Қазақ әдебиетіндегі «Көк бөрі» бейнесі - «Мәңгілік ел» идеясының символы
Жобаның тақырыбы
М.В.Ломоносов атындағы орта мектеп – лицейінің
10 «Б» сынып оқушысы Нұрақыман Елиза.
Жоба жұмысының мақсат-міндеттері Тақырыптың өзектілігі Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі Тәжірибенің әдістемесі Әдебиетте ерте заманына бері келе жатқан көк бөрі бейнесін бізді болашақта мәңгілік елге жетелейтін символ ретінде қарастыру. Көк бөрі сөзіне тілдік тұрғыда жан-жақты талдау жасау, әдеби шығармаларда әр сипатта суреттелген бұл ұғымды көк байрағымыз желбіреген тәуелсіз еліміздің басты нысаны ретінде қарастыру жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Қазақ әдебиетіндегі көк бөрі бейнесін Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясымен ұштастыра зерттеу.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі.
Ғылыми жұмыстың мақсаты.
Қазақ әдебиетіндегі көк бөрі бейнесінің мифологиялық, тарихи деректерге сүйене отырып, функционалдық қызметі мен даму эволюциясын ашу негізгі мақсат болып табылады. Осы мақсатқа сай төмендегідей міндеттер қойылады:
Халықтың рухани мәдениетіндегі көк бөрі символикасының орнын белгілеу;
Қазақ фольклорындағы көк бөрі бейнесінің негізгі функцияларын анықтау;
Жұмыс өзегінде айтылған пікірлер сарапталынып, қорытыланды.
Нәтижелерді практикада қолдау салалары: жұмыс нәтижелерін ақын-жазушының жеке шығармашылығын таныстырған тұста, сондай-ақ ауыз әдебиеті кезеңін өткен тұста практикалық мақсатта қолдануға болады.
ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАҢАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕРБЕСТІК ДӘРЕЖЕСІ:
Көк бөрі бейнесі – қазақ халқының діни наным-сенімін, дүниетанымын, рухани деңгейін аңғартатын танымдық тұлға.
Әлем халықтарының фольклорлық мұраларында көк бөрі бейнесі басты бес қырымен ашылады. (Тотем, рух, хтоникалық хайуан, магиялық күш иесі, көркем бейне). Мұның өзі бұл бейненің жан-жақты сомдалған, қомақты дүние екенін аңғартады.
Жоспары: Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қазақ әдебиетінде «Көк бөрі» ұғымының пайда болуы;
2.Ежелгі дәуір әдебиетіндегі «Көк бөрі» бейнесі;
3.Жыраулар поэзиясындағы «Көк бөрі» бейнесі;
4. XX ғасыр әдебиетіндегі «Көк бөрі» бейнесі.
5. Жаңа заман әдебиетіндегі ақын-жазушылардың шығамаларындағы «көкбөрі» ұғымы
Қорытынды
Олардың ата тегін білу, арнайы зерттеу Орталық Азия халықтарына бағзы заманнан бері тән құбылыс. Ерекше бір қайран қаларлығы, қандай да бір аңды олар өздерінің арғы тегі деп санайды. Мысалы тибеттіктер өздерін еркек маймыл және ұрғашы ракшасадан (орман перісі), моңғолдар – көк бөрі және маралдан, телестіктер де қасқырдан және ғұн патшасының қызынан, ал түріктер – ғұн бекзадасы мен қаншық қасқырдан тарағанбыз дейді. Соңғы екі аңыз өте ертеде, бұл халықтардың ұлы Гоби шөлінің оңтүстік шегінде өмір сүрген кезеңдерінде шыққан болса керек. Л. Гумилев Азия халықтары өздерінің арғы тегін аңмен байланыстырады