Қазақ әдебиетіндегі Кенесары хан бейнесі
Л.А.Серғазы,
ф.ғ.к., доцент,
Н.О.Рахметкалиева,
оқытушы
Қазақстан, Астана
Кенесары ханның ӛмірі мен азаттық жолындағы күресі кӛптеген ақын-
жазушылардың шығармаларына арқау болды. Фольклорда да, жазба әдебиетте де
Кенесары бейнесін сомдауға қалам тартқан жазушылар аз болған жоқ. Фольклорда
Кенесары тек ӛз бойына ғана тән (стиль, ӛмірбаянының жеке сарындары, тұлғаның
ерекшеліктері, “ӛзіндік” іс-әрекеттері) және оны сыртқы саясатқа қарсы күресуші ұлттық
батырлардың белгілі қатарына қосуға мүмкіндік беретін типологиялық қасиеттерді
біріктіреді.
Кенесары туралы ауыз әдебиеті шығармалары кӛпжақтылығымен және саяси-
тақырыптық байлығымен ерекшеленеді. Кенесары – Наурызбай бастаған ұлт-азаттық
кӛтеріліске байланысты поэзиялық шығармаларды былайша топтастыруға болады:
1. Тарихи поэмалар: Нысанбай – “Кенесары – Наурызбай”, Кӛкбай – “Абылай –
Кенесары”, С.Керімбеков – “Кенесары батыр”, О.Шипин – “Кенесары мен Наурызбайдың
Адырлы мен Байтақ қалаларын алуы”, Н.Ахметбеков – “Кенесары – Саржан”, “Сары
Кене” (“Жасауыл қырғыны”).
2. Лирикалық поэмалар: “Наурызбай – Қаншайым”, “Наурызбай – Фатима” (авторы
белгісіз).
3. Туған жермен қоштасу ӛлеңдері: “Кенесарының Кӛкшетауға қоныс аударуы,
бұған Досқожаның айтқан ӛлеңі”.
4. Жоқтау ӛлеңі: “Нысанбайдың Кенесары мен Наурызбайға арнаған жоқтауы”,
“Наурызбайдың Саржанды жоқтауы”.
5. Ауызша поэтикалық арнау: “Кенесарының Балғожа биге хаты”, “Балғожа бидің
Кенесарыға жауабы”.
6. Толғау: Д.Әлімбаев – “Кенесары”, М.Ж.Кӛпеев – “Сарыарқа кімдікі?”
Бұл шығармалардың мазмұны кӛркем ойды кеңінен қолданып, ӛмірді типтенген
жалпыламада суреттей отырып, 1837-1847 жылдардағы кӛтерілістің әртүрлі оқиғалары
мен кезеңдерін қамтиды. Басты кейіпкер бейнесі нақты және толық кӛрініс табады.
Кенесары кӛтерілісі халық санасында талай ӛлең-жырлардың, ауыз әңгімелердің
ӛзегі болып келді. Ондай туындылар, сӛз жоқ, тарихи оқиғалардың дәл кӛшірмесі емес,
сол оқиғалардың, дәуірдің халық ұғымындағы бейнесі, халықтың берген ӛз бағасы.
Алдымен ескертетін жағдай – Кенесары және оның батырлары туралы айтылатын жырлар
мен әңгімелер бір мезгілде пайда болмаған. Бұған қоса әңгіме, жыр шығарушылардың бәрі
ӛз заманының саяси, тарихи шындығын толық түсінген деп те айтуға болмайды.
Кейбір ақын-жыршылар бастан аяқ кӛтеріліске қатысып, оның ыстық-суығын ӛз
басынан кешірсе (Нысанбай жырау), енді бір тобы естігендерін жырға қосқан. Келесі
ақындар Кенесары кӛтерілісіне, оның басшысына жалпы дәуір тұрғысынан, бүкіл халық
тағдырының ауқымынан қарай алмаған. Қалай болғанда да, сол мұраларды жарыққа
шығару, тарихи зердеден ӛткізіп, саралау – бүгінгі күннің парызы.
Кенесары мен кӛтеріліске шыққан батырлар туралы жырлардың біразының
авторлары ел жадында сақталған. Олардың қатарында Нысанбай, Досқожа, Күдері,
Кӛкбай тағы басқа ақындар айрықша орын алады. Бұлардың жырлары ауызша дәстүрдің
үлгісінде шығарылып, ел арасында ұзақ жылдар бойы тӛгілте жырланып келген.
Кенесары туралы айтылатын жырлардың ішінде тарихи және кӛркемдік маңызы
зор бір шығарма – Досқожа ақынның Кенесарыға жермен қоштасып айтқан жыры.
Досқожа жырының ерекшелігі – сол кездегі қазақ халқын патша үкіметінің қоныстан
қууын, жерінен айырылып, мекенсіз аңша босқан халықтың зарын айтуы.
Кенесары – Наурызбай туралы айтылатын күрделі шығармалардың біреуі –
“Наурызбай – Қаншайым” поэмасы. Поэманың басында Абылай хан, Қасым тӛре туралы
қысқаша айта келеді де, Кенесарының хан болған кезін сипаттайды. Поэманың басында
Наурызбай жаңа ғана жігіт боп атқа мініп, жаңа ғана қол бастауға даярланып жүрген жас
батыр болып сипатталады. Поэмада Наурызбайдың бір барымтаға аттануы, сол барымтада
кӛрсеткен қайраты мен ерлігі айтылады.
“Наурызбай – Қаншайым” поэмасының ХІХ ғасыр әдебиетінде ерекше маңызы бар.
“Бұл ең алдымен (сюжет, композиция) адам образын жасау жағынан тӛрт аяғын түгел
басқан, ақынның алған темасы түр жағынан да, мазмұн жағынан да аяқталған, шын
мағынасындағы кӛркемдік шығарма: шын мағынасындағы поэма” 1, 157 .
“Наурызбай – Қаншайым” поэмасын шығарған ақын ел аузында халық қамқоры
боп сипатталатын Наурызбайдың адамгершілігін, ерлігін суреттейді. Тілеуқабақтың кӛп
жылқысын Наурызбайдың естуі, оны барымталап алмақ боп аттануы, жылқының алынуы,
Қаншайым мен Наурызбайдың бірін-бірі сүйіп қосылуы және осы сүйіспеншілік екі
жағының да ерлігімен, бірін-бірі зор істерде сынауымен кӛрсетіледі.
Кенесарының ақылдылығын, адамдық қасиеттерді бағалай білетіндігін кӛрсететін
бір поэма – М.Сералиннің “Топжарған” поэмасы. Поэмада Кенесарыны елдің жақсы
азаматының пана кӛретіндігі, Кенесарының ақылдылығы, басқа рудан келген жігіттің
ерлігі, оның атының жүйріктігі кӛркем берілген.
Нысанбай ақын “Кенесары – Наурызбай” жырында ұлт-азаттық кӛтерілістің ӛзекті
арнасын ауқымды қамтиды. Кенесары, Наурызбай ерлігін бұрынғы жырының дәстүрінде
бейнелей келіп, онымен бірге ӛз заманының шындығын, бүкіл халықты күйзелткен
оқиғаларды қиюластырған. “Нысанбайдың бұл поэмасының бір зор қасиеті – эпикалық
оқиғаға ақын лирика дәнін тамаша еге білген. Поэмада оқушының жан жүйесін босататын,
ойын тербететін лирикалық мотивтер кӛп. Бұл поэмамен Нысанбай ХІХ ғасырдағы қазақ
ақындарының арасында тӛрден орын алады” 1, 163 .
Нысанбай жыры мен Әуезов пьесасы бір тақырыпқа жазылған шығарма
болғандықтан, бас қаһармандардан ӛзге ортақ кейіпкерлер, ортақ желілі ұқсастықтар бар.
Пьесада да, жырда да қырғыз батыры Кәрібоз айрықша батылдығымен, елдік намысқа
ӛртенген ашу-ызасымен кӛрінеді. Мұндай ұқсастық Кенесарының соңғы шайқастарының
суреттелуінде мол. Ержанның тұтқынға түсуі, Наурызбайдың шайқас үстіндегі ерен
жаугерлігі, дулаттардың сатқындығы, ақырғы сын сәттегі опасыздық, бӛліне жарылу екі
шығармада да қатар алынады.
"Әуезов пьесасына тарихи негіз болған Нысанбай жырында Кенесарыға ерген
қолдың әдіс-айласы, Кененің ақылдылығы, Ағыбайдың әдісқойлығы мақталады. Бір
жақты кетпей қырғыз жағының да ерлік қайратын, әдіс-айласын толық баяндап отырады"
2, 56 . Бұл арада М.Әуезов пен Нысанбай жырау кӛзқарастары бірыңғайлылығы
байқалады. Нысанбай жырау “Кенесары – Наурызбай” дастанында:
“Кенесары ер болды,
Ел ішінде бір болды.
Қашқан, босқан жиылып,
Ӛз алдына қол болды…
Ақылменен іс қылмай,
Ақырында қор болды.
Қырғызға барып қырылып,
Ит пен құсқа жем болды” 3, 17 , – дегені белгілі.
Қырғызбен жауласуда қырғыз халқының айыпты емес екендігін, аздаған
манаптардың қарсылық қылығына бола Кененің жалпы қырғыз еліне, әсіресе бейкүнә
халыққа жәбір кӛрсеткенін Нысанбай ақын:
“Қол алдында жүр екен,
Қырғыздың бір данасы.
Наурызбайға кез болып,
Тұра қалды жанаса.
Кәрібоз деген кісі екен,
Ер Қанайдың баласы.
Кәрібоз сонда сӛйлейді,
Сӛйлегенде бүй дейді:
– Ей, Наурызбай, ер тӛрем,
Қарайып жүрмін қаныма!
… Не жазығым бар еді,
Кенесары ханыңа?
… Бұрыннан-соңнан бар ма еді,
Елшіге ниет ӛлімді?
Жаманқарамды ӛлтіріп,
Бір сындырдың белімді…
Не себептен хан Кене,
Қырғызға мұнша ӛшікті?
Есіркесең болмай ма,
Жолыңда жатқан бесікті” 3, 33-34 – деп, Кәрібоз айтқан ғып сипаттайды.
Ақынның Кенесары мен Наурызбайды аса ардақтайтынын, оларды қазақ халқының
қамқоры кӛріп, жанындай сүйетіндігін, елінің тұлғасы кӛретіндігін, аттарын ерекше
қадірлейтіндігін оның жоқтауынан кӛруге болады.
Ел аузында сақталған әңгімелерде қолға түскен Кенесары мен Наурызбайды
қырғыздардың ауыр азаппен ӛлтіргені айтылады. Екі шығарманы салыстыра отырып,
негізгі ұқсастықтарға тоқталсақ, олар мыналар: тарихи деректерді таңдауы (Кенесарының
қырғызға қарсы жорықтарын бейнелеуі, Кенесары ӛлімі, Кенесары әскерлерінің
қырғыздарға кӛрсеткен қатыгездігі); жеке эпизодтар (Кенесарының қырғыз елшісімен
келіссӛзі жырдағы Кәрібоз – Наурызбай айтысына сәйкес келеді); Кенесарының қырғызға
қарсы соғысына автордың кӛзқарасы.
Нысанбай ақын Кенесары мен Наурызбайдың жау қолына түсуін ғана айтып, одан
арғы жақта не болғанына тоқталмайды. Бірден оларды жоқтауға кіріседі. Арада қаншама
уақыт ӛткеннен кейін жарық кӛрген Әуезовтің “Хан Кенесі” де Нысанбай жырындағыдай
Кененің қолға түсуімен аяқталады.
Пьесадағы Нысанбай ақын да тарихтан белгілі адам. Ақынның былайғы тірлігінен
мәлімет аз. Дегенмен “Кенесары – Наурызбай” жыры арқылы халыққа аты жақсы таныс
ақын пьесада да сол ыңғайда кӛрінеді. Азаттық қозғалысының жаршысы, белсенді
қатысушысы. Халықты жалынды сӛзбен үйіріп, Кенесары мен Наурызбайдың айбынын
асырушысы. Пьесадағы автордың Нысанбай атынан айтқызатын тӛкпе жырда кӛтеріліс
рухы, от-жалыны бар. Оның ӛлеңдері ӛз кезегінде сахнаға ойнақылық, қызу қан, кӛтеріңкі
леп әкеліп, автор идеясын, бас кейіпкердің негізгі сипатын, алдына қойған мақсат-
мүддесін ашуда белсенді қызмет атқарды.
“Кенесары” (Иманжан нұсқасы), “Кенесары – Саржан” поэмалары батырлар
жырының дәстүрімен ӛмірбаяндық, шежірелік уақиғаларға тізбектей құрылған. “Кенесары
– Саржан” жырында ертегілік сарын да жоқ емес.
Үстіміздегі ғасырдың елуінші жылдарынан бастап Кенесары атын атауға
болмайтын ресми қаулылар қабылданғаннан кейін Кенесары кӛтерілісіне қырын қараған
аңыз, әңгімелер дүниеге келді.
Н.Ахметбековтің “Жасауыл қырғыны” – саясат ағымына қарай жазылған осындай
шығармалардың бірі. Хан Кененің ішкі саясаты мен бейбіт халыққа жасаған қиянаты
сонау 1950 жылдардың ресми идеологиялық бағыттарынан бастау алды. Кенесары бейнесі
халық шығармашылығында “Кенеке”, “Кене”, “Хан Кене”, “Кенехан” деген сияқты жай
және жылы есімдермен аталады.
Аты аңызға айналған хан ӛмірі мен әрекеті туралы шығарма жазу сӛз шеберлерінің
қиялын ұзақ уақыт бойы мазалады. Оның халық ақындарын шабыттандыратын бейнесі
жазушылар мен ақындардың ынталы назарын аударды және осы уақытқа дейін аударып
келеді. Жылдан жылға шеберлік пен толысудың әр деңгейіндегі Кенесары тұлғасы
барлық алдыңғы әдеби жанрларда іске асып келеді. Мысалы, Ә.Бӛкейхановтың
“Кенесары”
ӛлеңінде,
М.Сералиннің
“Топжарған”,
І.Жансүгіровтің
“Күйші”,
М.Жұмабаевтың “Оқжетпестің қиясында”, “Ертегі” поэмаларында, Қ.Бекхожиннің “Батыр
Науан” поэмасында, М.Әуезовтің “Хан Кене” трагедиясында, І.Есенберлиннің “Қаһар”
романында кӛрінеді. Кенесары туралы кӛркем шығармаларға тарихи-биографиялық очерк
жанрында жазылған шығармаларды (А.Кенесарин – “Кенесары мен Садық сұлтандар”),
күнделік түріндегі (А.Янушкевич – “Күнделіктер мен хаттар”) шығармалар немесе
мемуарларды (К.Барон – “Қырғыз тұтқынындағы тӛрт ай”, А.Орлов – “Орыс әйелі
Кенесарыда қонақта”) жатқызуға болады. Кенесары Қасымұлы бастаған кӛтеріліс
жаңғырығы Г.Шевченконың “Құдай есігінің алдында сокира жатты…” деген ӛлеңінде
кӛрініс тапты және Ж.Верннің “Патша жаушысы” атты романында да суреттелген.
Бір шығармаларда Кенесары әңгіменің орталық кейіпкері (М.Жұмабаев поэмалары,
М.Әуезов трагедиясы, І.Есенберлин романы) ретінде суреттеледі. Оларда Кенесары
бейнесінің тұтастығы мен кӛркемдік шыншылдығы және нанымдылығы ерекшеленеді.
Басқаларда ол эпизодтық бейне болып кетеді. Мұндай кездерде Кенесары бейнесі
бірбеткей айбынды билеушінің жалпылық типі ретінде кӛрінеді (М.Сералин, І.Жансүгіров
поэмалары, Дубинскийдің повесі). Жиырмасыншы жылдарда сотқар және аянышты хан
бейнесі жеңеді, елуінші жылдарда билеуші бейнесі, алпысыншы жылдарда осы екі
бастаманың қорытындысы кӛрсетіледі. Осыған байланысты әдеби Кенесарыда әртүрлі
қарама-қарсы, кейде тұлғаның бірін-бірі жоққа шығаратын жанашырлық пен ӛзімшілдік,
мейірімділік пен қатыгездік, кӛсем данышпандығы мен саясатшы болжамсыздығы, ерлік
пен жүрексіздік сияқты қырлары танылады.
І.Жансүгіров Кенесары тақырыбында «Күйші» дастанын жазғандығын айттық. Бұл
дастанға Кенесарының Жетісу ӛлкесіне ауған кезіндегі оқиға ӛзек болған. Дастанның бір
жерінде Кененің екі-ақ жолмен берілген :
Жанжалды үй арасы ұшасынып,
Арыстан отыр тӛрде тісі ақсиып, - деген портреті бар.
Үй арасы дегені қазақ арасы, ал дастандағы Кенесарының арман-мұраты одан
әлдеқайда
биікті
қамтып
жатқандығы
дастанда
тамаша
бейнеленген.
І.Жансүгіровтен кейін Қ.Бекхожин «Батыр Науан» поэмасын жазды. Бірақ,
Кенесарыға қарсы науқан қайта басталған кезеңге тап келіп, Бопай қыз ерлігін жырлаған
М.Хакімжанованың «Мәншүк» поэмасымен бірге саяси сынға ұшырап, бұл туындыларды
басуға да, таратуға да тыйым салынды.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс қазақ жерінде үш жүздің
халқын түгелге жуық қамтыған және ұзақ уақыт бойы жүргізілген кӛтеріліс еді.
Сондықтан бұл тарихи оқиға туралы да, Кенесары хандай тарихи тұлға туралы да әдеби
туындыларды зерттеп, зерделеу әлі де талай ғылыми ізденісті қажет етеді.
Әдебиеттер тізімі
1.
Мұқанов С. Кенесары, Наурызбай туралы // Жұлдыз, 1991, №6, Б. 148-163.
2.
Нұрғали Р. Драма ӛнері. –А., 2001, 480 б.
Хан Кене. Тарихи толғамдар мен пьеса, дастандар. –А., 1993, 448 б
Достарыңызбен бөлісу: |