Ф.Оңғарсынованың "Сиыну" атты өлеңінде зынданда отырған қарақшы "далада кендік болғанмен, қорқау көңілдер тар мұнда" деп, қоғамдағы жасандылық пен жағымпаздыққа, әлеуметтік әділетсіздікке күйінеді. Сөз жоқ, бұл жерде автор дәстүрлі "қорқау касқыр" деген тіркесті қорқау көңіл деп жаңалап, мұның көмегімен пейілі тар, парасаты кем жандарды алмастыра айтып отыр. Оған кешегі күні жортуылменен далада дабыл кақтырып жүрген қарақшының монологындағы: "Итшілеп өмір сүргенше, көкжал боп өлгенім мың артық!", — деген сөздер қарама-қарсы қойылады да, өлеңнің негізгі идеясы мағыналык шендестірулер ("қорқау — көкжал", "ит — көкжал" жұптары) арқылы ашылады.
Бертінгі буындағы азаматтық дауыстары айқын, талантты ақындардың шығармашылықтарында көк бөрі кейпі байырғыша төбе танытады.
Бертінгі буындағы азаматтық дауыстары айқын, талантты ақындардың шығармашылықтарында көк бөрі кейпі байырғыша төбе танытады.
Сонымен, бірнеше ғасырлар бойғы қилы-қилы тар жол, тайғақ кешулерге қарамастан, қазақ халқының сана-сезімінде көк бөрі туралы ежелгі таным-түсініктердің сол күйінше сақталып, ұрпақтан ұрпаққа ұласуында өлең өнерінің атқарған қызметі айырықша деп ойлаймыз. Өз кезегінде бұл бағзы бейненің поэзиялық туындылардың көркемдік жүйесіне кірігуі, белгілі бір функционалдық мақсатта өзгеріп-өнделуі, жаңарып-жетілуі де мәнді мәселе саналады.
Жаңа заман әдебиетідегі «көк бөрі» бейнесі Жаңа ғасыр әдебиетіде халық санасына көк бейнесін жақсы жағынан көрсетеді.Осындай тектілігімізді келешекке жеткізу үшінде жиырма бірінші ғасыр жазушылары да өз үлестерін қосып жүр.
Қазіргі қазақ ақындарынан ізін сонау көне тарихтың сара жолына жақын тұрған – Тыныштықбек Әбдікәкімов. Оған өлең құрылымы мен поэтикалық жүйе, өзіне ғана ұқсас ойлау жүйесі куәгер.