістерінің мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегін тиімді ете түсентіндігі. Оқытудың ауызекі әдістері: әңгіме, баяндау, дәріс, пікірлесу, т.б. Оқытудың көрнекілік әдістері: кесте, ауызша журнал, схема, буклеттер, техникалық құралдар, оқу фильмдері, телесабақтар, иллюстрация, демонстрация. Оқытудың практикалық әдістері: ауызша, жазбаша жаттығулар. Олардың әдеби білімді бекітудегі рөлі. Шығармашылық оқу әдісі. Осы әдісті қолдануда шәкірттердің әдеби қабілетін шыңдауына, ықылас-зейінін көркем шығарманың ішкі микроқұрылымына бағыттауына мүмкіндік алатындығы. Эвристикалық әдіс. Бұл әдістің шығармашылық әдіспен сабақтастығы, бірін-бірі толықтыратындығы. Көркем мәтінді талдауда шәкірттің интеллектуалдық ойлау қисынын қалыптастыратыны. әдеби шығарманың бойындағы адамгершілік, отаншылдық, философиялық, т.б. құндылықтар жөнінде шәкірт түсінігін қалыптастырудағы эвристикалық әдістің орны. Эвристикалық пікірлесу, оның әдеби материалды меңгертудегі пайдалы жақтары. Эвристикалық әдісті жүзеге асыратын тәсілдер. Зерттеу әдісі. Зерттеу әдісінің оқушылардың алдына жоғары дәрежедегі теориялық және практикалық зерттеу міндеттерін қоятыны. Оқушылардың әдеби материал жөнінде дерек жинау (тәжірибе, эксперимент, бақылау, кітаппен жұмыс, т.б.) және оны жүйелеу, жинақтау, теориялық талдау жасау қабілетінің зерттеу әдісін қолдану процесінде қалыптасып дамитыны. Бұл әдістің эвристикалық әдіспен сабақтастығы, айырмашылықтары. Зерттеу әдісінің сыныптағы әдебиет сабақтарында қолдана бермейтіндігі. Арнайы теориялық проблема төңірегіндегі жеке зерттеу жүргізуге лайықтылығы. Репродуктивтік әдіс. Бұл әдістің мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатыны. Оны қолдану процесінде оқушының білімді мұғалімнің дәрісінен, оқулықтан, қосымша әдебиеттерден дайын күйінде алатыны. Білімді берілген қалпында қабылдау арқылы екінші жақтың ойын ұғып, қабылдауға, еске сақтауға үйренетіні. 6-тақырып. Көркем шығарманы оқыту. Мектепте әдеби білім беру заңдылықтарын сақтаудың міндеттілігі (әдеби білім тұжырымдамасы, бағдарлама, оқулық). Пәннің функционалды қызметінің толықтығын сақтау, білімді ізгілендіру, оқу-тәрбие ісін демократияландыру, әдеби білімнің жүйелілігі мен үзіліссіздігі, ғылымилығы, оқушы жас ерекшелігіне лайықтылығы, түсініктілігі, тарихилық ұстанымы, пәнаралық байланыс т.б. Көркем мәтінді меңгертуде мәнерлеп оқи білуге үйретудің маңызы. Мазмұндау, оның түрлері. Мәтінді меңгертудің талдау-жинақтау арқылы жүргізілетіндігі. Көркем шығарманың сыныптар жүйесі бойынша белгіленген әдеби білім көлеміне сай талдау арқылы жүзеге асатыны. Мектептік талдаудың оқушының әдеби қабілетін дамытуға қызмет ететіні. Көркем туындыны талдаудың педагогикалық принциптері. Талдаудың әдебиетті оқытуда кеңінен қолданылып жүрген түрлері. Образ бойынша талдау, оның өзіндік ерекшелігі. Тақырыптық талдаудың тиімді жақтары. Проблемалық талдау. Проблемалық талдаудың оқушыны көркем туындының ішкі әлеміне бойлатудағы ерекше қызметі. Тұтас талдаудың шығармадағы авторлық позицияны көре білуге қолайлылығы. Талдау түрлерінің өзара сабақтастығы. 7-тақырып. Эпикалық шығармаларды оқыту. Эпикалық шығармаларды оқытуды ұйымдастыру. Шағын, орта, кең көлемді эпикалық түрге жататын эпикалық шығармаларды оқыту әдістемесіндегі өзгешеліктер. Проблемалық оқыту, оның эпикалық шығармаларды меңгертудегі тиімділігі. Проблемалық сұрақтардың қызметі. Проблемалық ситуация әдістәсілдері. Оқытудың проблемалы түрінде іздену принципінің басым болуы, өздік жұмыстардың орындалады, оқушылардың ойлау қабілеті дамиды, шығармашылық қиял, әртүрлі болжамдар туындайды т.б. Көркем шығарманың көркемдік құндылығы мен тәрбиелік құнарының жан-жақты ашылатыны. Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау жасау жолдары. Көркем мәтінмен жүргізілетін ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түрлері. Тіл дамыту жұмыстарының оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастырудағы қызметі. Эпикалық шығармаларды оқытудағы белгілі әдіскер мұғалімдердің кең тараған әдістемелік тәжірибелері. 8-тақырып. Драмалық шығармаларды оқыту. Драмалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктеріне тән заңдылықтармен таныстыру. Драмалық шығармалардың мәтінімен жүргізілетін жұмыс түрлері. Драмалық шығармаларға тікелей қатысты акт, көрініс, шегініс, монолог, диалог,, ремарка, т.б. әдеби-теориялық ұғымдар қызметі. Драмалық шығармалардың көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау жолдары. Драмалық образ, оның көркемдік бітіміне тән ерекшеліктерге назар аударту. Пьесаны сахналық қойылымға айналдырудағы драматург, режиссер, актер, суретші еңбегі. Драмалық қойылымдағы декорация, музыкалық көркемдеу, т.б. жұмыстардың пьеса мазмұнын күшейтудегі қызметі. Мектеп жағдайында драмалық шығармаларды оқытудағы әдістемелік тәжірибелер. 9-тақырып. Лириканы оқыту. Мектепте лириканы оқытуға арналған әдіскерлердің еңбегіне шолу. Лириканы оқыту әдістемесі шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, эстетикалық-көркемдік қуатына, сабақтың оқу тәрбиелік міндеттеріне сай берілетіндігі. Лирикадағы ақындық тіл ой нақтылығымен, табиғи бояуымен, суреткерлік қуатымен сабақ көрнекілігін қамтамасыз етуі. Оқушы қызығушылығының лирикалық шығарманың азаматтық үніндегі, әлеуметтік мазмұнындағы астарларға, жеке сөз, сөз тіркесіндегі, тұтас сөйлемдердегі көркемдік бояуларды , эмоциялық реңтерді қабылдау қабілетін дамытуға бағытталатындығы. Лириканы оқытудағы басты мәселе мазмұн мен форма бірлігін сақтау. Лирикадағы философиялық-эстетикалық, поэтикалық ой арқауын түсіну, шығармадағы шынайы адамдық сезім биігін ұғу. 10-тақырып. Әдебиет сабағында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері. Сабақ және оның кезеңдері. Кіріспе сабақ, көркем мәтінмен жұмыс кезеңі, қорытынды сабақ. Кіріспе сабақтар. Ерекшеліктері. Сабақ процесінде алатын орны. Оларды ұйымдастыруға қойылатын әдістемелік талаптар. Кіріспе сабақтардың дұрыс ұйымдастырылуы. Оларға бөлінетін уақыт мөлшері.